Тапсырмалар мен проблемелар 2012 жылға Выдриха ауылдық округін дамытуға арналған тапсырмалар:
1. Выдриха ауылында ТҚҚ полигоны құрылысын аяқтау.
2. Жауапты әлеуметтік бизнес меморандумдары аясында абаттандыру, тал егу, санитарлық тазалық және елді мекендердің эстетикалық көрінісін жақсарту.
3. Шағын ауыл шаруышылық құрылымдарын ірілендіру мәселесін шешу уақыты келді. Себебі көптеген шағын шаруашылықтар агротехникалық іс-шараларды жүргізуге шамасы жетпейді. Себу ережесін орындамайды, алдыңғы қатарлы технологияларды қолданбайды, минералды тыңайтқыштарды сеппейді, техниканы жаңартпайды, сол себепті өнімнің түсімі төмен, жаңа сұрыптар егілмейді.
4. Округтегі «Выдриха «А.Иванов атындағы мектеп-балабақша» кешені» ММ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Шатырын жаңарту, жылыту пешін салу.
5. Межовка ауылында медициналық пункт сатып алу мәселесін шешу.
ЗЕВАКИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Ж.Т.СИНИЯЗОВТЫҢ ТЕЗИСІ
Зевакино ауылдық округінің жалпы аумағы 29652 га, елді мекендердің жер аумағы 4243 га, ауыл шаруашылық себілім аумағы 26999 га, жыртылтын жер 19424га, жайылым 5545 га алып жатыр. Округтің орталығы- Зевакино ауылы. Округтің құрамына 3 елді мекен, жалпы тұрғындардың саны 2217 адам: Зевакино ауылында -1294 адам, Новая Убинка ауылында 124 адам, Убинка ауылында-799 адам тұрады. Тұрғындардың этникалық құрамы көп ұлтты.
Ауыл шаруашылығы. Округ тұрғындарының күн көрісі –ауыл шаруашылығымен айналысу, бұл мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Селолық округтің аумағында 41 ауыл шаруашылық құрылымдары бар-оның 8-і ЖШС және өсімдік шаруашылығымен айналысатын 1 ӨК (өндірістік кооператив) жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдары 2011 жылы 8321 га жерге дәнді дақылдар және 884 га жерге күнбағыс егіліп, дәнді дақылдардың орташа өнімі гектарынан- 9 ц. алынды, күнбағыс гектарынан-6,8 га өндірілді.
Жеке сектор бойынша. ІҚМ-935 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 335 басқа азайды; шошқа: -680 бас 44 басқа азайған, қой-1950 бас 136 көбейді, жылқы- -564 бас, 37 басқа көбейді, құс-4032 бас-1407 басқа азайды.
Білім беру. Округ аумағында екі білім беру мекемелері қызмет жасайды: «Зевакино орта мектебі» ММ: 2011 жылы -129 оқушы оқып, оның ЖОО және колледждерге 5 түлек оқуға түсті, 1 оқушы грант иегері, білім сапасы 51%, ҰБТ-73 % құрады. «Убинка орта мектебі» ММ 2011 жылы -129 оқушы, соның 4 –і 11 сыныпты аяқтап, ЖОО 2 оқушы, грант иегері -0, білім сапасы-40,4 %, ҰБТ-85,5% құрады. Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектеп заман талабына сай техникалармен жарақтандырылған, интернет байланысына екі мектеп те қосылған. Мектеп жанындағы шағын орталыққа барлығы -38 бала қамтылған.
Денсаулық сақтау. Округ аумағында екі ФАП медициналық мекеме- тұрғындарға қызмет көрсетеді, барлығы 4 орта медицина қызметкерлері бар.
Мәдениет және спорт. Ауылдарда екі кітапхана және ауылдық клуб бар. Округ мектептерінің дене шынықтару пәнінің мұғалімдері дене шынықтыру және спорт үйірмелері ұйымдастырып, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, шаңғымен жарысу және теннис секцияларында ауыл жастары тартылған. «20 қайырымды іс» акциясы аясында шаруа қожалықтарының жетекшілерінің демеуімен «Н.Л.Вожов» ш/қ және «А.М.Боровиков» ш/қ 500000 мың теңгенің спорт құралдарын сатып алды. Шаруа қожалықтарының және оқушылардың күшімен хоккей қораптары тұрғызылып, мұз қатырылды.
Инфрақұрылым.
Жарықтандыру. 2011 жылы бюджеттен 2 млн. 400 мың теңге көшелерді жарықтандыруға және 196 мың теңге қызмет көрсету үшін бөлініп, бюджет қаржысы толығымен игерілді.
Телефонизация. Округ аумағында 373 телефон нөмірлері бар. Ұялы байланыс орнатылған.
Жолдар. 2011 жылы бюджеттен 2 млн 84 мың теңге жолдарды ұстауға бөлінді, соның ішінде 1 млн. 858 мың теңге ағымды жөндеуге және 226 мың теңге жолдарды қысқы уақытта қардан тазарту үшін бөлінді.
Округтің қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Округ аумағында 14 жуық шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторы қылмыстың алдын алу және әкімшілік құқық бұзу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр. Қылмысын өтеу орындарынан босап шыққан 3– азамат тіркеуге алынып, жұмысқа орналастырылды.
Тұрғындардың қойған сұрақтары:
1. Балалар алаңдары мен аялдамаларын салу. 2011 жылы Убинка ауылында 1 аялдама және балалар алаңшасы тұрғызылды. Зевакино және Убинка ауылдарында хоккей қораптары салынды. 2. Убинка аулындағы мектептің автокөлігіне жөндеу жүргізуге қаржы бөлу. Убинка орта мектебінің автокөлігіне 254,0 мың теңге бөлінді. 2012 жылы жаңа көлік сатып алу жоспарланды.
Қаржылық-бюджеттік сала. 2011 жылы жергілікті салық түсімі: жер салығынан-162739 мың теңге, мүлік салығы- 108515 мың теңге түсім түсті. 2011 жылы бюджет қаржысы қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау бойынша «Н.Л.Вожова» ш/қ жалпы құны -25 млн теңгелік клуб ауданның мәдениет үйіне қайтарылды. Убинка ауылдарының ш/қ басшылары бірлесе отырып, ауылдық клубқа-100 мың теңгеге есік орнатылды. Сонымен қатар 2011 жылы аудандық бюджеттен клубты жылумен қамтамасыз етуге- 400 мың теңге бөлінді. Музыкалық орталық сатып алуға қаржы бөлінеді. Округтің ш/қ басшылары «20 қайырымды іс» акциясы аясында барлығы 4,6 млн. теңгенің 2 қайырымдылық ісін жасады.
2012 жылға Зевакино ауылдық округін дамытуға арналған проблемалар: Тұрғындарға ауылдан облыс орталығы Өскемен қаласына дейін көлік тасымалын қамтасыз ету.
2012 жылға тапсырмалар: Жауапты әлеуметтік бизнес меморандумдары аясында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және елді мекендердің эстетикалық көрінісін жақсарту; ІҚМ басының санын өсіру және егін шаруашылығында өнімділікті арттыру; шағын шаруашылықтарды ірілендіру; Ауылдық округтерде мал қорымдарын салу; ауылдық округтердегі көшелерді жарықтандыру; ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу; Зевакино ауылының тұрғындарына клуб ашу.
КАМЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ А.Т.РАУШТЫҢ
ЕСЕБІ
Каменов ауылдық округі 5 елді мекеннен құралады, жалпы аумағы 69090 га, елді мекендердің жер аумағы 118,91 га, ауыл шаруашылық себілім аумағы 37580 га, егістік 23880 га, жайылым 11760 га, шабындық 194га алып жатыр. Округтің орталығы- Рассыпное ауылы. Жалпы тұрғындардың саны округ бойынша 2480 адам: Рассыпное ауылында -848 адам, Коневка ауылында 342 адам, Рулиха ауылында-1017 адам, Рулиха стансасында -103 адам, Михайловка ауылында-91 адам тұрады. Ауданның орталығына дейін -20 км, темір жол стансасына дейін -20 км.
Ауыл шаруашылығы. Селолық округтің аумағында 126 ауылшаруашылық құрылымдары бар. Ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілеріне 29501 га ауылшаруашылығына арналған жер бекітіліп берілген., соның ішінде 20701 га жердің балл бонитеті 63. округтегі шабындық жер 1568 га және жайылым жер 9416 га құрайды.
2011 жылы 12947 га жерге дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдас дақылдар; дәнді дақылдардың өнімі -141438 ц, күнбағыс 5755 га (валдық терілім-58792ц) және 1,5 мың га жем және себілмелі шөп салынды. 2011 жылы округ бойынша өнімділік әр центнерінен дәнді дақылдар 10,9 га, күнбағысч -10,2 га болды.
Каменеовский ауылдық округінде мал шаруашылығымен «А.В.Шипулин» ш/қ, «Н.И.Сердюков» ш/қ, «С.Н.Жуковский» ж/к айналысады. «А.В.Шипулин» шаруа қожалығында 824 бас ірі қара малы өсіріліеді, 2010 жылмен салыстырғанда мал басы 40 басқа көбейген. Барлық малдың санынан -305 бас сиыр (2010 жылмен салыстырғанда 45 басқа көбейген). Сүт өнімі -7471 ц, бұл көрсеткіш 21 жылмен салыстырғанда 12 % көп өндірілген. Бір сауынды сиырдан орташа 2697 л., бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 % көп. «Н.И.Сердюков» шаруа қожалығында 752 бас шошқа,514 бас қой, орташа алғанда мал басы 60 % көбейді. С.Н.Жуковский 482 бас шошқа және 500 бас қой өсіруде.
Жеке сектор бойынша. ІҚМ-1053 бас, оның 414 басы сиыр төлі, қой және ешкі-2623 бас, жылқы-196 бас, шошқа-4013 бас, құс-10621бас. Жеке тұрғындардан ет өндіру- 6830ц, сүт 16700 ц, жұмыртқа 860 мың дана. Бір сауынды сиырдан 3479 ц сүт өндірілді.
Жеке кәсіпкерлік. Округ аумағында 17 дүкен, 1 наубайхана жұмыс істейді. Шағын бизнеспен 58 адам айналысады.
Қаржылық-бюджеттік сала. 2011 жылы жергілікті салық түсімі 258,5 мың теңгені құрады.
Білім беру. Округ аумағында 3 білім беру мекемесі, оның 2-і орта мектеп. Орта мектеп жанында шағын орталықтар бар. Барлық мектепке дейінгі балалардың саны 174 бала, 255 оқушы. 3 мектеп компьютермен жабдықталған, Михайловка және Рулиха мектептері Интернет желісіне қосылған. 2011 жылы оқушылардың білім сапасы-43 %, ҰБТ бойынша орташа балл-85.
Білім беру саласының басты бағыты: оқу-тәрбие процесін валеолизациялау, ҰБТ және МАБ нәтижелерін көтеру, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың денсаулығы қорытындысын өсіру.
Денсаулық сақтау. 3 мед. Мекеме, оның АДА Рассыпное және Рулиха ауылдарында, Коневка ауылында ФАП жұмыс істейді. Санитарлық көлікпен қамтамасыз етілмеген. Жыл сайын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шаруа қожалықтары демеушілік жасайды. Рулиха ауылындағы АДА жөндеуді қажет етеді.
Мәдениет. Ауылдарда екі ауылдық, екі мектеп кітапханалары және Рулиха ауылында «Б.И.Антропов» шаруа қожалығының иелігінде Мәдениет үйі бар. Екі мұражай, Қазақ ұлттық орталығы, екі спортзал, екі мектеп спорт алаңы жұмыс істейді, Бұл қоғамдақ орындарда ауыл тұрғындары өздерінің бос уақыттарын өткізеді. Коневка және Рассыпное ауылдарында клубтардың құрылысы туралы мәселе шешілген жоқ. Рулиха ауылындағы клуб үйін күрделі жөндеуден өткізу және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын толықтыру туралы мәселе шешімін тапқан жоқ.
Округтің қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. 2011 жылы Рулиха ауылын жарықтандыру мәселесі толық шешілді. Жарықтандыру мәселесі біртіндеп 3 жыл көлемінде шешіледі. Округ ауылдары телефон қызметіне қосылған, барлығы 109 нөмір қойылып, Рассыпное және Коневка ауылдарында кезек жоқ. 2011 жылы бюджеттен 181 мың теңге жолдарды ұстауға бөлінді, соның ішінде жолдарды ұстау бойынша салмақ шаруа қожалықтарына түседі. Коневка ауылында жыл сайын «А.В.Шипулин» шаруа қожалығы 1,5 млн теңге бөледі. Рассыпное ауылында жолдар бөлініп ұсталады, Рулиха ауылының жолдарымен көбінесе «Б.И.Антропов» ш/қ және «Н.И.Сердюков» ш/қ айналысады.
Рулиха және Рассыпное ауылдарындағы су жинайтын құбыр және су құбырлары «Шемонаиха су каналы» КМҚМ меншігіне берілген. Коневка ауылында сумен қамтамасыз ету объектісінің мәселесі шешілу үстінде. ЖСҚ жасалған және қазіргі уақытта сараптамадан өтуде. Аудан бюджетіне АДА және Рулиха ауылындағы Мәдениет үйін өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Өткен жылы тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 16 адам. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны жыл басынан бері 15 адам. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам қайта даярлаудан өтті. Жыл көлемінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Орталыққа 36 адам өтініш беріп, 15 жұмыспен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмекке -56 адам өтініш беріп, 1 789 400 теңгенің көмегі, тұрғын үй көмегін- 10 адам, 87 672 мың теңгенің, 18 жасқа дейінгі балаларға мемдекеттік жәрдемақыны -6 адам, барлығы 190 500 теңгенің көмегі көрсетілді.
Каменев ауылдық округі бойынша шаруашылық субъектілерімен қарым-қатынас жасауға барлығы 4538 мың теңгені құрайтын 18 меморандум бекітілді.
Округтің қоғамдық мекемелері: Округ әкімінің жанында бес қоғамдық ұйым жұмыс істейді: екі соғыс және еңбек ардагерлерінің Кеңесі, екі отбасы және әйелдер комиссиясы, тәртіп бұзу дың алдын алу бойынша әлеуметтік Кеңес. Қоғамдық ұйымдардың мүшелері ауылдардың барлық мәселесін шешуде белсенділік көрсетеді, Жасөспірімдер және тұрғындардың арасында тәртіпті бұзудың алдын алу бағдарламаларын, жалпыға білім беру мәселесі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізеді.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсетеді.
2012 жылға арналған Каменев ауылдық округін дамыту бойынша тапсырмалар: Жауапты әлеуметтік бизнес меморандумдары аясында абаттандыру, тал егу, санитарлық тазалық және елді мекендердің эстетикалық көрінісін жақсарту; Рулиха және Рассыпное ауылдарында ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигонын орналастыру үшін жер бөлі жөнінде жұмыс жүргізу.
ОКТЯБРЬСКОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ А.И.УДОДОВТЫҢ ЕСЕБІ
Октябрьское ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады, халқының жалпы саны-1509 адам, оның ішінде Октябрьское а.-1134 адам, Садовое а.- 42 адам, Луговое а.- 333 адам. Округ елді мекеннің этникалық құрамы: қазақтар-13,7 %, орыстар -82%, өзге ұлттар-0,7 %.
Округ орталығы– Октябрьское ауылы. Округ аумағының жалпы ауданы-18937, оның ішінде елді мекеннің жері- 1947 га. Ауыл шаруашылығының жері, барлығы 15592 га, оның ішінде егіндік -12135 га, жайылым- 5041 га. Бонитеттің орта балы-61.
Ауыл шаруашылығы:
-өсімдік шаруашылығы
Округте 10 ауыл шаруашылық құрылымдар жұмыс істейді, оның ішінде екі ірі шаруа қожалғы: «Шемонаихинское» ШҚ (егістік алқабы-3537 га) және «Воробьев Н и Ко» КС (егістік алқабы-7987 га). Шағын шаруа қожалықтарының егістік алқабы-581 га құрайды. 2011 жылы егістік қорытындысы: 6292 га астық және астық бұршақ, 2718 га күнбағыс егілді. Округ бойынша 2011 жылы 9437,9 тонна астық, 2295,2 тонна күнбағыс жиналды. 2010 жылмен салыстырғанда астық 1363 тоннаға немесе 16,9 % өсті, күнбағыс-319,2 тонна немесе 16,2 % өсті.
Округ бойынша ауыл шаруашылық құрылымдар кескінінде астық шығымы 15 ц/га құрайды:
«Шемонаихинское» ШҚ -18,0 ц/га., «Воробьев Н и Ко» КС-14 ц/га, қалған шағын шаруа қожалықтарының орташасын алғанда -8,8 ц/га. Ең төмен көрсеткіш: «Никоненко С.И.» ШҚ-5,5 ц/га, «Лик» -7 ц/га, «Омурзаков» ШҚ-9 ц/га.
Күнбағыс шығымы 8,4 ц/га құрайды, оның ішінде шаруа қожалықтарының кескінінде:
«Шемонаихинское» ШҚ -11,8 ц/га., «Воробьев Н и Ко» КС-6,7 ц/га, қалған шағын шаруа қожалықтары орташа -5,4 ц/га. («Гусинский» ШҚ-10 ц/га. «Омурзаков» ШҚ-9 ц/га., «Прохорович» ШҚ -4 ц/га).
-мал шаруашылығы
Мал шаруашылығымен үш шаруа қожалығы «Шемонаихинское» ШҚ, «Воробьев Н и Ко» КС, «Прохорович А.М.» ШҚ және округ тұрғындары айналысады. 2012 жылдың 1 қаңтарына округ ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша мал басы: ірі қара- 3147 бас құрайды, оның ішінде-1033 бас сиыр, бір сиырдың орташа сауылымы-2745 литр, шошқа -240 бас.
Жеке сектор бойынша
Мал басы: ірі қара, барлығы- 423 бас, оның ішінде сиыр- 144 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 29 бас және 5 басқа аз.
Шошқа- 949 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 183 басқа өсті.
Қой мен ешкі-581 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 181 басқа ұлғайды.
Жылқы-84 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 12 басқа көбейді.
Құстар-3639 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 39 басқа өсті
Білім
Округ аумағында екі білім беру мекемесі бар: Октябрьское а. «Октябрь «Мектеп-балабақша кешені» ММ, Луговое а. «Октябрьская негізгі орта мектебі» ММ, онда 211 оқушы оқиды, балабақшаға 47 бала барады. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап қосымша 2 жастан бастап алынатын 15 балаға кіші топ ашылды.
ҰБТ бал- 2010-2011 оқу жылы 81 % құрайды, өткен жылмен салыстырғанда жоғары-78,9 %. Түлектер 2011 жылы Қазақстандағы ЖОО -5 адам, Ресейдегі ЖОО-1 адам, Қазақстандағы колледждерге-9 адам, Ресейдегі колледждерге-2 адам оқуға түсті.
Мектеп оқушыларына «Шемонаихинское» ШҚ, «Воробьев Н и Ко» КС асханасында ыстық тамақ ұйымдастырылды. Мектептер орг. техникамен жабдықталған, интернетке қосылған.
2011 жылы Октябрьское а. 180 орынға жаңа мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттауы әзірленді, «Востокгосэкспертиза» ДГП оң қорытындысы алынды.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау объектілері:-1ФАП медқызметшілермен қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау аухалы: туылған-20, қайтыс болғандар-32, ана мен бала өлімі жоқ. Қараусыз қалған туберкулез ауруы жоқ. Есепте бір адам тұр. ФАП автокөлікпен қамтамасыз етілмеген.
Мәдениет және спорт
Октябрьское а. мәдениет объектілері-1, кітапхана-1. Есеп беру кезеңінде 4518 адамды қамтумен 75 мәдени-бұқаралық іс-шаралар, 1058 адамды қамтумен 31 би-кештері өткізілді.
2011 жылы Октябрьское а. ауылдық мәдениет үйінің ұзақ уақыт бойы бос тұрған екінші қабатына күрделі жөндеу жүргізілді. Жөндеу жүргізілгеннен кейін екінші қабатта кітапхана, бильярд ойнайтын жер, хореография орналастырылды. Клуб ғимаратының алдыңғы бетіне әсемдеу жұмыстары жүргізілді, оған жататын алаңға бетон төселді (650 кв.м.). Көрермендер залындағы креслолар қайта жөндеуден өтті.
Округ аумағында спорт түрлері: жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол белсенді дамуда. Барлық спорттық үйірмелер мектепте өтеді.
Инфрақұрылым
«Жол картасы» іс-шараларын жүзеге асыру аясында мынадай жұмыс түрлері атқарылды: Шемонаиха қ.-Октябрьское а-Садовое а.- Луговое а. автомобиль жолдарына жөндеу (ұсақ тастардан асфальт төселді); Октябрьское ауылы, Дружбы көшесі бойындағы 273 кв.м. жолдың шұңқырларына 1 млн. 42 мың теңге сомасына жөндеу жүргізілді; Октябрьское ауылының Дружбы, Гагарина, Интернациональная, Мира, Зеленая көшелері жарықтандырылды (1 млн. 200 мың теңге сомасына 37 шам орнатылды.)
Округте қоғамдық-саяси аухал тұрақты
Құқық тәртіпті қорғау жөніндегі полиция учаскелік инспекторы құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу, ескерту және жолын кесу мәселесі бойынша 30 дан аса жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. 2011 жылы 18 қылмыс жасалды, оның ішінде 16 –сі ашылды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 11 ге дейін өсті. ҚР ҚК 175-ші бабы бойынша ең көп қылмыс жасалған. («Шемонаихинское» ШҚ, жеке тұлғалардың мүлкін ұрлау).
Шемонаиха ауданы әкімінің 2010 жылғы есепті жиынында қойылған сұрақтар
округ тұрғындары 2010 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесуінде 11 сұрақ қойды, 6 сұраққа сол жерде жауап қайтарылды және орнында түсіндірме берілді, 5 сұрақ бақылауға алынды.
Қаржылық-бюджеттік сала
2011 жылы жергілікті салық түсті: жер-123,1 мың теңге, мүлік-87,1 мың теңге.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес 2011 жыл ағымында бюджет қаражаты игерілді.
Халықты әлеуметтік қорғау
«20 жылдыққа- 20 жарқын іс» акция аясында әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде 3 ауыл шаруашылық құрылымы және 4 жеке кәсіпкерлер арасында 17514 мың сомасына ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. 2011 жылы 100 % орындалды.
Округтің аз қамтылған отбасылары барлық нысандағы атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған. Есеп беру ағымында: АМӘК- 5 адам, алушылар- 95,4 мың теңге сомасы, МБЖ (мемлекеттік балалар жәрдемақысы)-1 адам-4,5 мың теңге; тұрғын үйлік жәрдемақы-35 отбасы 418,1 мың теңге сомасы төленді
2012 жылға арналған Октябрьское ауылдық округін дамыту проблемалары, міндеттері: Октябрьское а. 180 орынға жаңа мектеп құрылысы; округ елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру (көшелерді жарықтандыру, округ елді мекендер көшелерінің жолдарын жөндеу); округ шағын шаруа қожалықтарын біріктіру; округте ірі қара малын ұлғайту; Луговое а. медициналық пунктінің жоқтығы.
РАЗИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ С.И.ЛЫЧАГИНАНЫҢ ЕСЕБІ
Разин ауылдық округі 268,7 мың шаршы км алып жатыр. Округте -4 елді мекен бар, онда 1700 адам тұрады, орталық Красная Шемонаиха ауылы. Этникалық құрамы: қазақтар 23 %, орыстар 68%, басқа ұлттар 9%7
Ауыл шаруашылығы
Егіншілік. Округтің базистік саласы-ауыл шаруашылығы. Округте 2011 жылғы 01 қаңтарға 64 ауыл шаруашылық құрылым есепке алынған. 2012 жылғы 01 қаңтарға -54. Ауыл шаруашылық өндірісімен округтің елді мекенінде 324 жеке шаруа қожалықтары айналысады. Соңғы 3 жылда 17 шағын шаруалар өздерінің жер телімдерін тұрақты дамып келе жатқан ауыл шаруашылық құрылымдарына берді. Разинский округінде ауыл шаруашылығының құрылымдарының жері 23,3 мың гектар, оның ішінде 13,7 мың гектар егістіктер, шабындық 2,1 мың гектар және 9,044 мың гектар жайылымдар. Округтегі демалыс бонитет балы 43,25. Үлкен ауыл шаруашылық құрылымы: «Белокаменское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, «Восход» ШҚ, «Бондаренко» ШҚ. Округ шаруаларымен 2011 жылы–11,6 орташа өнімділікпен гектардан 7693 центнер бидай, 11,5 орташа өнімділікпен гектардан 3577 центнер күнбағыс өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда машина-тракторлық парктер жаңартылды. Округ бойынша соңғы 2 жылда шаруа қожалықтармен жаңа техника, қойма салуға, технологиялық өзгерістерге инвестиция сомасы 155 млн 500 мың теңге құйылды.
«Белокаменское» ЖШС – да шаруашылықты инвестициялық және инновациялық дамыту жолдары анықталды. Жер, негізгі қаражаттарды түгендеу жүргізіледі. Қажетті техникалар анықталды, жалпы сомасы 80 млн.теңгеге жаңа техника сатып алынған: 1 шөп комбайны- 15 млн 700 мың теңге, 3 шөп шабқыш 1,5 млн теңге, 1 нығайтқыш жинаушы 1 млн 750 мың теңге, 2 жем таратқыш 2,6 млн теңге. Лизинг бойынша – 2 «Есіл» бидай комбайны сомасы 32 млн теңге, 1 силостық комбайны 3 млн 950 мың теңге, 2 «Беларус» тракторы 16 млн теңге, компьютерлік техникалар алынды. 2012 жылы 80 млн теңгеге ауыл шаруашылық техникасын сатып алу жоспарлануда.
«Востоксельхозпродукт» ЖШС-да жері 2284 га, оның ішінде егістік 2254 га; 2007 жылы жерді тыңайту үшін 23 шағын шаруа қожалықтары бірікті. Нығайту процестері жалғасуда, шаруа қожалықтары құрамына 12 шағын ШҚ кірді. Шаруа қожалықтары тұрақты дамып келеді: 2 жылда сомасы 35,3 млн теңгеге жаңа техникалар сатып алынды. 1000 шаршы метр дән сақтау қоймасы салынды және жөндеуге берілді, дәнді тазалау үшін сомасы 15 млн.теңгеге тазалау кешені қойылды. Тыңайтқыштар қолданылмайды, бірақ одан әрі тыңайтқышты сатып алу жоспарлануда.
«Бондаренко» ШҚ-да жерді 3 шағын шаруа қожалығы бірге тыңайтуда, жер 814 га, оның ішінде жыртылған жер -761 га. Шаруалар тұрақты жұмыс істейді. Қойма, гараж ғимараттары салынған. Жаңа техника сомасы 5 млн.теңгеге сатып алынған.
«Восход» ШҚ : жер 1047 га, оның ішінде егістіктер 588 га. Шаруалар тұрақты жұмыс істейді. Техника 2,5 млн теңгеге сатып алынған.
Ауыл шаруашылығы өндірушілердің округте үлкен резервтері бар: округтегі шаруалар құнарлықты жоғарлату үшін ылғалдандырғыш технолгияларды қолданбайды, айналымға дәнді дақылдар (асбұршақтар мен шөптер) өсірмейді, минералды тыңайтқыштар қолданылмайды, округте күнбағысты егу жыл сайын ұсынылған нормалардан жоғары, округ айналымында күнбағыс 25,7 егістіктерді алып жатыр, ұсынылатын 10-15%). «Восход» ШҚ И.В.Лонский 70 га асбұршақ отырғызды. Округ бойынша өнімділік төмен: дәнді 11,6%, күнбағыс -10,5%.
Есепте ІҚМ 3 мың бас, «Белокаменское» ЖШС жыл сайын егістікке органикалық тыңайтқыштарға 8-10 мың тонна шығаруға және қосымша 1-1,2 мың тонна бидай алуға мүмкіндігі бар.
Соңғы он бес жылда шаруашылық жойылуда. Округтегі барлық шаруалар жердің ылғалдылығын жоғарлату бойынша жұмыс істемейді. Шаруашылықта кептіретін агригаттар жоқ болғандықтан егіншілік параметрлерін жүзеге асыру үшін қажетті өндірісті және бидайды жинау кезінде үлкен шығындарға әкеліп соғады. Егістік жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық шаруашылық құрылымдарына ЖШС, ШҚ қатысушыларының жер үлестеріне дивиденттер төледі.
Ахуалды шешу жолдары: шаруашылықты нығайту, жаңа сұрамдық сорт және гибриттерді, ауыл шаруашылық мәдениеттерін бөлу жаңа технологияларын енгізу, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, дәнді мәдениеттер айналымдарды енгізуде жерлерді жақсарту. Трактор мен комбайндарды жаңарту егу, технологиялық операцияларды жүргізуде жұмыстың мерзімін азайтады, егістіктің әрбір гектранан өнім жоғарлайды. Кадрмен жұмыс істеу.
Тұрақты егіншілікпен айлаласып келе жатқан («Белокаменское», «Бондаренко» ШҚ, «Восток сельхоз продукт» ШҚ) кептіру агригаттарды алу мәселесін шешу қажет, өйткені округтегі жерлер бидай мен күнбағыс өнімдерін жоғары алуға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы. Разинский округінде жеке сектордан басқа мал шаруашылығымен «Белокаменское» ЖШС айналысады. 2010 жылға дейін округ бойынша мал бсаы өсті. 2010 жылы тамызда «Белокаменское» ЖШС бруцеллез ірі қара малдарда анықталды. Осы кезеңде «Белокаменское» ЖШС 1635 бас ІҚМ өткізілді, елді мекеннен 34 бас, округтің бұл көрсеткіші барлығына әсерін тигізді. Округте мал шаруашылығн дамыту мониторингі соңғы үш жыл бойы ІҚМ басқа ауыл шаруашылығының барлық малдар түрі жоғарғы көрсеткіштер көрсетеді.
Округте 01.01.2012 жылғы жағдайына «Белокаменское» ЖШС – де 3779 ІҚМ бас (2011 ж 2554 95%), оның ішінде сиырлар -776 бас, жеке секторда 1225 ІҚМ бас (100%), оның ішінде 450 сиыр (100,4%), аттар -443 бас (106,4%), КҚМ – 718 бас (101%), шошқалар -1200 бас (103%), құстар 5120 (101%) бар. Өнідірістегі ет 150 т-70%, сүт -4129, 90%.
Достарыңызбен бөлісу: |