Ша ц и топлазма



бет5/8
Дата15.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#491766
1   2   3   4   5   6   7   8
№2 ақпарат блок ЖМ 1 курс

Центросома (жасуша орталығы) бұл микротүтікшелердің қалыптасу орталығы. Ол цитоплазманың түпкі бөлігінде, жасушаның геометриялық орталығында орналасқан, сирек ядроға жақын немесе Гольджи кешенінің беткейінде қалыптасады. Бұл өте ұсақ денешіктер. Центросома– жасушаның реттелу үрдісіндегі құрылымдық кілт,оның қызметінің бұзылуы жасуша циклінің бұзылыстарына, ұлпалардың даму бұзылыстарына, одан әртүрлі аурулардың дамуына әкеледі. Әдетте интерфазалық жасушада органоид бір біріне тік бұрыш бағытта орналасқан,екі центриольден тұрады. Олар цитоплазманың мөлдір зонасымен қоршалған,радиальды тараған жұқа фибриллдер (жіпшелер). Әрбір центриольдер тоғыз триплеттімикротүтікшелерден тұратын, қысқаша цилиндр тәріздес болады. Көршілес триплеттер өзара және центриол орталығымен байланысқан. Центриольдер жасушаның бөліну кезеңінде өздігінен екі еселенетін, өзін реттейтін құрылыс. Екі еселену кезінде әрбір центриольге жақынырақ цитоплазмада жаңа центриоль бастау алады, біртіндеп өсіп, толыққанды құрылымға ие болады.Бөлінбейтін жасушаларда центросомацитоқаңқаның микротүтікшелерін қалыптастыруға, ал бөлінетін жасушаларда бөліну ұршығының түзілуіне қатысады.

Микротүтікшелер барлық эукариоттық жасушаларда кездеседі. Олар барлық цитоплазма бойымен өтетін жіпше тәріздес және көптеген органелла құрылымдарының қалыптасуын ұстап тұратын торлы құрылым. Микротүтікшелер жасушаның бөлінуінде, жасуша ішілік тасымалдануда, қозғалмалылығында, Гольджи кешенінен эндоплазмалық ретикулумға заттардың рециркуляциясында маңызды рөл атқарады.Микротүтікшелер екі глобурлярлық полипептидтер,αжәне βтубулиндерден тұрады және онымен динеин, динактинкинезиндер ақуыздарымен байланысқан. Жартылай цилиндр тәрізді.Өзін қайта жинақтай алады.



Цитоскелет-бұл жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бір қалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені. Микр

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет