Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты



бет3/5
Дата21.09.2023
өлшемі3.27 Mb.
#478161
1   2   3   4   5
Мірапзалқызы Ақшолпан Био-20-1 физиология

Гипофиз


аденогипофиз
нейрогипофиз
Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 50-65мг. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды), Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдынғы, артқы, ортаңғы. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Гипофиз безінің қызметі

  • 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
  • 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
  • 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
  • 4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
  • 5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
  • 6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
  • Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.
  • Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.

Эпифиз жалпы түсінік

  • Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді.Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады. Эпифиз безі негізінен ұйқы режимін реттеу үшін қолданылатын мелатонин гормонының өндірілуі мен бөлінуіне жауап береді. Мелатонин өндірісі қараңғыда көбейіп, жарықта азаяды, осылайша ұйқы циклын реттейді. Жарық сезетін нейроннан эпифизге ақпарат ағынын тоқтату ұйқысыздыққа және ұйқының басқа бұзылуына әкелуі мүмкін. Эпифиз безі жыныстық гормондар мен қан қысымын реттейтін және артерия қабырғаларының икемділігіне де әсер етеді деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет