қосындылары болады. Қосындылар – бұл жасушаның тіршілік барысында пайда болып және жойылып тұратын жасушаның тұрақсыз құрылысы. Оларға ақуыздың, көмірсудың және майдың денешіктері мен тамшылары жатады. Сонымен бірге кристаллдық қосындыларда кіреді (органикалық кристаллдар, жасушаларда ақуыздар, вирустар, қымыздық қышқылының тұздары, бейорганикалық кристаллдар, кальций тұздарының тастары). Органоидтарға қарағанда бұл қосындылардың мембраналары жоқ, кезеңді түрде синтезделіп, шығындалып отырады. Олар көбіне цитоплазмада, кейде ядрода да кездесіп тұрады. Олардың химиялық тегі әртүрлі. Қосындылар сипаты бойыншажасушалық метоболизм өнімдері. Олар гранула, тамшы, кристаллдар түрінде жиналады. Бірнеше түрлерін ажыратады: Трофикалық–олардың арасында майлар, көмірсулар маңызды рөл атқарады. Сирек жағдайларда ақуыздар қолданылады. Секреторлық- без жасушаларында жиналатын арнайы өнімдер.Экскреторлық – олар жасуша өміршеңдігінің соңғы өнімі. Пигментті (гемаглобин, меланин, ретинин, липофусцин және т.б.)
Липоидтер жасушаларда ұсақ тамшылар түрінде жиналады. Сүтқоректілерде май тамшылары арнайыландырылған май жасушаларында, дәнекер тіндерінде болады. Жиі жағдайда май қосындыларының едәуір мөлшерде жинақталуы патологиялық үрдістер нәтижесінде болады. Полисахарид қосындылары жиі,түрлі мөлшерде гранула түрінде болады. Жануарлар мен қарапайымдардың жасуша цитоплазмасында гликоген түрінде жиналады. Мысалы; жолақ көлденең бұлшық ет талшықтары, бауыр жасушалары мен нейрон жасушаларындабайқалады. Ақуыз қосындылары сирек кездеседі. Жұмыртқа жасушасы мен бауыр жасушасы белок гранулаларына бай. Пигмент қосындыларына мысал ретінде көптеген жасуша типтерінде кездесетін липофусцин пигменті, ол қартаю
барысында жиналады. Ретинин пигменті көз торының көру пурпурасының құрамындакездеседі. Қызыл түсті гемоглобин пигменті қанның эритроциттерінде кездеседі. Меланин пигменті жануар тіндерінің меланофораларында кездеседі
Достарыңызбен бөлісу: |