Сандерстің имиджі
Сандерс ұсынған ноу-хау түрлері
Ол әдеттегі 30 минут емес, 15 минутта жылдам әзірлеу әдісін тапты.
Тауықты маринадтауға арналған 11 түрлі нәрсе қосылған арнайы дәмдеуіш.
Тауық балапанының етін қуыруға дайындаудың әдісі
Тауықты жылдам қуырудың технологиясы.
- 47 жасында тұтынушылар көңілінен шыға бастағанын түсініп, жеке мейрамхана ашады. Себебі, Сандерстің шеберханасындағы қуырылған дәмді тауықтары туралы аңыз алысқа тарай бастайды. Соның арқасында ол көлік дөңгелегін жөндеуді қойып, 142 орындық мейрамханасы бар қонақүйде ас дайындай бастайды. Ол мейрамхананы көпшілік «Полковник Сандерстің кентуккилік қуырылған тауықтары» деп атап кетті. Кейін ол жер Гарланд Сандерстің мұражайы мен дәмханасына айналды. Келесі тоғыз жыл бойына ол тауықты дәмді қуырудың түрлі әдістерін ойлап табумен шұғылданады. 1935 жылы губернатор Руби Лафонның қолынан «Кентукки полковнигі» құрметті атағын алады. Ал 1950 жылы губернатор Лоренс Везербидің қолынан осы атаққа екінші мәрте ие болады. Шын мәнінде, Сандерс ешқашан әскери қызмет атқарған емес. Полковник атағы оған қоғамдық белсендігі үшін берілген. Жеке ісі дами бастағанда Гарланд қоғамдық жұмыстармен белсенді түрде айналыса бастайды.
Сандерс ісінің тоқырауға ұшырауы
мейрамханасы сәтті орналасқан жол торабының бағыты өзгеруі
тауықтарын (балапандарын) басқа мейрамханаларға сата бастайды
қуырылған балапан еті үшін мейрамханалардан бар-жоғы 5 цент қана алатын
Қуырылған тауық етінің мәзірін кейбір әдістерін айтып қойды
M1
M2
M4
M3
Кәсібін тоқыраудан құтқаруы - Кәсібін тоқыраудан құтқару үшін ол тауықтарын (балапандарын) басқа мейрамханаларға сата бастайды. Сөйтіп, ол Американы аралап, балапан етін дәмді қуырудың әдісін үйрете бастайды. Тапсырыс берушілерді табу да оңайға соқпады. Әуелде ол өзінің әрбір қуырылған балапан еті үшін мейрамханалардан бар-жоғы 5 цент қана алатын. Бірте-бірте полковник авторлығы үшін қаржының үлесіне ие болып отырды. Сөйтіп, ең ақыры 70 жасында миллионер атанады. Содан 60-жылдардың басында АҚШ-та Гарланд Сандерстің бірнеше жүздеген мейрамханасы пайда болды. 1964 жылы Сандерс корпорациясын кіші Джон Браун есімді кентуккилік кәсіпкерге 2 миллион долларға сатады. Компаниясы бренд ретінде танылып, өзі соның «келбетіне» айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |