Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар


-параграф. АГБ жүйесінен алынатын ақпарат



бет2/4
Дата29.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#166631
1   2   3   4

4-параграф. АГБ жүйесінен алынатын ақпарат
57. Диспетчер пунктіне түсетін кен ауасының жағдайы туралы ақпарат, бақылау нәтижесінің бірнеше рет түсіндірілуін болдырмайтын қабылдауға ыңғайлы түрде беріледі. Ол құжаттарды құру үшін жарамды және журналдарды сақтау үшін жүргізуге ыңғайлы түрде беріледі.

58. Авария немесе авариялық жағдай туралы ақпарат дыбыстық және жарықтық дабыл берумен жарақталады.

59. Құжаттама жүргізу, қауіпті тенденцияларды табу мақсатында ақпараттарды жүйелеу, ақпарат ұсыну компьютер құралдарымен жүргізіле алады.

60. Магнитті дисктерде немесе басқа да тасымалдағыштарда сақталған және электронды түрде ұсынылатын құжаттар (ақпараттар), қағаз түріндегі құжаттарға теңестірілген.

61. Міндетті сақталуға бақылаудың негізгі көрсеткішті белгілегіштерінен алынған (44-тармақ) ағымдағы құжаттар жатады. Сақтау үшін құжаттарды таңдаудың уақытша аралығы, сақтау түрі мен уақыты бақылау жүйесінің жобасымен анықталады. Бұнымен қоса сақтау үшін ақпаратты таңдаудың уақытша аралығы 1 минуттан аспайды, ал сақтау уақыты 1 жылдан кем болмайды. Мұрағатты қалыптастыруда: мұрағаттандырылатын параметр атауы және бақылау тармағы, қабылдау уақыты мен мерзімі көрсетіледі.

62. Компьютерлендірілген АГБ жүйесінде қолданылатын бағдарламалық өнімдердің оларды қауіпті өндіріс объектілерінде қолдануға рұқсаты болады.

63. Бақыланатын параметрлердің жағдайын көрсету үшін компьютер қолдануда келесі талаптар сақталады:

бақыланатын параметр жағдайы түспен сипатталады:

қызыл-қолжетімді шектегі нормаға жеткенде (авариялық жағдай);

сары-қолжетімді шектегі норманың 90 % құрайтын деңгейге жеткенде (авария алды жағдайы);

жасыл-қолжетімді шектегі норманың 90 % аз құрайтын деңгейінде;

бақыланатын параметрдің авариялық жағдайы туралы ақпарат бейнеграмма ауыстырылғанда (автоматты немесе сұрату бойынша) үнемі оператордың көз алдында болады және экранның арнайы бөлінген терезесінде көрсетіледі;

бақыланатын параметрдің (авария алды) авариялық жағдайы дыбыстық белгі бергішпен беріледі;

бақыланатын параметрдің (авария алды) авариялық жағдайы туралы хабарлама алған АГБ операторының әрекеті АЖЖ регламенттеледі.

64. АГБ жүйесін тестілеу (өзін өзі басқару) нәтижесі 63-тармаққа сәйкес экранның арнайы бөлінген терезесінде көрсетіледі. АГБ жүйесінің элементтерінде ақаулық табылғанда, бұл элементтер бойынша бақылануға жататын барлық параметр бойынша авариялық дабыл бергіштердің автоматты түрде қалыптасуына алып келеді.

65. АГБ жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуінде параметр өзгеруімен және жұмыстың тоқтатылуымен байланысты бағдарлама саласына санкцияланбаған жол беруден қорғау қарастырылады.

66. АГБ жүйесімен алынған шахтаның таулы өндірулеріндегі аэрогазды қалып туралы таратылған ақпарат ұйым жетекшісіне, ұйымның техникалық жеткшісіне, ТҚпЖ телімінің бастығына, өндірістік телімдердің басшыларына беріледі.

67. АГБ жүйесі бойынша алынған ақпаратты қолдану.

Өзі жазатын ленталарда және журналдарда (5, 6, 7, 8-қосымшалар) жазылған немесе компьютер жадында жинақталған ақпарат АГБ жүйесімен жабдықталған тау өндірулеріндегі жұмысты орындайтын шахтаның барлық телімдері мен қызметтерінің лездеме жұмысында және метан шоғырлануының арту себептерін анықтау үшін, оның қалыптандырылуы бойынша шаралар қабылдауға, жүйе жұмысында табылған ақауларды түзету үшін ТҚпЖ телімінде қолданылады.

Оператордың журналында тіркелген, өзі жазатын ленталарда және журналдарда жазылған ақпарат метан бойынша шахта санатын белгілеу мен ауа шығынын есептеу үшін қажетті телімдердің абсолютті метан құюлуын анықтауда қолданылады.



2-тарау. Жобалау, монтаждау, пайдалануға беру
68. АГБ жүйесі қолданыстағы (жаңа, қайта құрылған) шахта жобасының жеке бөлімі (толықтырылған) ретінде жобаланады.

АГБ жүйесінің жобасы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіліп, жобаны дайындаған ұйымның басшысы бекітеді.

69. Шахталарға, қазылған егістіктерге, горизонттарға, блоктарға, панельдерге АГБ жүйесінің енгізілуі құрылыс жобасының сәйкес бөлімі негізінде жүргізіледі.

70. Қазылған бөліктерден тыс жүргізілетін қазылған бөліктердің, дайындау өндірулері мен камералардың АГБ жүйесінің енгізілуі қазылған бөліктердің төлқұжатының сәйкес бөлімі, жерасты өндірулерінің жүргізілуі мен бекітілуі негізінде жүргізіледі.

71. Тау-кен жұмыстарының даму деңгейі бойынша жобаның сәйкес бөліміне толықтырулар дайындалады.

Тау-кен техникалық және тау-кен геологиялық шарттарының өзгеруімен байланысты аппаратты орнатудағы кез келген өзгерісте, бақылаудың қосымша нүктелерін және тағы басқаларды жүргізуде, аэрогазды бақылау қызметінің механигі үшкүндік мерзімде сұлбаға түзету жүргізеді және оны шахтаның бас энергетигімен келіседі.

72. Метанның көрсеткіштік белгілегішінің жұмыс істеп кеткенінде бақыланатын объектілердегі электр жабдығын сөндіру сұлбасы метанның болуына рұқсат берілген нормадан асқан аумақта болуы мүмкін, не бар элекрт энергиясын тұтынушылар таңдалып сөндірілетіндей жобаланады.

Газдалу жағдайында қорғаныстың жұмыс істеп кеткенінен кейін бақыланатын объектінің электр жабдығын қайтадан қосу қайтадан газдану бойынша шаралар жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.

73. Жоба бойынша АГБ жүйесінің аппаратын монтаждау АГБ жүйесін техникалық қызмет көрсету міндеті артылған аттестатталған ұйыммен немесе шахта күшімен жүргізіледі.

74. АГБ аппаратын орналастыру мен монтаждауда шахтада келесі талаптар орындалады.

75. Шахта кеңістігінің параметрін бақылайтын көрсеткішті белгілегіштер дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес тау-кен өндірулерінде монтаждалады. Дайындау өндірулерінде көрсеткішті белгілегіштер үңгубет жағынан бекіту бөлігінің параметрі бойынша шығатын қорғауының астында болатындай орналастырылады.

76. Жерасты бақылау, басқару бекеттері және жарылыстан қорғалған қоректендіру көздері тарату пунктерінде (орталықтандырылған немесе учаскелік жерасты бекеттері) орнатылады және бақыланатын объектіден тоқ түсірілгенде олар жұмысқа қабілетті қалпында қалатындай етіп қосылады.

77. Авариялық жағдай туралы хабарлау сиренасы адамдар көбірек жүретін жерлерге орнатылады (тұйық өндірулердің үңгубет кеңістіктерінде, тазалау үңгубетінің штрекпен қиылысуларында, тиеу пунктерінде және тағы басқа).

78. Ауа легінің жылдамдығын бақылау көрсеткішін белгілегіштер бекітпенің бүйір жағына тығыз іргелескен түзусызықты өндіру телімдерінде орналастырылады.

Өндіруде айналдырғыш алдында 15 В (В-өндіру ені) және желдеткіш ағынының артынан 10 В кем емес қашықтықта жергілікті қоршалудың қиылысуына жол берілмейді.

79. АГБ жүйесін пайдалануға қабылдау-тапсыру шахтаның бұйрығымен тағайындалған комиссиямен жүргізіледі. Комиссия құрамына: техникалық жетекші, бас энергетик, ЖҚпЖтелімінің бастығы, АГБ қызметінің механигі, АГБ жүйесі қайтадан монтаждалған өндірістік телімдердің (қызметтің) бастықтары кіреді. АГБ жүйесін пайдалануға қабылдау беру-қабылдау актісімен ресімделеді (2-қосымша).

80. Жаңа телімдер (өндіру, дайындау және тағы басқа) енгізілгенде АГБ жүйесін пайдалануға қабылдау, шахтаның бұйрығымен тағайындалған комиссиямен объектіні қабылдаумен бір уақытта жүргізіледі.

3-тарау. АГБ жүйесін пайдалану

1-параграф. Жалпы талаптар
81. АГБ жүйесіне қызмет көрсету үшін шахтаның ЖҚпЖ телімінде, осы телімнің механигі басқаратын мамандандырылған аэрогазды бақылау тобы (АГБ) құрылады. Топ орналастыру, тексеру және қалпына келтіру, жұмысқабілеттілігін және аппаратураның дұрыс орналасуын бақылау сұлбасын уақытылы түзетуді, оны регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және тексеруге беруді қамтамасыз етеді. (АГБ жүйесінің диспетчерлік жабдықтарын қоса).

82. Егер өндірулерде тау-кен жұмыстары біржақты ұйымдармен жүргізілсе, аппаратураға қызмет көрсетуді шахтаның АГБ тобы жүргізеді.

83. Аппаратураның, кабельдер мен пломбылардың дұрыс орнатылуын, бүтіндігін және сақталуын, АГБ жүйесін пайдалануға бергеннен кейін уақытылы ауыстырылуын АГБ жүйесінің жабдықтары орнатылған аумақтағы бөлім басшысы қамтамасыз етеді. Дұрыс пайдалану мен метан көрсеткішін белгілегіш пен сөндіру құрылғыларының ауысым бойы тұрақты қызмет көрсетуін телімнің тау-кен мастерлері қамтамасыз етеді.

Бақыланатын объектінің электр жабдығына тоқ аппаратураның метан шоғырлануының жұмыс істеу орнатпасынан төмендегенінен кейін беріледі.

Тұйық өндірулерде аппаратураның бүтіндігі мен сақталуын, оның дұрыс орнатылуын және уақытылы көшірілуін бригадир (звеньевой) қамтамасыз етеді.

84. Телімдердің тау-кен мастерлері метанның көрсеткіштік белгілегіштерін және (немесе) көміртек тотығын (өзінен өзі жануға бейім қабаттарды өңдейтін) пайдаланылатын өндірулерде, олардың көрсеткіштерін бақылаудың көшпелі аспаптарының көрсеткіштерімен ауысым сайын салыстырады және көрсеткіштерде айырма болған жағдайда операторға телефон арқылы хабарлайды.

85. Телім бойынша нарядтарды тексеретін тұлғалар, өздерінің объектілеріндегі газ жағдайы туралы АГБ жүйесінің операторынан қол қоя отырып таныстырылады.

86. Шахтада АГБ жүйесіне қызмет көрсетететін кезінде үш бөлмеден тұратын: шахтадан берілген аппаратпен (тазалау, бұзу, жөндеуге дайындау) жұмыс істеуге арналған, жөндеу, қалпына келтіру, реттеу, аппаратураны тексеруге арналған және шахтада техникалық қызмет көрсету мен мемлекеттік тексеруді ұйымдастыру жұмыстарына арналған бөлмелерден шеберхана жабдықталады. Әр бөлменің көлемі бір уақытта жұмыс істегенде 10-12 м2, бірақ 20 м2 кем болмай анықталады.

АГБ жүйесінің диспетчерлік жабдықталуы және АГБ операторының жұмыс орны (оператордың) жеке үй-жайда немесе диспетчер ғимаратында (диспетчердің ғимаратымен біріккен) орналасады.

87. ТҚпЖ телімінде АГБ жүйесі бойынша төмендегідей құжаттама жүргізіледі:

жүйе жобасының сәйкес бөлімі (жобаға толықтыру);

слесарь маршруты мен объект әсерінің, көрсеткішті белгілегіштердің орнатылуы сызылған желдету сұлбасы;

регламенттелген техникалық қызмет көрсету мен тексеру кестесі;

АГБ жүйесін пайдалану журналы;

АГБ жүйесі операторының журналы;

өзі жазатын ленталар немесе басқа да ақпарат тіркегіштер (мысалы, принтерлер);

компьютерлік бақылауда ақпарат жинақталған магнитті тасымалдағыштар.

Құжаттама бір жылдан кем сақталмайды.

88. Бақылау пунктерін ауыстыруға, олардың санының көбеюіне немесе азаюына байланысты өзгертулер және бақыланатын параметрлердің ауыстырылуын, жоба мен шахтаның желдетілу сұлбасына ТҚпЖ телімінің бастығы енгізіп, шахтаның бас энергетигімен, сәйкес телімнің бастығымен және механигімен келісіледі, шахтаның техникалық басшысы тәулік ішінде бекітеді.

89. АГБ жүйесінің техникалық құжаттамасын магнитті тасымалдағышта сақтауға жол беріледі.

90. АГБ жүйесінің жұмысының нәтижесінде алынған кен ауасының жағдайы туралы бақылау деректеріне өзгертулер енгізуге жол берілмейді. АГБ операторының журналындағы жол берілген қателерді түзету ТҚпЖ телімі бастығының орынбасарының, бастықтың қолымен куәландырылады.

2-параграф. АГБ тобының қызметі мен құрылымы
91. АГБ тобының құрамына маршрутты электрослесарьлар, кезекші электрослесарьлар, қызмет көрсету бойынша электрослесарьлар, операторлар енеді.

Жұмыстың еңбеккөлемін, АГБ тобынның саны мен жұмыскерлер біліктілігін анықтау үшін негіз болып пайдалану бойынша нормативті-техникалық құжаттар, АГБ жүйесі бойынша осы ұсыным қолданылады. Көрсетілген құжаттарда есептелмеген жұмыстың еңбеккөлемін анықтау хронометражды бақылау негізінде жүргізіледі. «Метан» комплексін қолданумен АГБ жүйесі пайдаланылатын шахталарда, жылдамдық пен ауа бағытын өлшегіштер (ЖпАБӨ), ақпаратты қабылдау тіреуіштері (АҚТ-1) және «Ветер» телемеханикасының аппаратурасы, персонал саны мыналардан төмен болмай қамтамасыз етіледі:

маршрутқа екі электрослесарьдан;

ауысымда бір кезекші электрослесарь;

20 метан көрсеткішін белгілегішке бір электрослесарь;

тау-кен өндірулерінде ауа жұмсалуын және телебақылаудың 10 жиынтық аппаратураға бір электрослесарь;

ЖпАБӨ аппаратурасының 10 жиынтығына бір электрослесарь;

«Ветер» телемеханика аппаратурасы жиынтығының бесеуге дейінгі санына бір электрослесарь;

телебасқару және теледабыл беру (ТБ-ТД) жиынтығының бесеуге дейінгі санына бір электрослесарь;

«Ветер» телемеханика аппаратурасы пультінің екеуге дейін және АҚТ-1 ақпаратты қабылдау тіреуішінің саны бесеуге дейінгі мөлшерінде ауысымға бір оператор;

компьютерлендірілген АГБ жүйесіне арналған қызмет көрсетуші жұмыскерлердің (персоналдың) саны мен құрамын нақты жүйе үшін техникалық басшы анықтайды. Сонымен қатар жұмыскерлердің саны төмен болмайды:

топтың бір басшысынан;

маршрутқа бір электрослесарьдан;

ауысымда бір кезекші электрослесарьдан;

20 көрсеткішті белгілегішке бір кезекшіден;

ауысымға бір АГБ операторынан.

92. Пайдалану телімінің жұмысшыларын дайындауды 3-қосымшада ұсынылған бағдарламаға сәйкес АГБ механигі жүргізеді.

93. АГБ жүйесінің аппаратурасына қызмет көрсету бойынша АГБ тобы жұмысшыларының міндеті мынадай жұмыс тізбесімен анықталады:

жүйеге кіретін аппаратураның ақаусыздығын тәулік сайын қарау және тексеру;

бақылау қоспаларының көмегімен жұмыс істеу мен көрсеткіштің нақтылығын ай сайын тексеру;

қатардан шыққан жабдықты алмастыру;

жүйе құрамына кіретін жабдықты соңынан мемлекеттік тексеруден өткізе отырып жөндеу;

регламентті техникалық қызмет көрсету;

аппаратураны мемлекеттік тексеру үшін ұсыну;

құжаттаманы жүргізу;

аппаратураны қарау, оның жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен калибрлеу зауыт дайындаушының нормативті-техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.

94. АГБ тобы жұмыскерлерінің арасында міндеттеме келесідей бөлінеді.

АГБ механигі топ жұмысын ұйымдастырады және оны басқарады, барлық регламентті жұмыстардың жүргізілуі мен аппаратураның уақытылы тексерілуін қамтамасыз етеді, топ электрослесарьларының маршруттарының сұлбасын құрады, жоба бөлімдерін, мемлекеттік тексеру кестесін түзетеді.

Маршрутты электрослесарьлар маршруттарда тәулік сайын және ай сайын бақылау, регламенттелген жұмыстар жүргізеді, қажеттілігі болғанда монтаждау жұмыстарына тартылады.

Кезекші электрослесарьлар ақаулықты жедел түзетумен байланысты АГБ операторы тіркеген жұмыстарды орындайды (көрсеткішті белгілегіштің істемеуі, кабельдің үзілуі, аппараттың істемеуі), қажеттілігі болғанда монтаждау жұмыстарына тартылады.

Қызмет көрсету бойынша электрослесарьлар аппаратураға аттестатталған жөндеу ұйымына берілмейтін жағдайда жөндеу жүргізеді, көрсеткішті белгілегіштердің үстіне регламенттелген тексеру жүргізеді, тексеруге не жөндеуге берілетін көрсеткішті белгілегіштерді алмастырады, мемлекеттік тексеруге дайындауға қажетті жұмыстарды жүргізеді, қажеттілігі болғанда монтаждау жұмыстарына және шахта жабдықтарын тексеруге тартылады. АГБ операторы АГБ жүйесінің жұмысына қадағалау жүргізеді.

Қадағалау көлемі АГБ жүйесіне арналған жобамен анықталады және осы ұсынымның 7, 21-40 тармақтарының талаптарына сәйкес болады.

АГБ операторы маршрутты слесарьлардың жұмысты наряд бойынша орындауын қадағалайды.

Оператор АГБ жүйесінің хабарламасын бағалайды және тау-кен диспетчеріне тау-кен өндіруіндегі барлық газдану жағдайы туралы және олар бойынша берілген ауа мөлшерінің азаюы, желдеткіштер мен газ соратын құрылғылардың тоқтатылуы туралы, электро жабдықтардың сөндірілгені туралы хабарлайды.

Алынған ақпарат негізінде тау-кен диспетчері оның жұмыс орнының құрамына кіретін пульттен қауіпсіз аэрогазды тәртіптің ұсталуын қамтамасыз ететін қондырғылар мен жабдықтарды басқару бойынша шешім қабылдайды.

Сонымен қатар АГБ операторының журналында ақпарат қандай көрсеткішті белгілегіштен алынғаны, бақыланатын объектідегі электро жабдығының автоматты сөндірілуіне белгі беру фактісі, жұмыстың блокировкалануы себепті тұру ұзақтығы көрсетілген тиісті жазба жасалынады.

Жедел жұмыстарда оператор тау-кен диспетчері мен ауысым бастығына бағынады.

3-параграф. АГБ жүйесін тексеру мен пайдалану
95. АГБ тобының электрослесарьларына арналған маршрут сұлбасын АГБ механигі жартыжылдыққа дайындайды және шахтаның техникалық жетекшісі бекітеді.

96. Жөндеу ауысымына тәулік сайын жүргізілетін тексерісте, АГБ слесары келесі жұмыстарды жүргізеді:

кабельдердің, көрсеткішті белгілегіштің сыртының бүтіндігінің ақаулығын, олардың байланысқан жерлерінің бекемдігін, жерге тұйықталуын, пломбысының болуын, көрсеткішті белгілегіштердің өндірулерге дұрыс орналасуын табу мақсатында, аппараттар мен кабельді желілердің ішін қарайды;

дабыл беру әрекетін тексеру және метанның көрсеткішін белгілегіштер үшін нормативті-техникалық құжаттамада зауыт-дайындаушымен көрсетілген сөндіру командасын беру. Аталған тексеріс бойынша талап жоғары кернеулі тарату құрылғыларына әсер ететін (бұдан әрі-ТҚ) және шахтаның, горизонттың, қанаттың көпсатылы желісін жұмыс істей бастағанда ажырататын метанның көрсеткішін белгілегіштеріне таратылмайды. Бұл көрсеткішті белгілегіштердің жұмыс істеуін тексеру ай сайынғы тексерумен және мүмкіндікке қарай жоғары кернеулі аппаратураны регламенттелген тексерумен біріктіріледі. Тексеруге шахтаның энергетика қызметінің электрослесары қатысады. Мұндай көрсеткішті белгілегіштердің тізбесін техникалық жетекші бекітеді.

97. Метанның көрсеткішін белгілегіштердің көрсетуінің дұрыстығын ай сайынғы тексеруде, дабыл берудің әрекеті мен сөндіру үшін жұмыс істеуінде, оның желдетілуі алдымен таза ауамен (қажеттілігі болғанда «нөльге» түзетіледі), орнатпаның осы айналуын тексеретіндердің жоғарғысына сәйкес, бірақ одан 0,3 % аспайтын метанның шоғырлануының бақылау қоспасымен жүргізіледі. Тексеру тексеретін газ қоспаларымен (ТГҚ) немесе дайындалған метан ауалық қоспалармен жүргізіледі. Метан ауалық қоспаларын дайындау әдістемесі 7-қосымшада көрсетілген.

98. АГБ жүйесін тексерудің басқа түрлері және АГБ жүйесін және нақты техникалық құралдарды пайдалану бойынша технологиялық регламентпен қарастырылған регламентті жұмыстар орындалады.

99. Регламенттелген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бір жылға АГБ механигі құрған және шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес орындалады.

100. АГБ операторы электрослесарь маршрутының әр айналымының нәтижесі бойынша журналда (5-7 қосымшалар) аппартураның жағдайы туралы жазады, маршрутты слесарь телефон арқылы берген өзі жазатын аппараттардың көрсеткіштері мен көрсеткішті белгілегіштердің көрсеткіштерін өлшеуіштерін салыстырады. Телеөлшеу нәтижелері оператордың журналына сағат сайын жазылады (8-қосымша). АГБ жүйесінің операторының журналды жүргізу үшін компьютер қолданыла алады.

АГБ операторы кезекшілікке түсер алдында барлық өзі жазатын ленталарда дәл уақыт пен датаны көрсетіп белгі жасайды. Сонымен қатар ленталарда өзі жазатын аспаптың нұсқарының күрт ауытқығанында (жоғары, төмен түсуі) себебі көрсетіліп белгі жасалады, аппаратураның жұмыс істеп кеткен кезін тексеру сәттері, жарылыс жұмыстарында шоғырланудың шашырауы, тоқтың болмауына немесе бұзылуына байланысты аппаратураның тоқтап тұрған уақыты жазылып көрсетіледі.

Ауысым кезінде оператор журналына (8-қосымша) дабыл қай көрсеткішті белгілегіштен алынғаны, электр энергиясының сөнгені не сөндірілмегені, электрмен жабдықтаудағы үзілістің ұзықтығы туралы хабарлама енгізіледі.



4-тарау. Шахта үсті объектілеріндегі бақылау
101. Бақылау объектілері-шахталық газсыздандыру жүйесінің вакуум-сорғыш станцияларының (ВСС) ғимараты мен байыту фабрикалары (көмірдің алғашқы сапасы артуы бойынша шахтаның үстіңгі қондырғылары).

102. Шахталық газсыздандыру жүйесінің вакуум-сорғыш станцияларында.

103. Метан көрсеткішін белгілегіштер машина залында және БӨА ғимаратының үстіңгі бөлігіндегі ғимаратта орнатылады.

104. «Метан» комплексінің (жерасты бақылау бекеті) белгі бергіш аппараты бекеттің энергия блогын орналастыру орындарында орнатылады.

105. Метанның болуы 1 % жеткенде аппарат мәжбүрлеп желдетудің әрі дыбыстық, әрі жарықтық белгі бергішін қосуға команда береді.

106. Вакуум-сорғыш станцияларында (бұдан әрі-ВСС) орнатылған метан көрсеткішін белгілегіштерді тәулік сайын тексеруге ВСС машинисінің жүргізуіне жол беріледі. Қызметтің басқа түрлерін АГБ тобы жүргізеді.

107. Байыту фабрикаларын жабдықтауда (көмірдің алғашқы сапасы артуы бойынша шахтаның үстіңгі қондырғылары).

108. Метан көрсеткішін белгілегіштер мөлшерлеу, жинақтау, тиеу бункерлерінің бункер үстіндегі ғимараттарында орнатылады.

109. Дыбыстық белгі беру құрылғысы жұмыс істейтіндердің анағұрлым көп жинақталатын орындарында орнатылады.

110. «Метан» комплексінің (жерасты бақылау бекеті) белгі бергіш аппараты газдануы мүмкін аумақтан тыс орнатылады.

111. Бақыланатын нүктедегі кез келген бір параметрдің жоғарыда бекітілген нормадан артық шоғырланғанында аппаратура бақыланатын ғимаратта авариялық желдеткішті қосуға және электр жабдығын сөндіруге команда береді.

Қолданылған қысқартулар
АГБ-аэрогазды бақылау;

ЖЖЖ-жергілікті желдету желдеткіші;

ОЖҚБ-орталық жерасты қосалқы бекеті;

ЖУЖҚБжылжымалы учаскелі жерасты қосалқы бекеті;

ТҚпЖ-техникалық қауіпсіздік пен желдету;

ЖпАБӨ-жылдамдық пен ауа бағытын өлшегіш;

АҚТ-ақпаратты қабылдау тіреуіші;

АмТБА-ауа шығыны мен телебақылау аппаратурасы;

ТҚ-тарату құрылғысы;

БӨА-бақылау-өлшеу аспабы;

ВСС-вакуум-сорғыш станциялары;

АЖЖ-аварияны жою жоспары;

ӘАҚҚ-әскериленген авариялық құтқару қызметі.

__________________

Шахталардағы аэрогазды

бақылау жүйесі бойынша

әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша



Шахтадағы аэрогазды бақылау (АГБ) жүйесі бойынша

жобалық құжаттама
АГБ жүйесінің жобалық құжаттамасы аппаратураның барлық ауа шығыны мен метанның болуын үзіліссіз қадағалайтын өндірулерде орнатылуын қарастырады. Жаңа шахтаны жобалауда, не қайта құруда АГБ жүйесінің жобалық құжаттамасы жалпы жобының құрамды бөлігі ретінде дайындалады. Жаңадан енгізілетін телімді жабдықтау жобаға арнайы дайындалған толықтыру бойынша жүргізіледі.

Жобалауға қажетті деректер болып:

жобалану кезеңінде шахтаның желдетілу сұлбасы;

желдету сұлбасына енгізілген жер асты кабель желісінің сұлбасы мен шахтаны электрожабдықтау сұлбасы;

құрамында: газ бойынша санаты, қабаттардың метанға төзімділігі мен өндірулердің метан көптігі; тосын лақтырылулар, суфлярлы бөлініп шығарылулар мен газдың бұзылған жерлері бойынша қабаттардың қауіптілігі бар шахтаның қысқаша сипаттамасы;

дайындау және тазалау жұмыстарының технологиясы танылады.

Жобаның түсіндірме жазбасы мен графикалық бөлімі болады. АГБ жүйесінің жер асты жабдықтау жобасының графикалық бөлімі көрсеткішті белгілегіш түрі мен бақылау пункттерінің орналасқан орындары, қоректендіру көзінің шахтаның электр желісіне қосылған тұстары, егер қарастырылған болса, авариялық жағдайда бақыланатын объектінің электрожабдығын орнында автоматты сөндіруді жүзеге асыратын коммутациялық аппарат орнатылған орны, қауіпсіз аэрогазды тәртіпті ұстауға арналған жабдықтар мен қондырғылардың орналасқан орындары көрсетіле отырып желдеткіш сұлбасы түрінде ұсынылады.

Жобаның графикалық бөлімінде блокировкаланатын жабдықта орнатылған барлық көрсеткішті белгілегіштердің (түрі көрсетіле отырып, коммутациялық аппараттар концентраттарының (басқару көзін көрсете отырып) тізбесі кесте түрінде көрсетіледі.

Жобаның графикалық бөлімі жекелеген участоктар үшін сұлбаны терген түрінде беруге болады.

Желдету сұлбасында бақылау көрсеткішті белгілегіштің түрі оның осы нұсқаулықтың 44, 47 тармақтарында келтірілген көрсетулеріне сәйкес және көрсеткішті белгілегіштің рет нөмірі, егер қолданылатын болса, жерасты бақылау қосалқы бекетінің сызықша арқылы оның концентраторының рет нөмірі (мысалы, М1-1, М2-1, С1-1) көрсетіледі.

Бақыланатын объектінің өндірістік қызметін блокировкалайтын коммутациялық аппаратқа әсер ету басқарудың қай көрсеткішті белгілегіштен жүріп жатқаны жазылған нұсқаумен көрсетіледі.

Жобада стационарлық аппаратура мен үзіліссіз және эпизодтық әрекеттегі тасымалдағыш аспаптардың қолайлы қатынасының мәселесі шешіледі.

Түсіндірме жазбада:

өндірістік қуат туралы, газ санаты туралы, тосын лақтырылу бойынша қыртыстың қауіптілігі, суфлярлы бөліну, мұнай газ пайда болу, тау-кен өндірулерінен ауаға басқа да зиянды бөлінулер туралы, бақыланатын тау-кен өндірулеріне берілетін ауа мөлшері туралы мағлұматы бар шахта сипаты;

тау-кен жұмыстары дамуының ағымды жоспары;

тазалау және дайындау жұмыстарын жүргізу технологиясы;

әрекеттегі және жобаланатын дайындайтын және қазылған бөліктердің, бақылау жүйесімен жабдықталатын басқа өндірулердің тізбесі;

шахтаны желдету сұлбасымен біріктірілген шахтаны жерасты кабель желісімен электрожабдықтау сұлбасы көрсетіледі.

Түсіндірме жазбаға аппаратура, кабель және жабдық ерекшелігі тіркеледі.

Жобалауда газдалған ауада болуы мүмкін электрожабдық орналасқан өндірулерді АГБ аппаратурасының көмегімен қорғау қажеттілігіне негізделеді.

Аппартураны қосу мен орналастыру сұлбасын дайындауда негізгі талап бақылаудың үзіліссіз болу принципі болады. Бұл электрожабдығын сөндіруге команда бергенде бақылау аппаратурасы қосылған қалпында қалады.

Электр энегриясын қолданатын көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарды дайындауда жаңа ағында орналасқан электрожабдығын тоқтату (газ лақтырылуы болғанда жұмыс істеу мүмкіндігін тоқтату) қарастырылады.

Бұл жағдайда егер қандай да бір тарату қондырғысының алдында орналасқан көрсеткішті белгілегіш бұл құрылғы мен кабельді желіні келесі тарату құрылғысына дейін қорғап, соңғысымен тығындалса, қорғауды сатылай құру қарастырылады.

Мысалы көрсеткішті белгілегіш лаваның тарату пунктінің алдында жылжымалы қосалқы бекеттен тығындалса және барлық электрожабдықты оған дейін сөндірсе, қосалқы бекет оның алдында орналасқан және телімдік қосалқы бекетпен тығыздалған көрсеткішті белгілегішпен қорғалады.

Егер телім аумағынан тыс шығатын ағын жолында электр жабдық болса, ол көрсеткішті белгілешпен қорғалады, бақылау объектісі жобада көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет