ШәКӘрім шығармаларын оқытуда гипермәтіндік технологияны қолдану



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі23.15 Kb.
#479551
түріҚұрамы
1   2   3
ГИПЕРМӘТІНДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ

лингвистикалық деңгейін гипермәтіндік технология арқылы тануға мысал келтірейік:
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
Шәкәрімнің «Үш анық» кітабында кейбір араб-парсы сөздері алал-адал, хақиқат-ақиқат, ғаділ-әділ, харекет-әрекет сияқты т.б. фонетикалық варианттарда келеді. Бұл фонетикалық варианттардың кейбірі бірдей мағынада жұмсалса, бірқатары жеке сөз ретінде де қолданылады. Мысалы, харекет – адал еңбекпен байланысты алынса, әрекет – айла, қулық сияқты ұғымды білдіреді [2]. Бұндайда да мәтіннің тілдік дәңгейін меңгеруде гипермәтін таптырмас құрал.
Мәтіннің семиотикалық деңгейін тану – екінші, әрі маңызды қадам, ол оқушыны әдеби шығарманы қабылдауда лингвистикалық деңгейден бір саты жоғары көтеріп, оқырман ретінде талғамын арттырады. Көркем мәтінде сөздің тура мағынасы ғана емес, оның мәдени дәстүрдегі тұрақты мағыналары да маңызды болуы мүмкін.
Б.Момынова «Шәкәрім поэзиясының тілі» монографиясында Шәкәрімнің тілдік тұлға ретіндегі алғашқы деңгейін қалыптастырған, екінші когнитивтік деңгейін дамытуға ықпал еткен жыраулық мектептің, қисса дәстүрінің тілдік үлгілерін, Дулат пен Абай дәстүрімен жалғастығын салыстырады: қарындас, боз үй, ақ өлім, ақ жол, т.б. қайталау тәсілі. Зерттеуші Шәкәрім тұлғасының философиялық сипатын оның афоризмдік қолданыстары айшықтайды деп санайды: Өмір бойы қуанбақ жынды ісі ғой; Санасызға жаза жоқ, т.б. Ғалым «тілдік тұлға» болмысын түсіндіруде ерекше мәні бар «тектілік», «тегі» ұғымдарын Шәкәрімге қатысты былайша түсіндіреді: «Мұсылманша сауаты бар Дулатқа рухани жақын Абай мен оның жанында жүрген Шәкәрімнің өніп шыққан аймағының, өскен жерлерінің бірлігі, дүнияуи ғылыммен таныстықтары, діни сауаттарының зорлығы, білімпаздықтарының тектес ойлауға әсер етуі – көтерген тақырыптары мен сөз саптауларын өзгелерден ерекшелендіріп тұратын деңгейге жеткізген» [3],[4].
Үшінші деңгей тілдің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет