Үшбиік ауылдық округі әкімі П. Оралбаеваның Үшбиік ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата29.02.2016
өлшемі109.62 Kb.
#30795
Үшбиік ауылдық округі әкімі П. Оралбаеваның Үшбиік ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, бүгін біз сіздермен есеп беру кездесуін өткізіп отырмыз. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айқындалған міндеттер аясында округ аумағында өткізілген барлық іс-шаралар аудан, облыс әкімдерінің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып отырады. Атқарылған іс-шаралар негізінен ауылдың әлеуметтік, экономикасының өркендеуіне, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық салаларының дамуына бағытталады. Қазіргі таңда округіміздің қарамағында -1490 адам тіркелді. Есепті мерзім ішінде - 17 сәби дүниеге келіп, 11 адам қайтыс болған. Көшіп келгендердің саны -10, кеткендер -15. Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны- 2 адамды , жұмыспен қамтамасыз етілгендер -58 адамды құрайды. 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар саны - 18/54 адам болса, былтырғы жылы - 21/51 бала болған. Сонымен қатар округ бойынша зейнеткерлер -220 адам, жылына алатын зейнетақы көлемі-85 млн 976 мың 292 теңгені құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жандар – 43 адам, жылына алатын зейнетақы көлемі – 10млн 592 мың 664 теңге. Асыраушысынан айрылғандар – 34 адам, жылына алатын зейнетақы көлемі – 7 млн 331 мың 700 теңгені құрайды. Әлеуметтік зейнетақы /пенсия/ - 2 адам, алатын қаржы көлемі – 249 192 теңгені құрайды.

Округіміз бойынша 2014 жылы шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, барлығы - 2 млн 10 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Бүгінгі таңда осы қаржының барлығы: - мерекелік күндерді атап өтуге - спорттық іс-шараларға - көшелерді аббаттандыруға - аз қамтылған, толық емес, көп балалы отбасыларының балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалды.



Сонымен қатар ауылымызда сәуір айынан бастап елді мекендерді көгалдандыру, көркейту барысында 3 айлық санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, апта сайын сенбіліктер өткізілді. Округ бойынша көше комиссиялары құрылып, солардың бақылауларымен Байғара-би, Әріп Тәңірберген, 17 Ақын, Түбек, Еспембет және басқа көшелер мен аулалар, тас жол бойлары, мектептердің, әкімшілік және мәдениет мекемелерінің аумақтары, орталық саябақтың іші мен айналасы қоқыстан тазартылып, 145 түп ағаштар отырғызылды. Ауыл ішіндегі бұзылған үйлердің орны тазаланып, тегістелді. Жоспарланған 1850 текше метр қоқыс шығарылып, ауыл көшелерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл сенбілікке әкімшілік ұжымы, мектеп ұжымы, амбулатория ұжымы, теміржолшылар, мектеп оқушылары қатысып, ауылымыздың тазаруына барлықтары да аз да болса өз үлестерін қосты. Осының барлығы ауыл азаматтарының ауызбіршілігі, жанашырлығының арқасы. Соңғы кездері ауылымызда жылқы, қой малдарының жоғалу фактілері және малдардың темір жол маңында поезд жүруіне кедергі жасау салдары болып отыр. Бұндай салғырттықтың, қылмыстардың болуына бірден бір себеп ауылдағы малдарды иелерінің бақпауы, қараусыз жіберіп салғырттық танытуы болып отыр. Сондықтан малдарды қараусыз жібермей, арнайы бақташыларға бақтырту керек. Ауыл ақсақалдарымен бірігіп, осы жұмысты қолға алып бүгінгі күні жылқы малын бағу үшін де ауыл кезегін ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік. Округ өңірдегі мал шаруашылығымен айналысудан үлкен әлеуетке ие өңірлердің бірі. Сондықтан мал шаруашылығын дамытуға баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және фермерлік, шағын кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөліп келеміз. Мал шаруашылығы – бұл өзекті сала. Қазіргі таңда округте – 49 шаруа қожалығы, 2 асыл тұқымды қой зауыты тіркелген. Жер жағдайы егістікке қолайсыз болғанымен, мал шаруашылығын дамытуға өте ыңғайлы екендігі баршаға аян. Осы шаруа қожалықтарының иелігінде жалға 137 718 га жер, оның ішінде 520 га егістік жер берілген. Биылғы жылы осы 520 га жерге көпжылдық шөп немесе бидай, арпа егу жұмысын жандандыруды қолға алып, жер иелеріне Мусагитов және Жумабеков деген азаматтарға міндетті түрде жерді игеруді тапсырып отырмыз. Ол кісілер де өздері тарапынан қолдауларын білдіріп, жерлерін өз қажетінде пайдалануға уәде беріп отыр. Мал шаруашылығы бойынша есепті кезеңдегі округтің ағымдағы даму көрсеткіштері:




Мал түрі

2013 жыл

2014 жыл

Пайыздық мөлшері







ІҚМ

2720

3075

113







Ұсақ мал (қой, ешкі)

31036

32595

105







Жылқы

1364

1762

129







Құс

1360

1600

117






















Мал шаруашылығындағы өндірілген өнімдер

2013 жыл

2014 жыл

Пайыздық мөлшері

Сатылған ет/тірі салмақта

10556тн

11941

113

Сауылған сүт

21315цн

24500 цн

115

Жұмыртқа

165 мың дана

182 мың дана

110

Жүн

770 ц

835 ц

108

2014 жылдың 22-23 тамыз күндері Абай ауданы Қарауыл ауылында Республика көлемінде өткен «Шыңғыстау» жәрмеңкесіне қатыстық. Жәрмеңкеге ауылдың асыл тұқымды «Байыс» қойын апарып, «ҚараАдыр» Толық Серіктестігі, Озибаев Ахметкәрім «Өзібай» ш/қ жүлделі 2 орын алып, ауылдың мәртебесін тағы бір саты көтеріп тастады. Округтегі «Мүсілім» шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысады. 2014 жылы 51 бас асыл тұқымды бұқа және 9 бас ұрғашы тайынша сатылды. Сонымен қатар асыл тұқымды – 1365 бас ұсақ мал сатылды. Округ бойынша 2014 жылы мал сою алаңында, сойылған мал саны: ірі қара мал – 1520 бас, ұсақ мал – 18574 бас, жылқы – 71 басты құрады. Ал бұл көрсеткіш 2013 жылы ірі қара мал – 1470 бас, ұсақ мал – 17974 бас, жылқы – 56 басты құраған болатын. Ауылда 3 мал қорымы бар, мал көп сойылатындықтан, мал қорымы да өте қажет екендігін білеміз. Олардың барлығы да қазіргі күнде жұмысқа жарамды. Сойылған малдардың қалдықтары қорымға тасталынып, биотермиялық дезинфекция жасалынып отырады. Ал енді осы жұмыстардың басы-қасында болып, барлық малдәрігерлік жұмыстарды атқаратын, тексеретін 3 мал дәрігері, 1 мал дәрігерінің көмекшісі (санитар) және биылғы жылы 1 адамды оператор қызметіне кіріп, жұмыстарын толық қанды жүргізіп отыр. Округімізде ауыл шаруашылықтары малдарының жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жұқпалы ауруларға, сарып, сібір жарасына, қарасанға, аусылға қарсы егу және диагностика жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Бүгінгі таңда ауылымыз жұқпалы аурулардан таза. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, толықтай компьютерлік базаға енгізілді.



Субсидия бойынша. Мемлекетіміз ауыл шаруашылығын дамыту барысында көптеген жеңілдіктер жасап, қолдаулар білдіріп, 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламаларын әзірледі. Бұл бағдарламалардан біз де шет қалған жоқпыз.

  • 2 шаруа қожалығы - 6 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, ірі қара малға субсидияға құжаттар тапсырды. Сиыр басына және бұқаға қаржыларын толықтай алды.

  • «Мүсілім» ТС, «ҚарАдыр» ТС және 3 шаруа қожалығы асыл тұқымды қойға субсидия алу үшін құжаттарын тапсырды. Бұның барлығы да ауыл шаруашылығына деген үкіметіміздің қолдауы, көмегі болып табылады.

ЛИЗИНГ негізінде ауыл шаруашылығында жем-шөп техника жетіспеушілігін барлық елді мекендерде белең алып келеді. Осы мәселені шешу мақсатында «Каз Агро» Ұлттық холдингі мамандандырылған ұйымдармен жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын лизинг негізінде іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні округ бойынша 6 ауыл шаруашылық тракторы, 3 кун, 2 пресс алынды. Тағы да 1 кун мен 1 пресске алуға құжаттар өткізіліп, алғашқы жарнасы төленді. Биылғы жылы инвестиция бойынша «Сейілхан» ш/қ мал сою алаңына 943000 теңгеге су құбыры тартылды.

«Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасының екінші бағыты аясында

2011-2014 жылдар арасында 34 адам кәсіпкерлікті дамыту негіздері бойынша оқудан өтіп, жиыны 72 млн. 700 мың теңге микрокредиттер алынды.

2011 жыл-15,0 млн. теңге- 5 адам

2012 жыл- 24,300 млн. теңге -11 адам

2013 жылы І транш бойынша- 24,900 млн. теңге-10 ауыл тұрғынына

2013 жыл ІІ транш бойынша – 11,0 млн. теңге- 4 адамға

2014 жылы -7 млн. 500 мың теңге - 4 адам алып өздерін жұмыспен қамтуда.

Салық төлемдері бойынша округімізде жоспар бойынша салық төлемдерінен үстіміздегі жылы 2 млн 70 мың теңге төлем белгіленген. Орындалғаны – 2 млн 140 теңгені құрайды. Яғни, 106% артығымен орындалды. Оның ішінде мүлік салығы- 57000 теңге, жер салығы- 73000 теңге, көлік салығы – 2010000 теңгені құрады. Сонымен қатар, жоспардан тыс, алгоритм бойынша - 226 000 өндірілді.

Қоғамдық тәртіп. Ауылымызда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылдағы тазалық мақсатында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ Үшбиік ауылдық округі бойынша биылғы жылы 5 қылмыс тіркеліп, оның 3-уі ашылды. 45 отбасына тазалық бойынша айыппұл салынып, 83340 теңге ақша өндірілді. Маскүнемдікпен ұсталған 40 адамға хаттама толтырылып, 148160 теңгеге айыппұл салынды. Учаскелік полиция қызметкері ауыл тұрғындарының тыныштығы, қауіпсіздігі үшін қалтықсыз қызмет атқарып келеді.

Білім беру саласы. Бүгінде мектебімізде -275 оқушы, 29 бала даярлық тобында, кіші орталықта – 60 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Әр санаттағы 57 мұғалім оқу-әдістемелік үрдісін жүргізіп, дәріс беруде.

Мектеп бітірген түлектер саны

ҰБТ тапсырғаны

Орташа балл

Оқуға түскені

Оқуға түспегені

Жұмыс істейтіндері

2012 жылы – 36

31

66

34

2

0

2013 жылы- 19

17

65

17

2

2

2014 жылы-21

16

62

15

1

0

Болашақта мектебіміздің білім сапасы, жұмыс барысы алға қарай өрлей береді деп сенеміз. Жұмыстарына жеміс тілейміз.

Денсаулық саласы

Өздеріңізге белгілі 2013 жылдың қазан айында жаңа амбулаториямыз іске қосылды. Амбулатория қазіргі заман талабына сай салынған. Әрбір кабинет жаңа үлгіде жабдықталған. Дәрігерлеріміздің қарамағына Аршалы ауылы да қарайды.



Мәдениет саласы. Облыс көлемінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өткізіліп келе жатқан «Туған ел- алтын бесігім» акциясы аясында 2014 жылдың 21 наурызында «Туған ел-алтын бесігім» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Байқауда 22 округ арасынан біздің округіміз алдыңғы қатардан көріне білді. Сонымен қатар аулымызда болатын әр мереке де мектеп оқушыларының, ауыл тұрғындарының, ауылдық клубтың, әкімшілігіміздің ат салысумен ерекше түрде аталып өтіп жүр. Ауылымызда әрбір мерекелік іс-шаралар атаусыз қалмайды. Ауылымыздың кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының арқасында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Осы мерекелердің барлығына да демеушілік жасап жүрген ауылымыздың атымтай жомарт азаматтары екенін де атап айта кеткіміз келеді. Ал енді өткен жылдың жақсы жаңалықтарының бірі Ауылдық клуб үйін күрделі жөндеуден өткізіп, жұмыс одан сайын жандана түскендігінде. Жастар үйіміз жаңарып, жаңғырып, халыққа қызметін бастап та кетті. Сонымен қатар талай жылдан бергі оқырман қауымның сұранысы болып жүрген кітапханамыз да осы клуб үйінің ішінен өз орнын тапты. Бұның барлығы ел игілігіне жасалып жатқан шаралардың бірі болып табылады.

Абаттандыру. Ауылдың санитарлық тазалау жұмыстары жыл сайын жүргізіліп отырады. Біз міне әрбір сенбі сайын сенбіліктер өткізіп келеміз. Сонымен қатар аудан орталығынан шақыртылған жүк тиегіш тракторы мен «Жарма-Су» мекемесінің жол құрылысына арналған тракторыларының көмегімен бұрыннан иесіз қалған, бұзылған үйлердің орны, қара жолдар түзуленіп, тазаланды. Округтегі 225 м3 қоқыс сыртқа шығарылды. Биылғы жылы отырғызылған ағаштар суғарылып, арам шөптері жұлынуда. Алдағы көктемде ағаш отырғызу маусымында тағы да 1500 дана қарағаш көшеттерін отырғызуға сұраныс жасалды. Ауылымыздың кіре беріс бөліктеріне банерлер жасалып, ауыл паспорты ілінді. Одан өтіп бара жатқан жолаушылар ауылымыз туралы қысқаша мағұлмат ала алады. Сонымен қатар кіре беріс қақпаларға дюрасель шамдарын орнаттық, ауылымыз түнгі уақытта алыстан менмұндалап тұратын болды.

Әлеуметтік сала. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 8 адам жұмыспен қамтылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 58 адам жұмыспен қамтылды.

Жастармен жұмыс. Ауыл жастары барлық іс-шараларға қатысып, округтегі мерекелерге үнемі округ әкімшілігімен бірлесіп ат салысып, тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасап отыр. Сонымен қатар қуанышты жағдай, ауылымызға 2 жас маман дипломмен ауылға мұғалім болып келіп отыр. Жастар біздің болашағымыз, білімі төмен тәрбиесі жоқ жастармен біз дамыған елдердің қатарына қосыла алмаймыз, сондықтан білім беру сапасын жоғарылатуымыз керек. Алдағы уақытта да осындай жас мамандарды тарту қолға алынады деп ойлаймын.

Даму перспективасы. Биылғы жылы тағы жарықтандыру жұмыстарын ары қарай жалғастыру және де сонымен қатар 900 метр жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен бірге жоғарыда айтылып кеткендей егістікке арналған жерлерді игеру де жоспарлануда. Елбасымыздың «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, ауылдың даму перспективасы үшін ары қарай ауыл шаруашылығында асыл тұқымды мал басын көбейтуді жалғастыруымыз қажет. Жеке секторда да малдың басын азайтуға жол берілмеу керек. Ол үшін, ауыл шаруашылық тауарларын  өндірушілерге шөп, жемдерді қол жетімді баға бойынша сатуды ұсынамын. Ауылымызды көркейту, көгалдандыру және санитарлық жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, барлығымызды бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Енді барлығымыздың басты мақсатымыз – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ауылымыздың көштен қалмай ілгері жылжуы, жаңа белестерге шығуы, гүлденіп, өркендеуі. Осы уақыт аралығында атқарылған істер өз жалғасын табады, әрбір іске жаңа серпін, жаңа көзқарас таныта отырып, жұмысты одан ары жалғастырамыз деген ойдамын. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында айтып өткендей, «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет