Әдіснама
Жұмыстың әдіснамалық негізі ретінде
герменевтикалық,
антропологиялық,
теориялық зерттеу әдістері қолданылады.
Зерттеу барысында сипаттау, баяндау,
бақылау, жіктеу, салыстыру, индук-
ция, дедукция әдістері қолданылды.
Тіл мәселесін зерттеу ең алдымен эк-
зистенцианалды тұрғыдан қаралғанын
және қаралатынын айта кеткен жөн.
Тіл мәселесіне талдау жасалынып,
сыни ойлау әдістері де жүзеге асады.
Философиялық зерттеу әдістері арқылы
объективті зерттеу жүргізілді. Зерттеу
жұмысында салыстырмалы мәтіндік тал-
дау, құрлымдық талдау, жүйелеу әдістері
қолданылды.
Негізгі бөлім
Кез келген ұлт үшін тілдің филосо-
фиялық мәні, адамзат өмірінде орыны
айрықша. Тіл қоғамда адамның рухани
жетілуіне, кемелденуіне қызмет ететін
рухани құндылықтардың бірі. Әрбір
ұлттың рухани байлығы тілмен астасып
жатыр. Қоғамдық өмірде саналы адам
тәндік қажеттіліктен әлдеқайда кең,
әлдеқайда терең әлемде өмір сүруді
аңсайды. Ол ‒ рухани әлем. Адамның
өмір сүруінде екі әлем бар: биологиялық
және рухани әлем. Биологиялық әлем
адамның тәндік қажеттіліктерін ғана
қанағаттандырса, рухани әлем ‒ адам-
ды мәңгіліктің аясында өмір сүруге
шақыратын әлем. Биологиялық жағдай
‒ ұрпақ жалғастыру, із-түссіз жоғалып
кетпеудің кепілі. Өмір адам үшін белгілі
бір мәнділікке ие болған кезде ғана
өмір болып табылады. Адам күнделікті
мұқтаждықпен ғана күн кеше алмай-
ды, ол үнемі толғанады. Адам табиғаты
шексіз, жан-жақты. Ол биологиялық да-
муды ғана емес, қоғамдық, рухани даму-
ды да қажет етеді. Сондай адамның ру-
хани дамуынан туған құрдылықтардың
бірі ‒ тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі. Ал,
мәңгіліктің аясы ‒ рухани дүние. Рухани
өмірде адам барлық адамдармен теңесе
алады, биік құндылықтарға қол соза-
79
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
Тілдің философиялық мәні
ды. Рухани байлық әр кезде әр халықты
ұлт ретінде сақтап қалатын және оны
өзгелермен қатар өмір сүру құқығын
дәлелдейтін императив [3]. Сондықтан,
қазақ
халқының
дүниетанымында
«тіл - ұлт айнасы» деген сөз бекер
айтылмаған. Тілді сүю дегеніміз, ұлтты
сүю және оны бағалау.Кез келген
халықтың өмір салты, әдет -ғұрпы мен
мәдениеті оның тілінен көрінеді. Қазіргі
қазақ халқы және еліміздің болашағы
үшін, тіл басымдылық танытатын
құндылықтардың бірі болып табылмақ.
Философия тарихында құндылықтардың
қалыптасуы мәселесі ерте заманан
бері ғұламалардың назарында бо-
лып келді. Философия тарихындағы
көрнекті ойшылдар әрбір ұлт үшін
тілден биік құндылықтың жоқ екендігін,
тілдің жоғалуы ұлттың жоғалуымен
бірдей құбылыс ретінде саралайды.
Тілдің қалыптасу негізін адамның пай-
да болу процесімен байланысты. Тілдің
қалыптасып пайда болу процессін
ғылымда глоттогенез деп атаған. Жер
бетінде мыңдаған жеке тілдер бар.
Олардың өзара айырмашылықтарымен
өзара ұқсастығыда бар. Құран Кәрімде
Алла әр халықты бөлек жаратты
делінеді. 5-Мәида сүресінің 48 аятын-
да: «Сендердің әр біреулерің үшін бір
жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа,
барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді», –
деп анық айтылған [4]. Тіл ұлттың өзіндік
дара ерекше белгісі болып табылмақ.
Қандайда бір ұлтқа тән тіл, сол ұлттың
игілігіне қызмет ететін қоғамдық
құбылыс. Ол адамның ой-санасының
дамуының, жеткізуінің, қарым-қатынас
жасауының басты құралы.
Жер бетіндегі әр ұлттың географиялық
өмір сүру аймағы, өзіне тән тұрмыс
дағдысы, дүниені тануы, тілі, діни
көзқарасы, мәдениеті және соған сәйкес
салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйым-
дары бар болуы заңды құбылыс. Он-
сыз ешқандай өркендеу, өсіп-өну, даму,
тіршілік нышанын көзге елестету қиын.
Дамудың ең төменгі сатысында тіршілік
кешетін халықтардың да өз тілі, мәдениеті,
діні, дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ритуалдары
бар. Оған тыйым салуға ешкімнің құқы
жоқ. Әрбір жеке дара халық елдік тілін,
дәстүрін, мәдениетін, дінін айнытпай
сақтап, ұрпақтан ұрпаққа көшіре беру-
ге аса мүдделі. Өркениеттің ең жоғарғы
сатысына өткен озық, көшбасшы елдер-
дің ұлттық тілге, мәдениетке, дінге,
дәстүрге айрықша мән беретіні, ерекше
ұстанатындығы сондықтан. Бұл оларға
артықшылық сипат беріп, рухтандырып,
өзге халықтардың көзінде мәртебесін
асырып тұрады. Төл құндылықтарын
берік ұстанған ұлттар жер бетінен
ешқашан азып-тозып, бүліншілікке
ұшырап, жоғалып кетпейді. Сыртқы жау
келсе алдырмайды, ішкі кеселге бой
бермейді. Сөйтіп, жарық дүние тұрғанша
тұрады. Себебі төл құндылықтардың
болымыстық негізінде жасампаз ұлттық
рух жатыр [3].
Философияда тілдің қалыптасуын
қоғамдық құбылыстармен байланысты-
ра отырып, белгілі бір қажеттіліктен
туындаған құбылыс ретінде таниды.
Сондықтан тіл мәселесі философиядағы
«Адам-Әлем»
қатынасының
ажы-
рамас бөлігі болып табылады. Тіл
философиялық теорияның бір саласы
ретінде танылмақ және бұл мәселені
теориялық сараптаудан өткізе отырып,
тілді адамның ойлау болымысымен
байланысты құбылыс ретінде мәнін
ашу, қазіргі таңда философияның өзекті
мәселелерінің бірі болып табылмақ.
Философия тарихында XIX ғасыр
аяғымен XX ғасыр басында «тіл фило-
софиясы» деп аталатын философиялық
бағыт қалыптасты. Тіл философиясы
– тілдің танымдық құрылымын аша-
тын философияның зерттеу саласы
Бұл философиялық бағытта, ең алды-
мен, тіл құрылымдарының ойды қалай
өзгертетіндігі, тілден бөлінбейтін ой
қалайша тіл заңдылықтары бойынша
өмір сүре бастайтындығын анықтаған.
Бұл ілімнің қалыптасуын белгілі ойшыл
Вильгельм Гумбольд есімімен байла-
ныстырады. Ойшыл өз еңбегінде «Тіл
ұлттың рухан құндылығы, тіл арқылы
адамда ойлау мәдениеті қалыптасып,
дүниені меңгереді» деп саралайды»
80
АДАМ ӘЛЕМІ
№4 (90) 2021, желтоқсан
[5]. Тілдің ішкі формаларының негізін
анықтап, оған философиялық талда-
улар жасай отырып, адам болмысын
дамытудағы ролінің айрықша екендігін
қарастырады.
«Тіл философиясы» термині П.И
Житецкий,
К.Вослер,
М.М.Бахтин,
В.Н.Волошинов, А.Марти, О.Функе секілді
ойшылдардың ілімдерінде айрықша
қарастырылды. Сонымен қатар, ХХ
ғасырда Англияда «лингвистикалық фи-
лософия» деп аталатын ілім пайда болды.
Бұл ілімді аналитикалық философия деп
атады. Лингвистикалық философияның
қалыптасуын Людвиг Витгенштейн, Гот-
лоб Фреге мен Бертран Расселдің ілімімен
тығыз байланыстырады. Адам өзіндік
ойын бірінші тілде объективтендіреді, тіл
адамда қарым-қатынас құралы ретінде
қызмет атқаратындығын анықтаған. Тіл-
ақпаратты сақтау және жеткізу құралы
ретінде таныған. Бұл философиялық
бағыт
тілдің
табиғатын
зерттеу
негізінен құрылған. Тілді жеке құбылыс
ретінде
қарастырмайды,
керісінше
философияның негізгі салалары фено-
менология, герменевтика, экзистенци-
ализм категорияларының ажырамас
бөлігі ретінде қарастырады. Людвиг Вин-
генштейн:« Кез келген сөздің логикалық
мазмұны бар, оны түсіну үшін дұрыс ой
қорыта білу қажет» деп жазады [6]. Бер-
тан Рассел «Адамның күнделікті өмірінде
қолданылатын тілді, логикалық тілмен
жақындастыруға болады» [7]. Ойшыл
өз дүниетанымында тілдің табиғатын,
шығу тегін, оның адамзат өміріндегі
қызметін зеріттейді. Тілдің шығуына өте
көне замандағы адамдардың жануар-
лар дүниесінен бөлініп шығуымен бай-
ланыстыра отырып, алғашқыда адам-
дар қалай сөйлеп үйренгенін айқындау
үшін, тек лингвистикалық зерттеулердің
жеткіліксіз екендігін, антропогенез және
сопогелез сияқты мәселелермен бай-
ланысын аша отырып анықтау қажет
екендігін көрсетеді. Қандайда тілдің
құрылымы адамның ойлау мәдениетімен
байланысатындығын қарастырады.
Аристотель өз еңбегінде: «Тіл зат-
тарды бейнелеудің бейнесі дейді» [8,
325 б.]. Тілдің болмыстық сипатына
баса назар аударады. Ойлау мен тілдің
қатынасын зерттеген. Тіл таңбалық жүйе
нәтижесінде дыбысталатын, адамдардың
өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек
адамзатқа ғана тән қоғамдық-әлеуметтік
процесс ретінде зерделеген. Адам-
зат өмірінде заңды түрде қалыптасқан
семантикалық жүйе ретінде таниды. Оның
негізгі қызметі ретінде ақпаратты сақтау,
жеткізу және адамның ойлау процессін
жетілдіретін құбылыс ретінде саралайды.
Оның қоғамдық өмірде коммуникативтік
қызметінде айрықша екендігін баяндай-
ды. Аристотельдің тілге қатысты ойла-
ры «Категориялар» еңбегінде айрықша
орын алған. Тіл адам болмысына ғана тән
универсум ретінде таниды.
И. Кант: «Ағартушылық дегеніміз
не?» [9] деп жазады. Ағартушылықты
адам танымының субьектісі ретінде
қарастырады.
Субьект
адамзат
өміріндегі игілік - тіл, мәдениет, ғылым,
білім, техникаға арқа сүйейді. Ойшыл өз
дүниетанымында «таным дегеніміз не?»,
«таным қалай жүзеге асады?» деген
сұрақтарға шешім іздеген. Танымдық
процестердің адамның тіл, ойлау, зерде,
пайым, санамен байланыстырады. Адам
кез келген затты тани бермейді, өзіне
қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана
таниды. Сол дүниені тануда тілдің ролі
айрықша екендігін зерттеді. Кант фило-
софияда алғаш рет практика жөнінде
мәселе қойып, практиканы адамның іс–
әрекетімен, ойлау мәдениетімен, тілімен
байланыстырып, танымның негізі прак-
тика болып табылатынын болжап білді.
Кант өз дүниетанымында тіл ойлаудың
қаруы, инструменті ретінде сипаттайды.
Ол философиядағы таным мәселесімен
біте қайнасқанын өз еңбектерінде баян-
дады. Ойшыл тілдің адамның рухани
өмірімен байланысын айқындайды.
Ж.Ж.Руссо өз еңбектерінде тілдің
логикалық теориясын зерттеді. Ойшыл
әлеуметтік келісім теориясында адам
өмірін екі кезеңге бөлумен байланы-
стырды - табиғи және өркениетті. Бірінші
кезеңде адам табиғаттың бөлігі болды
және тіл сезімдерден, эмоциялардан,
Уралбаева Ш., Рақымжанова С., Маликова А.
81
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
құмарлықтармен байланыстырды. Тілдің
шығу тегі ең алдымен эмоционалды-
эстетикалық тәжірибеден және дауыс
көрінісінен тұратындығын анықтады.
Адамдар бір -біріне жақындаған сайын,
бір-бірін түсінуде, белгілі бір байланыс
белгілерін іздей бастады. Тілдің адамзат
өмірінде қалыптасуы адамның психика-
сы, парасаты, ойлау мәдениетімен бай-
ланысты. Сондықтан тілдің қалыптасуы
адам психикасы мен ойлауының бірлігіні
арасындағы қимыл әрекеттермен тығыз
байланысты екендігін анықтады. Көбінде
өз зерттеулерінде ойшыл тілдің адамзат
өмірінде қалыптасуын сыртқы ортамен
байланыс орнату негізімен байланы-
стырды, өмрілік қажеттіліктен туындаған
шындық ретінде таныды. Ж.Ж.Руссо
тілді
қоғамдық-тарихи
прогерстің
нәтижесінде пайда болған құбылыс
ретінде танды. Тілдің пайда болуын, да-
муын қоғам түсінігімен орайластырады.
Дж.Милль «Логика ойлау өнерінің
негізі болып табылса, тіл ойды
бейнелеудің басты құралы» [10] деп
қарастырды. Адамның ойлау жүйесінің
тілмен тікелей байланысы барлығын
анықтады. Тіл адам санасының туынды-
сы, адамзат өмірінің өзегі ретінде сара-
лайды. Тіл мен ойлаудың өз ара байла-
нысы анықтау жалпы тіл білімінің ғана
емес, сонымен бірге философия мен
логиканың ең күрделі мәселелерінің
бірі болып саналады. Тіл де, ойлау
да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі
құбылыстың әлеуметтік, әрі биологиялық
жақтарымен сипатталады. Біріншіден,
тілде, ойлау да – адам миының туын-
дысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де,
ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені
адамның өзі қоғамдық құбылыс болып
саналады. Сондықтан тілде де, ойлауда
да әлеуметтік және биологиялық жақтар
ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады.
Ой мен тілдің байланысы арқылы зат-
тар мен құбылыстар және адамдар бір-
бірімен қатынасқа түседі.
М. Хайдеггердің «Тіл болмыстың үйі»
сөзі философияда кеңінен тараған. Дүние
бар болу, сондықтан дүниеде әр нәрсенің
болмысы болуға тиіс. Хайдегердің
дүниетанымындағы бар болу болмы-
сы, ол жәй ғана бар болып қана қоймай,
кез келеген заттың белгілі бір мәнділікте
өмір сүруімен байланыстырады. Адам
бұл мәнділікке жетуде қамсыздықттан
бас тартып, қамдануға әрекет ете білу
қажет деп анықтады. Хайдеггер адамның
өмірі болмыс құпиясының түсінуде тілдің
орыны айрықша екендігін ұғындырады.
Адамның ойы сөз арқылы анықталады, тіл
ақиқатты танудың негізгі көзі деп біледі.
Ойшыл философтар тіл жәй ғана құрал
емес, тіл онтологиялық статусқа ие, демек,
ол өзі жатқан бір болмыс, тіл мен болмыс
тығыз байланыста деп анықтаған. Себебі,
болмысты тіл арқылы ғана тани аламыз,
сондықтан тілді болмыстың үйі дейді.
«Ізгі қала тұрғындарының көзқарас-
тары туралы» кітабында Әбу Насыр
әл-Фараби мынандай ой айтады: «Тілді
және ұғынуды меңгерген тірі жаратылыстан
кемел ешқандай жаратылыс жоқ» [11].
Тірі тіршілік иелерінің ішінде тілдің тек
адам болмысына ғана тән құндылық,
ол басқа тіршілі иелеріне жат екендігін,
адам болмысы басқа тірі жандыларға
қарағанда жоғары өмір сүретіндігін
осы сөзден ағаруға болады. Адамның
ақылды жаратылыс иесі ретінде басты
айырмашылықтарының бірі оның тілі
екендігін ұғындырады. Тілді адамға тән
құбылыс ретінде мойындайды.
М. Қашқари «Түрік сөздігінде»
негізінен түркі тілдеріне тән сөздерді
қамтыған. Ойшыл түркі тілін әлемдік
деңгейге көтеріп, паш етуге жол аша-
ды. XI ғасырда түркі тілінде ренессанс
дәуірі болды.Түркі тіліне айрықша
роль атқарған М.Қашқаридың сөздігі
екендігіне дауа жоқ. Тіл рухани құбылыс,
ұлттың ең басты тірегі ретінде санай-
ды. Тіл мәдениеттің өмір сүру форма-
сы, мүмкіндігі ретінде қарастырады.
М.Қашқари
өз
дүниетанымында:
«Тілмен түйген, тіспен жазылмас» деп
тілге айрықша мән берген [12]. Бұл
сөзде тілде өмір сүретін ұғымдарды
жинақтап, ұрпаққа жеткізудің маңызы
айрықша екендігін айтады. Ойшыл өз
шығармаларында таза тіл, тура тіл, түзу
тіл туралыда ойлар қозғайды.
Тілдің философиялық мәні
82
АДАМ ӘЛЕМІ
№4 (90) 2021, желтоқсан
М. Қашқари «Түркі тілінің сөздігін»
негізгі сегіз бөлімге бөледі.
1. Хмза (араб әліпбиінің әуелгі «I
әліп» әріпінің асты үстіне қойылып, түрлі
дыбыстарды білдіретін белгілер. Соған
орай сөз басында «а» «у» «и» әріптері
келген сөздер дегенді білдіреді) кітабы.
2. Сәлім (араб тілінде «а» «у» «и»
әріптерінің бірі болмаған және әріп
қайталанбаған ) кітабы.
3. Мұзоаф (бір әріп екі рет қайталанған
сөздер) кітабы.
4. Мисал («а» «у» «и» әріптерінің
бірімен басталатын сөздер) кітабы.
5. Үш әріпті сөздер кітабы (бұлар араб
әлипбиінің ретімен айтылып отыр).
6. Төрт әрәпті сөздер кітабы.
7. Ғұнналылар (мұрын дыбысты
сөздер) кітабы.
8. Сүкүндік (тұйық буын соңындағы
қысқа дыбыс), екі үндес қатар келген
сөздер. [13]
Ойшыл сөздікті жасау барысында
сөздің ықшамды, ұғынықты шарттарын
қарастырған. Түрік тілінің сөздеріңің
құрлымына тән ерекшеліктері оның жа-
салу жолдары М.Қащқаридің еңбегінде
толық баяндалады. Түрік тілінің сөздігін
жасауда және оны сегіз бөлімге
бөліп қарастыруда, ойшыл тіл ұлтты
біріктірудің басты құралы деп санаған.
Тілді ұлттың бай рухани қазынасы
ретінде саралаған.
Қазақ дүниетанымында Ш. Құдайбер-
діұлы шығармаларында «Сөзіңді түзе-
әдетіңе
айналады,
әдетің-мінезіңе
айналады. Мінезің-сенің тағдырың» -
деген сөзде үлкен мағына бар. Тілді тек
қоғамдық ортада қарым-қатынастық
қызмет
ғана
атқарып
қоймай,
адамның рухани, мәдени, моральдық,
интеллектуалдық
дамуына
ықпал
ететіндігін зерделейді. Сонымен қатар
тіл қоғамдық ортада тұлғаның қалыптасу
құралы екендігін көрсетеді.
Философия тарихындағы тіл мәсе-
лесін анықтауда ойшылдар іліміне ой
жүгірту арқылы сараптамалар жаса-
лынды. Ойшылдар өз дүниетанымында
әлемнің тірегі адам болса, сол адамды
жетілдіретін рухани құндылық тіл ретінде
жоғары бағалады. Тіл кез келген ұлт
үшін ұлтты танудың басты құралы болып
табылмақ. Осы жерде, Маркес Габриэль
Гарсианың «Жүз жылдық жалғыздық»
романындағы ұлттық құндылығы тілді аяқ
асты ету салдарынан, өзінің шыққан тегін
ұмытқан, халқының дәстүрін, мәдениетін
білмейтін кейіпкердің образы есімізге
түседі. Ойшыл, ұлттық тілден безіну,
шыққан тегіне деген құрметтің жоқтығы
Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті
жоғалту адамды адамдық тегінен айыруға
алып келетіндігін айтады.
Ұлтты жойғың келсе, оның тіліне балта
шап ‒ дейді. Яғни, тілінен айырылған ұлт
мәңгүртке айналмақ. Тіл бұзылса ұлттың
болмысы бұзылады. Тілден айырылған
ұлт, ұлттық қасиетінен айырылып, өз
өмірлерінде өзгеге елге тәуелді бола-
ды. Ұлттың замана қиындығына төтеп
беріп, басқа ұлттың боданында кетіп
қалмау үшін, халықтың бірлігін, ұлттың
тұтастығын сақтап қалуда тілдің ролі
айрықша. Тілінен айырылмаған ел-
дер замана қиындығына төтеп беріп,
халықтық қасиетін сақтап қалмақ.
Кез келген ұлттың болашағы жарқын
болмақ. Тіл ұлтты ұстап біріктіретін
құбылыс. Ал, тілді қадірлемесек,
ұлтсыздыққа тап болмақпыз. Адам-
зат тағдыры үшін ұлтсыздану қатерлі
дерт. Ұлтсызданудың басты себебі ‒
ұлттың өз-өзін қор тұту, өзін-өзі кемсіту,
өзінде барын қадірлемеуден туындай-
ды. Өткен тарихымызға ой жүгіртсек,
ұлтсыздану
нәтижесінде
көптеген
елдер өздерін шыққан тегімен қоса
жоғалып кетті. Ұлтсыздану ұлттық
мүдденi мүлде ұмыттырады. Сондықтан
қазіргі жаһандану заманымызда ұлттық
бірегейлігімізді сақтай білуіміз қажет.
Себебі бірегейлік негізі: тіл, мәдениет,
дәстүр, діл т.б. ұлтты құраушы эле-
менттерден тұрмақ. Демек, ұлт өзінің
дәстүрлі мәдениетін, ұлттық символ-
дарын, әсіресе тіл, дін, діл бірегейлігін
сақтауға құлшыныс танытуы қажет.
Бүгінгі таңда Қазақ елі өркениетті
елдердің қатарына қосылуда тек
ғылыми-техникалық,
өндірістік,
экономикалық, салаларын ілгері да-
Уралбаева Ш., Рақымжанова С., Маликова А.
83
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
мытумен ғана емес, өз ұлтымызға тән,
ұлтты өзгешелендіретін тіл, дәстүр,
мәдениет, дін, діліміздің астарындағы
құндылықтардың мәнін ашып, зерделеп
басқа халықтарға паш еткізсе. Еліміз жаңа
даму, жаңару жолына түсті. Өткен ба-
балар өміріне көз жүгіртсек Қазақ халқы
әрқилы замандарды бастан кешірді.
Қазақ өз өмір сүру барысында мынандай
тарихи кезеңдерді өз басынан өткерді. 1.
Алтын заман ‒ Алтын Орда тұсындағы
қазақ пен ноғай бірлігі. Еуразиялық Ұлы
Дала ‒ көшпенді өркениеттің шарықтау
шегі. Бұл дәуірдің тарихи санасы
«Қырымның қырық батыры», «Ерқосай»,
т.б. эпостық жырларда көрініс табады. 2.
Қилы заман ‒ қазақ пен ноғайдың айы-
рылысып, ауыр кезеңде көшпенділікті
таңдап, қоныс аудару, дербес мем-
лекет құрып, оны сыртқы жаулардан
қорғау. Бұл кезеңнің тарихи санасын
ХV-XVII ғасырлар аралығындағы қазақ
жырауларының (Дайырқожа, Қазтуған,
Асан қайғы, Доспанбет, Шалкиіз, Жием-
бет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау)
авторлық поэзиясы арқылы сипаттауға
болады. 3. Зар заман ‒ еуразиялық
көшпенділіктің жаппай дағдарысы,
тәуелсіздіктен айырылып, Қазақтардың
Ресей ипериясының боданына айналуы.
Бұл кезең Шортанбай Қанайұлы, Ду-
лат Бабатайұлы және Мұрат Мөңкеұлы
сияқты «Зар заман» ақындарының
шығармалары арқылы пайымдала-
ды. 4. Жаңа заман ‒ ХХ ғасырдың ба-
сынан бастап бүкіл шығыс елдерін
қамтыған, реформаторлық қозғалыс
батыстық империализмге қарсы және өз
қоғамдарының мәдени-этностық және
саяси сара жолын анықтаудағы ұлттық
сана оянып, ұлтжандылық өз күшіне ен-
ген заман. Модернизм тарихи санада
Ағартушылықтан (Шоқан, Абай, Ыбырай)
бастап, ұлттық идея ретінде «Түркістан»,
«Алаш», «Қазақ» идеялары көтерілді.
5. Қазіргі заман ‒ тарихи сананың да-
муы, жаңаруы, индустриалдық және
постиндустриялдық
қоғамға
ену,
жаһандану заманы болып табылмақ
[14]. Қазіргі уақытта дүние жүзінде
аса күрделі процестер іске асуда.
Соның бірі жаһандану (глобализа-
ция, ғаламдастыру) процесі ‒ бұл
әлеуметтік, рухани, саяси экономикалық
процесті білдіретін термин. Жаһандану,
ғаламдану, әлемдік ауқымдану, гло-
бализация (ағылш. Global - әлемдік,
дүниежүзілік, жалпы) ‒ жаңа, жалпы
әлемдік саяси, экономикалық, мәдени
және ақпараттық тұтастық құрылуының
үрдісі [15]. Қазақ елі қандай заманды өз
басынан өткізсе де, ұлт үшін маңызды
құндылықтарды аяқ асты етпеген.
Француз философы Жак Деррида
«Жаһандануды бүгінгі әлемнің қайтаруға
келмейтін заңды процесс. Сондықтан да
оны, асқан байыптылықпен терең зерде-
лей отырып, оңды және теріс қырларын
ашып алған жөн. Оңды жағы, жаһандану
‒ әлем халықтарының мәдениетін, эко-
номикасын, саяси және ақпараттық
жүйелерін барынша жақындата, кіріктіре
түсетін қасиеті бар құбылыстар қатарына
жатады. Сөйтіп, жаһандану елімізге жер
бетіндегі интеграциялық үрдістердің
нәтижелерін,
әлемдік
дамудың
игіліктерін алып келсе, ал екінші жағынан,
ол ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық
мәдениетті барынша бедерсіздендіруге
итермелейді және саяси, әлеуметтік
тәуелсіздіктің қағидаттарына барынша
немқұрайдылықпен қарайды. Кейбір
әлсіздеу мәдениет пен өркениеттерді
жұтып қоюға дайын тұратын қасиетімен,
этностық келбетімізді жойып жіберуге
бейімдігімен қауіпті» [16]. Жаһандану
біздің қоғамымыз үшін қажет, бірақ
ұлтты ұлт етіп отырған құндылықтарды
жаһандық өзгерістердің жұтып алуына
жол бермеу қажет. Еліміздің жаңаруы,
кемелденуі бүгінгі заман талабы. Ал
еліміз жаңаруға аяқ басу арқылы,
ұлт өміріндегі ойлау жүйесінде не-
месе дүниені қабылдауда жаңа ой
қалыптасады. Бұл көбіне ғылымда «ин-
новация» терминімен байланысты.
«Инновация» ‒ латын сөзінен
шыққан, ол «жаңару», «жақсару» не-
месе «өзгеру» деген мағынаны білдірді.
«Innovatio»-«өзгеріс бағытында» де-
ген мағынада айтылған сөз [17].
Инновациялық ойлау, демек, жаңаша
Тілдің философиялық мәні
84
АДАМ ӘЛЕМІ
№4 (90) 2021, желтоқсан
ойлаудың бағытын білдіретін ұғым.
Оның үш өлшемі бар:жаңа ой, жаңа іс,
харекет және жаңа нәтиже. Жаңалықты
тану, сөйтіп, оны білім, ғылым, ең ба-
стысы технологияға айналдыру [18, б. 4].
Санамыз, ойымыз, ісімізден озып жүруін
және жаңғыруын қажет етеді. «Инно-
вация» терминін жаңа экономикалық
категория ретінде XX ғасырдың бірінші
онжылдығында
ғылымға
енгізген
австриялық ғалым Йозефер Алоиз Шум-
петер болатын. Инновация ұғымы тек
экономика саласында ғана емес, со-
нымен қатар қоғамның барлық сала-
ларында өзекті орын алды. Қоғамның
дамуындағы қандайда бір саланы алып
қарасақ, инновациялық туындылар
дүниеге келіп жатты [19]. Жаңашылдық
арқылы жаңа құндылықтарды қабылдай
аламыз. Ол адам өміріне өз ықпалын
тигізбек. Бірақ осындай инновациялық
өзгерістерде ескі (өткен шақ, «класси-
ка»), қазіргі (осы шақ, «модерн») және
жаңа (болашақ, «футур») арасындағы
тепе-теңдікті сақтау қажет.
Профессор Бақытжан Сатершинов
«Жаhан-данумен сипатталатын қазіргі
заманның өзінде батыстық бұқаралық
мәдениеттің жаппай экспансиясы сал-
дарынан тәуелсіз Қазақстанда мәдени
деградация мен трансформацияға
ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта
өркендету үшін мына міндеттерді
мемлекеттік деңгейде шешу қажет: ең
алдымен, ұлттық мәдениеттің негізін
құрайтын түбегейлі құндылықтарды,
яғни адамдарды рухани тұрғыда оя-
татын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта
жаңғырту, осы уақытқа дейін тый-
ым салынып келген халықтың тарихи
өткенін толығымен, жан-жақты зерттеу-
лер арқылы қалпына келтіру, ғасырлар
бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл
қазынасы мәдени-рухани мол мұрасын
игеру, тарихи сананы қалыптастыру,
осының барлығы-қоғамда өсіп келе
жатқан ұрпақты мәңгүрттік жағдайдан
арылту» [14] деген пікір айтады. Ойшыл
өз дүниетанымында Қазақ халқының тілі,
діні, дәстүрі, мәдениеті өткен ғасырларда
жүйессіздікке ұшырағанын айта оты-
рып. қазіргі таңда адамзат қоғамында
ұлт үшін маңызды құндылықтардың
ұлт дамуының негізгі көзіне айналды-
ру қажет екендігін қарастырған. Тілде
ұлттық мәдени сана, ұлттық ойлау,
ұлтқа тән руханилық бар, сондықтан
қандай дәуірде ғұмыр кешсекте, адам-
зат өз ұлтына тән тілін жоғалтпағаны
абзал. Өйткені, тіл әлеуметтік-мәдени
құбылыс ретінде адамзат өміріндегі
айрықша қызмет атқарады. Қоғамдық
ортада адамды қалыптастырудың ба-
сты құралы. Еліміз әлемдік өркениетке
«Қазақ елі» атты болмысымен ену үшін,
ғасырлар тұңғиығымен тамырласып
жатқан ұлттық құндылықтарымызды,
соның ішінде тілді бағалай білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |