Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаты жоспарын ұсынып отырмыз. Тақырыбы


Рамазан:-Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді. Ұлболсын



бет2/4
Дата17.06.2024
өлшемі105.1 Kb.
#502635
1   2   3   4
Тәрбие сағаты

Рамазан:-Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді.
Ұлболсын:–Иа, Рамазан, ендеше болашақ ел тұтқаларын ортамызға шақырайық. «Жыр думанның» қонақтарын қарсы алайық. Келіңіздер, төрден орын алыңыздар.Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті деп жатамыз.Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай? Бүгінгі «Жыр думанға» жырдан шашу шашсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.
Ортаға «Жыр думанның» қонақтары шығады. Олар кезекпен өлеңдерін оқиды.
Аружан: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Нұрдәулет: Көк байрағым, ар-намысым жігерім,
Әнұраным қайрат күшім тірегім.
Елтаңба бүкіл елдің тарихы,
Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін
Бейбіт: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар ,ата – жолысалтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
Жүргізуші: -Рахмет, сіздерге. Жырдан шашу шаштыңыздар. Келесі қонақтарға қояр сұрағым бар. Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсмыңдар?
Оқушылар: -3,5,7 сандарын киелі санаған.
Жүргізуші:-Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен? Қане, айтып көрейік.
Наз: Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Ақмоншақ: Үш қуаныш: 1.Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі 3. Ісіңнің өшпеуі
Ақниет: Бес қару: Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.
Ару: Бес ақыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге қашық бол,
Адам болам десеңіз…
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жансая: Жеті жетекші:

  1. Адамның басшысы-ақыл

  2. Жетекшісі- талап

  3. Жолаушысы-ой

  4. Жолдасы-кәсіп

  5. Қорғаны-сабыр

  6. Қорғаушысы-мінез

  7. Сынаушысы-халық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет