Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет91/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
«Мен әлем үшін» 
Мақсаты: 
Әлемдегі, қоғамдағы рөлін анықтау, өзіндік шең-
берден шығып, зейінді өзгелерге аудару. 
Барысы: 
Әлеуметтік қарым-қатынас (хат жіберу, сахнаға шығу, көрі-
ніс, скайп арқылы сөйлесу және т.б.) кезінде орындау керек тап-
сырмаларды қағаз бетіне түсіріңіз: 
– 
тапсырмалар туралы ойлардан туындайтын үрейді 0-ден 
10-ға дейінгі шкала бойынша бағалаңыз (мұнда 1 – жеңіл үрей; 
10 – қауіпті, ауыр қорқыныш); 
– 
сіз әлеуметтік қатынасқа түскенде немесе әлеуметтік тап-
сырманы орындағанда әлемде болатын жағымды өзгерістерді 
жазыңыз; 
– 
сіздің әрекетіңізден кейін соңғы 10 жылда болатын жа-
ғымды өзгерістерті қағаз бетіне түсіріңіз; 
– 
сезімдеріңізді көрсетілген шкала бойынша белгілеңіз. 
 
«Фильм» 
Мақсаты:
Әлемдегі, қоғамдағы рөлін анықтау, өзіндік шең-
берден шығып, зейінді өзгелерге аудару. 


167 
Барысы: 
– 
әлеуметтік қарым-қатынас (хат жіберу, сахнаға шығу
көрініс, скайп арқылы сөйлесу және т.б.) кезінде орындау керек 
тапсырмаларды қағаз бетіне түсіріңіз; 
– 
тапсырмалар туралы ойлардан туындайтын үрейді 0-10 
дейінгі шкала бойынша бағалаңыз (мұнда 1 – жеңіл үрей; 10 – қау-
іпті, ауыр қорқыныш); 
– 
әлеуметтік қарым-қатынастар кезінде кімнің өміріне жә-
не қандай жағымды өзгерістер алып келесіз? 
– 
әлеуметтік қарым-қатынас және оның бір күнде, апта, ай, 
жылда өрбу оқиғасын фильмнің эпизоды ретінде елестетіңіз; 
– 
сезімдеріңізді көрсетілген шкала бойынша белгілеңіз. 
«Қарама-қайшылық интенциясы» техникасы 
Қарама-қайшылық интенциясы бірдей уақытта екі түрлі се-
зімнің пайда болуы (оқиғаның болғанын қалау және қаламау).
Бұл техника қарама-қайшы оқиғалармен байланысты, мы-
салы, бір уақытта телефонның қоңырау шалғанын қалау және 
оның мүлде шырылдамауын қалау мүмкін емес.
Интенция ерік пен зейіннің бағытын білдіреді. Бұл әдістің 
мәні үрейді қарама-қарсы көңіл-күймен қарсы алу. Ал үрейге 
қарсы сезім көтеріңкі көңіл-күй, әзіл.
Мысалы, емтихан уақытындағы үрей кезінде, «Ох, бұл се-
зімді де сағындым-ау, көптен келген уақытта келді», «Емтихан 
алдында аяқ-қолымның дірілдемегеніне көп уақыт болған еді», 
«ОО! Бүгін менің бетім қызара бастады ғой!» деген сияқты әзілді 
сөздермен қарсы алу.
Қарама-қайшылық интенциясы жағымсыздықты күту қор-
қынышын бейтараптандырады. Қорқыныш белгілері жойылып
орнына өз-өзіне сенімділік күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет