- Айырша без немесе тимус — омыртқалы жануарлар мен адам ағзаларындағы иммунды жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммунды жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар ағзаларындағы жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) жасушаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады.
- Тимус кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм).
Қызметі
Бұл без тимозин гормонын бөледі және тимозин гормоны ағзада иммундық жүйенің орталық жүйесі болып саналады.т Тимозин гормоны денеге жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. . Ал егер бұл гормон жеткілікті мөлшерде бөлінсе, көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсы дене түзілмейді.
Қорытынды - Ішкі сөлініс бездер физиологиясын Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызыметін күшейтеді деп қана есептеген. Бірақ кейінгі зеріттеулерге қарағанда, олай болмай шықты.
- Адам және жоғарғы сатыдағы жануарлардың гормондарын , химиялық құрлым ұқсастығын ,физика –химиялық, биологиялық қасиеттерінің орталығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
- 1. Белоктық-пептидті қосылымдар (инсулин, глекогон,соматотропин т.б.);
- 2. Стереоидтар (бүйреккүсті безі қабынғаның және жыныс бездері гормондары);
- 3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер- адренали, норадренали ). Гормондардың биосинтезі арнайы эндокриндік клеткалардың генетикалық аппараттарында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондардың белгілі бір гормандарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктармен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон альбумин және а – глобулинмен бірігеді, бұдан активтігі төмен байланысқан гормон формасы пайда болады.
- Гормондардың құрлымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері (фрагменттері) әртүрлі қызымет атқарады . Актондар – гормонның клеткаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар – гормонның әсер етуі жерін , нысана клеткаларын іздейтін бөлік. Гормон құрлымының үшінші бөлігі активтілік дәрежесін және гормон молекуласының басқа қасиеттерін реттейді .Ағзалармен тканьдер, негізінен бауыр мен бүйрек клеткалары гормондардың сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |