Гормондардың жіктелуі:
Химиялық құрамы бойынша:Стероидтық,амин қышқылдарының туындылары,белокты-пептидті
Әсерінің бағыты бойынша:Анаболиттік(инсулин),катаболиттік(тироксин)
Қызметі бойынша:Эффекторлық,троптық,гипоталамус гормондары
Гормондардың негізгі қасиеттері: - Бөлінген орнына қарамастан алыстан әсер етуі;
- Арнайы қызметі-бір гормонның қызметінің келесі бір гормоннның қызметіне сай келмеуі;
- Гормондардың аз уақыт ішінде әсер ете алуы;
- Аз мөлшерде керек нәтижеге жете алуы;
- Дәнекерлік рөлі- ақпаратты жүйке жүйесінен жасушаға жеткізуі.
Гормондардың әсер етуі - Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон — белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
- Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Әсер етудің 2негізгі механизмі белгілі
Гормон ішіне енгеннен кейінгі реализациясы
Сыртқы қабат эффектісінің реализациясы
Гипоталамус-гипофиздік жүйе - Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды.
- Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |