78
АДАМ ӘЛЕМІ
№4 (90) 2021, желтоқсан
Уралбаева Ш., Рақымжанова С., Маликова А.
the language are determined. The philosophical meaning of the language is discussed.
Key words: Philosophy, Philosophy of
Language, Worldview, Nation, Language, Culture,
Person, World, Values, National Consciousness, Being.
Кіріспе
Тіл – адам баласының барша тіршілік
болмысымен ұштасып жатқан құндылығы,
ұлттың рухани тағлымы, ұлт болмысының
түп қазығы. Кез келген ұлтты тану
үшін, сол
ұлттың бойына сіңген ұлттық
құндылықтарды тани білуіміз қажет. Ұлт
үшін маңызды ұлттық құндылықтардың бірі
– тіл. Ол ұлттық дүниежүзілік өркениеттер
арасындағы өзіндік ерекшелігін, шынайы
болмысын, келбетін көрсетеді. Тіл адам-
зат өмірінде,
қоғамдық қатынастарда
айрықша қызмет атқармақ. Ұлы ойшыл
Әл-Фараби өз дүниетанымында «Адам
көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне
керегін қоғамдық ортадан ғана таба ала-
ды. Осыдан келіп олардың әлеуметтік мәні
қалыптасады» - деген екен [1]. Адамның
қоғамдық ортада әлеуметтік мәнінің
қалыптасуында тілдің ролі айрықша. Осы
ретте: «Қоғамның рухани,
моральдық
азғындауына тосқауылды сырттан емес,
әрбір адам өз бойына ұлттық нышан-
дарды сіңіру арқылы қарсы тұруы керек»
[2], – деген Лао-Цзы ойының маңызы өте
зор.
Кез келген ұлт, ұлттың қамалы бо-
лып тұрған құндылықтарды сақтап қалуы
адамзат өмірі үшін ең негізгі мәселе.
Қазақ мемлекеті Мәңгілік Елге айналудың
алғашқы қадамы ретінде ұлттық құндылық
ретінде тілді дәріптеу қажет.
Ұлттың ұлт
болып ұйысу үшін, тілдің философиялық
мәнін ашатын зерттеулер қазіргі қоғам
үшін маңызды құбылыс болып табылмақ.
Бұл мақаланың мақсаты «тіл» ұғымы-
ның философиялық моделін құру.
Тілді
философиялық зерттеу тілдің
мәнін, мазмұнын ашуға негіз болмақ.
Тіл мәселесіне ғұламалар қандай пікір
білдірді деген сұрақтарға, бұл мақалада
жауап табуға талпыныстар жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: