Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет11/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#124683
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Көптеген буын аурулары кезінде анкилоз , патологиялық буынның шығуына әкеледі: іріңді қабыну-сепсиске шалдықтырады. Буын жаралары инфекциямен асқынады. Буын ауруларының диагностикасын әдістерін өңдеуде тыныштық жағдайдағы аяқтардың орналасуына ақсақтың пайда болу деңгейіне, активті және пассивті қозғалыс кезіндегі буындардың қозғалғыштығына, ауырсыну реакциясының деңгейіне, домбығу пішінінің өзгеруіне ерекше назар аударады. Экссудативті процесс кезінде бимануальды пальпацияны қолданған жөн, өйткені сол арқылы буын капсуласының тығыздалу деңгейін және буын сұйықтығының алмасуын анықтауға болады. Жекелеген жағдайларда диагнозды нақтылау мақсатында новакин-антибиотикті ерітіндісін енгізу арқылы, асептика және антисептика ережелерін қатаң түрде сақтап буын пункциясын жүргізеді. Көптеген аурулары клиникалық белгілері боынша сіңір зақымдалуларына ұқсас болып келеді. Бұл жағдайларда дифференциальды диагностика жүргізеді, ол үшін новокаин ерітіндісі арқылы буынды жансыздандырады: ірі қараға: 5-10 мл , ұсақ малдарға 2-5 мл мөлшерде енгізеді. Ақсақтықтың жоқ болуы немесе оның тез азаюы, әсіресе жансыздандырғаннан кейінгі буындағы процесстің оқшауланғандығын көрсетеді. Жіті түрде өтетін буынның іріңді қабынуын анықтау кезінде малдың жалпы жағдайын ескеру қажет. Іріңді синовит, артриттің болуы буынды тесу арқылы нақтыланады. Сапалы үшхлорсіркеқышқылды сынаманы қолдануға болады. Жалпы методика арқылы синовии жұғындысын дайындап , микроскоп арқылы зерттеп , ондағы лейкоциттер мен эритроциттерді санайды. Артрит , остеоартрит, артрозды рентген зерттеулері арқылы анықтайды.

Буынның іріңді қабынуында этиопатогенетикалық терапияны қолданған жақсы нәтиже береді. Іріңді қабынуда буынды жуып-шаю методикасын өңдеу қажет. Буындардың өткізгіштік қасиетін қалыпқа келтіру мақсатында новакаинды блокадаларды қолданады. Буынға қышқыл немесе сілтілі реакциялы жоғарғы концентрлі дәрілік заттарды енгізуге болмайды.

Жіті синовит, гемартроз , созылуда буынға малдың тірі салмағына шаққанда 0,3-0,4 мг / кг мөлшерде гидрокортизон енгізеді. Іріңді процестерде гидрокортизонмен бірге антибиотиктерді енгізеді.

Буын және сіңір маңайындағы жұмсақ ұлпаларда жара анықталған уақытта , оның буынға өту қасиетін ескеру керек.Өту қасиеті нақтыланған жағдайда іріңді синовит, артрит немесе іріңді тендовагинит туындайды.Бұл жағдайда профилактикалық емді қолданған жөн. Егер жара жүйке бағандары өтетін тұста орналасса,онда жансыздану,парез,яғни салдану,парестезия байқалады. Сондықтан аяқтарының функциясы мен сезімталдық жағдайын зерттеу керек.

Жауырын-иық буыны аймағында көбіне асептикалық процестер байқалады: артрит, гемартроз, төмпек аралық бурсит, тенденит, сүйек бұлшықетінің бурситі. Іс жүзінде бұл аурулар бірігіп «иықтық ақсау» деген терминді құрайды, бірақ бұл дұрыс емес. Нақты диагноз қою қажет, дифференциальды диагнозға көңіл аудару қажет.

3.Шынтақ буынының ауруында оның құрылымына, буын қуысының синовиальды қалта қуысымен байланысына назар аударады. Сондықтан синовиальды қалта маңындағы жара іріңді сиовит және шынтақ буынының артритімен асқынады.

Ірі қараның карпальды буынының тұсында көбіне прекарпальды бурсит байқалады. Бұл бурситтердің пайда болу себебін анықтап , сақтандыру шараларын жүргізіп, ем қолдану қажет.

5.Үй малдарының барлық түрінде, әсіресе жылқыларда бүккіш тұяқтың сіңірі зақымдалады. тілерсек тұсындағы сіңірді зерттегенде тұяқ бүккішінің беткейлік, тереңдік сіңірлерін сипалап, сүйек аралық бұлшықетті сипалау керек. Тендовагинит кезіндегі тұяқ және карпальды сіңір қуысындағы сұйықтықтың бар жоғына назар аудару қажет. Тендовагинитті карпальды буынының синовитінен ажыратып, бимануальды пальпацияны қолдану керек.

Буын байламдарының созылуымен жарақаттануының нәтижесі болып табылатын тілерсек пен тұяқ тұсындағы сүйектік өсінділерге (экзостоз,остеофит) көңіл бөлу керек. Бұл процестер малды күтіп-бағу жағдайының нашар болуы және дұрыс тасымалдамағанда пайда болады. Жылқыларда сесам тәрізді сүйектердің ашық сынығы кездеседі. Бұл ауруды клиникалық әдістері арқылы анықтау қиынғ соғады. Сондықтан рентген зерттеуі шешуші қызмет атқарады. Сесам тәрізді сүйектердің сыну бейнесі тұяқ бүккіш сіңірдің жіті созылуы мен тұяқ сүйегінің тесілуіне ұқсас болып келеді.

7.Ірі қара малының иық, жауырын, шынтақ сүйектерінің сынуы іс жүзінде емделмейді, ал ұсақ малдарда остеосинтезі көмегімен жақсы емделеді.

Бақылау сұрақтары.

1.Алдыңғы аяқтардың динамикасы мен статистикасының ерекшеліктері қандай?

2.Кәріжілік жүйкесінің жансыздануына тән функциональды бұзылыстарды ата.

3.Сүйек бұлшықетінің тендиниті мен бурситінің дифференциальды диагностикасы.

4.Төмпек аралық кілегейлі қалтаның жіті түрдегі іріңді қабынуына тән ақсау сипаты.
Бақылау сұрақтары.

1.Буын капсуласының құрамы.

2.Синовиальды сұйықтықтың қызметі.

3.Буын жаралары, олардың классификациясы, диагностикасы.

4.Синовит, эмпиема,артрит, остеоартрит, фиброзит дегеніміз не?

5.Артоз, гемартроз, анкилоз, буынның шығуы, дисторзияға анықтама бер.

6.Буын жараларының асқынуы және оның профилактикасы.

7.Контрактур классификациясы, диагностикасы, профилактикасы, емдеу.

8.Буындағы жіті түрде өтетін іріңді процестердің клиникалық белгілері және дифференциальды диагностикасы.

9.Буынның іріңді процестері кезіндегі синовиальды сұйықтықтағы өзгерістерді сипаттау.

10.Буынның іріңді ауруларын кешенді түрде емдеудің маңызы.

11.Деформациялы артрит және артроздың этиологиясы, патогенезі, клиникасы, дифференциальды диагностикасы және оларды емдеу, сақтандыру шаралары.

12.Буын ревматизмінің клиникалық белгілері, патогенезі.
Дәріс 13. МИ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕ ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫ

Мидың шайқалуы.

Мидың зақымдалуы.

Жұлынның зақымдалуы


Малдың механикалық зақымдалуы ашық және жабық болуы мүмкін. Бас сүйегінің осы екі жағдайда да сыңу мүмкіндігі бар. Жабық зақымдануға мидың жарақаттануы және травматикалық миға қан кету жатады.

Ми шайқалу (Comotio cerebri). Оның себебі бастың қатты соққы алуы немесе мал құлаған кезде затқа баспен соғылуы. Жалпы бас миы механикалық жарақаттан жақсы қорғалған. Бас сүйектері серпімді және мықты. Қатты милық қабық, миды тікелей зақымданудан сақтайды. Мидың қарыншаснын толтыратын ми - жұлын сұйықтығы және субархноид кеңістігі ми шайқалған кезде буфер рөлін атқарады. Мидың мықты каркасы – тамырлы жүйе. Мидың шайқалуы оның қызметінің бұзылуын тудырады, жүйке ұлпасының құрылымдық өзгерісі дөрекі бұзылмайды.

Мидың тамырлы жүйке торы механикалық әсерге өте сезімтал, вазомоторлы реакциясы баяулайды, ми қан айналуының бұзылуы басталады. Вазомоторлық өзгеріс нәтижесінде мидың домбығуы дамиды, ол милық ұлпаның гидрофилдігінің жоғарылауымен, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы және қысымның артуымен байланысты.

Ми шайқалғанда мидың ми қыртысында қорғаныстық тежелу (охранительное торможение) дамиды, қыртыс астына жайылады. Осыған байланысты тежелуден әлі босамаған ақырғыларының қызметі клиникалық симптомда байқалады. Ми шайқалғанда бас миында болатын өзгерістер қайтымды және клиникалық белгілері уақыт өте келе жойылады.

Клиникалық белгілері. Ми шайқалудың жеңіл сатысында мал құлайды және бірнеше минут ішінде орнынан тұра алмайды, ал ауыр сатысында – бірнеше сағат ішінде. Пульстың баяулауы (жиілеуі) және оның толуы төмендейді, кілегей қабығының ағаруы, рефлекстердің әлсіреуі, беткейлік тыныс алу байқалады. Ми шайқалудың ауыр жағдайында рефлекс байқалмайды, көз қарашығы кеңейеді және жарыққа әсер бермейді, тыныс алуы беткейлі және сырылды болады, құсу және құрысу байқалады. Ми шайқалудың жеңіл формасында мал толық жазылады. Ауыр жағдайда мал комалық күйден шыға алмағандықтан өледі.

Диагноз. Клиникалық симптом, алынған анализ негізінде қойылады.

Емі. Малды тыныштық жағадайында ұстау керек. Жүрек әлсіздігінде камфора, кофеин, беткейлі тыныс алуда – тері асты 1% лобелин немемсе 0,15% цититон ерітіндісі қолданылады. Қозуды басу үшін бром натрий, комбелен, рампун қолданамыз.

Мидың домбығуын бәсеңдету мақсатында күре тамырға гипертоникалық ерітіндіні еңгіземіз (40% глюкоза ерітіндісі, 10% натрий хлорид, 10% калий хлорид ерітіндісі). Млдың 1 мг/кг салмағына сесептеп, тері асты гидрокортизон енгізуге болады.

Мидың жаралануы (contusio cerebri). Бас миының тікелей емес жабық травмвтикалық зақымдалудың екінші формасы, осы кезде ми затының шектеулі участогы бүтіндігі бұзылады. Әдетте мұндай жарақат зақымдау күш нүктесінде, бірақ жараланған жақтың қарсы жағында да байқалады. Осындай бұзылудың аймағы әртүрлі болады және жарақат характерімен анықталады.

Мидың шайқалудан айырмашылығы жарақат кезінде жергілікті зақымдалу болады. Ми шайқалу мен жарақат бірдей шарт немесе жағдайдан пайда болады. Сондықтан осындай екі формада шекара өткізу өте қиын.

Клиникалық белгілері ми шайқалғандағы сияқты, бірақ зақымдалу локализациясына тәуелді ошақпен сипатталады. Жарақат кезінде ми бөлігінің функциясының түсуі, паралич, парез, сезімталдықтың бұзылуы және т.б. байқалады.

Емі. Ми шайқалғанда сияқты. Паралич пен парезді терапияның орталық қозғалыс және сезімталдықтың бұзылу жалпы ережелеріне сүйене отырып емдейміз.

Мидың бас сүйегінің ашық жарақат кезіндегі зақымдалуы.

Бас сүйегінің жарақаты өткізуші, өткізбейтін болуы мүмкін. Біріншісінде қатты қабықтың бүтіндігі бұзылады және зақымдаушы зат ми затына түседі, ал екіншісінде жаралаушы зат бас сүйегінің бөлшектенген сүйегінде немесе мидың қатты қабығында тұрып қалады.

Әсіресе өткізуші жара аса ауыр және қауіпті болады. Жиі малдар тікелей жарақаттан кейін немесе алғашқы сағатта немесе күндерінде өледі. Ми даралануы кезінде сияқты бас сүйектің ашық жарақатында шок болады, артериялық кысым төмендейді, жүрек жұмысы бұзылады, дене температурасы төмендейді, рефлекстер бәсеңдейді, құрысу дамиды, құсу, зақымбалған мида ошақтық симптомдар байқалады. Жіті түрі әртүрлі және өзгермелі клиникалық белгілерімен сипатталады. Егер мал қайта қан кетуден және ми домбығуының алғашқы күндері өлмесе, онда ауыр, құбылыстары бірте-бірте кетеді.

Бас сүйегінің жарасы өзінің асқынуымен қауіпті. Жара жеңіл жұқтырылады. Жараға анаэробты микроб түссе, милық заттың домбығумен газды гангрена дамиды.

Емі. Бас сүйгінің ашық жарақаты кезінде жараны хирургиялық жолмен зарарсыздандырады, оны ластанудан қорғайды және шокқа қарсы зат және симптоматикалық препарат қолданамыз.

Жұлын жарақаты (Traumata medullae spinalis). Жұлынның зақымдалуының ашық және жабық (омыртқа жотасыны бүтіндігі сақталады) түрін ажыратады. Жабық түріне ми шайқалу, жаралану, ми тамырларының және қабығының үзілуі, омыртқа сынғанда немесе шыққанда жұлынның қысылуы жатады. Ми шайқалғанда жұлын құрылымы мен қабығында дөрекі бұзылыстар болмайды. Қан және лимфа айналу бұзылады, жұлын және оның қайта даму бұзылысы пайда болады. Аурудың жіті түріндегі осы бұзылыстар жарақаттан төмен жұлынның толық өшу, клиникалық суретін еске түсіреді. Осы белгілер тез арада жойылады, ары қарай артқы аяқтың парезі басылады, сезімталдық қалпына келеді, нәжісті сыртқа шығару және несеп шығаруы қалыптанады.

Жұлынның жаралануы оның шайқалуына қарағанда ауыр өтеді. Жұлынның қызметінің толық қалпына келуі өте сирек кездеседі. Себебі жарақат кезінде оның затының, қыртысының, қабығы мен тамырының құрылымдық өзгерісі байқалады да парез, рефлекстердің бұзылуы, гипостезяға ем қонбайды (жазылмайды).

Жабық жарақат кезінде жұлынның сұр затына қан кету байқалады. Бірнеше сағаттан соң жұлынның қысылу салдарынан толық параплегия дамиды немесе қыртыстың “ат құйрығы” сударахноидальды қабтың төменіне қан кету. Қан тарқаған соң жазылады.

Омыртқаның шығу, сыну кезінде жұлынның қысылуы жиі толық артқы аяқ параличіне, сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуына, жамбас аймағындағы мүшелердің қызметінің бұзылуына және тез арада ойықтың пайда болуына әкеледі.

Жұлынның ашық зақымдалуы кезінде мынадай клиникалық белгілерді белгілейді: несептің шығуы, нәжістің сыртқа шығуының бұзылуы.

Емі. Малға тыныштық жағдайды қамтамасыз етеді. Жарақаттан кейінгі бірінші сағатта зақымдалған жерге суық басады, одан кейін жылулық процедурасын, электрофизиотерапия, массаж, тыныштандыратын зат қолданамыз.

Шеттік нерв ауруы (Morbi nerborum peripnericorum). Перифериялық нервтар бас және жұлынға қарағанда аз қозғалған және механикалық әсерлерден жараланудың көптеген жерлері бар. Олар жұлын жүйкесі (жұлыннан шығатын) және ми жүйкесінен (бас миына келетін) тұрады.

Невриттер. Шеттік нервтің травматикалық, токсикалық немесе инфекциялық түрде зақымдалуын неврит деп атайды. Шеттік нерв жүйесі зақымдалу орнына байланысты ажыратылады; радикулит (жұлын қыртысының зақымдалуы), фуникулит (енрв қанаттамасының зақымдалуы), плексит (нерв өрімінің қабынуы), неврит (нерв қабынуы). Нерв жйесінің зақымдалуында, нерв қабынуы жиі кездеседі. Қабынудың характері бойынша серозды, іріңді, интерстициалды және паренхиматозды; ал өту барысы бойынша – жіті және созылмалы, жеке және көптік, жоғары және төмен өрлейтін неврит деп ажыратылады.

Шеттік нервтің зақымдалу себебі – механикалық жарақат, инфекция (бруцеллез, оба), интоксикация, В гиповитоминозы, азықпен улану, суу ұзақтығы, аса қыздыру (күйік), нервтің толық қанмен қамтамасыз етілмеуі, нервке дәрілік затты енгізу және т.б.

Патогенез және клиникалық белгілері. Шеттік нервтің зақымдалуында патоморфологиялық өзгеріс және коиникалық белгілері зақымдалу характері және сатысына байланысты.

Асептикалық серозды невритте қабыну аймағында нерв серозды экссудатпен сіңіріледі, оның клеткалық инфильтрациясы, гиперемия, нервке және эпиневрит астына қан кету байқалады. өзгерістер нерв өткізетін, қоршайтын дәнекер ұлпасында дамыса, онда асептикалық интерстициалды неврит нерв паренхимасының зақымдалуымен және нерв талшықтарының дегенерациясымен бірге жүреді. Паренхиматозды невритте, нерв өткізгіштігінің төмендеуі немесе жойылуы, бұлшық етті жүйкелендіретін моторлы функция басымырақ болады, ал интерстицияалды невриттің алғагқы сатысында тітіркену, ауырсыну және жоғары сезімталдық басымырақ болады.

Нерв қабынуының серозды жіті сатысында қабыну аймағы және оны жүйкелендіретін тері аймағында ауырсыну жоғарылайды. Мал қозғалыстан қашады, зақымдалған аймақты қасуға тырысады. Шеттік нерв бұтақтарының қабынуы вазомоторлы, трофикалық бұзылыспен қатар жүреді, себебі онда вегетативті талшықтар саны көп. Зақымдалған нерв иннервациясының аймағында тер шығу (потоотделение) жоғары болады, ал толық өшкен кезде- төмен. Вазомоторлы иннервацияның бұзылуы тамырдың паралитикалық кеңейуіне, гиперемияға, тамыр спазмасы, ангидрозға әкеп соғады. Нервтің серозды қабынуы сәтті өтсе, қабыну процесі 10-15 күннен соң өшеді (затухает). Дәнекер ұлпа қатаяды және өседі, ол нерв талшықтарының бөлінуіне, оның дегенерациясына, қысылуына әкеп соғады.

Іріңді невритті қабынудың белгілері: клетка инфильтрациясы жоғарылайды, ишемия бедгілері байқалады, ұлпаішілік қысым жоғарылайды. Интерстициалды ұлпа және нерв паренхимасында некроз ошақтары табылады, нерв талшығының дегенерациясы тек зақымдану аймағында ғана емес, нерв талшығының дистальды аумағында түгелдей байқалады (нисходящий неврит). Сонымен қатар жұлын және орталық аумағының зақымдалуы мүмкін (восходящий неврит). Нервтің нисходящий дегенерациясында жүйкелендіру аймағында толық анестезия болады және парез бен параличтің белгілері байқала бастайды.

Әсіресе іріңді невритте ауырсыну және жүйкелендіретін бұлшық еттің моторлы функциясы бұзылады. Жалпы температура көтеріледі және мал қажиды. Радикулитте ауырсыну көрші нервтарға да әсер етеді, себебі оған зақымдалған нерв қыртысының нерв талшықтары кіреді.

Жіті плекситте сезімталдық пен моторлы функцияның бұзылуы зақымдалғанзақымдалған өрім аймағына жайылады. Невриттің созылмалы формасында сезімталдықтың және зақымдалған нерв жүйкелендіретін аймақтың бұлшық еттің жиырылуының төмендеуі байқалады.

Емі. Неврит, радикулит, плекситті дәрі-дәрмекпен емдеу патогенетикалық, физикалық терапиямен үйлестіреді. Аурудың басында зақымдалған нерв участогына гипотермия, тері астына (2 мг/кг мал салмағына) гидрокортизон мен 0,5% новокаин ерітіндісі және жылыға орау емі көрсетіледі. 2-ші күннен бастап теріішілік новокаин блокадасын қолданады және жылы орау, қызыдырушы компрес соллюкс лампасымен сәулелендіру қолданылады. 3-4-тәулікте жылан немемсе ара уы бар сүртпе майын (мазь) жағамыз. Дозасы 1мл/кг мал салмағына күре тамырға 0,25 % новокаин ерітіндісін қолданған жақсы нәтиже береді. Және В1 және В12 витаминімен емдеуге болады. Ауырсынуды бәсеңдеті үшін новокаинмен, хлорлы кальциймен ионогальванизациялау қолданылады. Жіті және созылмалы прцестерде парафинді, озокеритинді апплекация қоданады, мазь жағып массаж жасалынады, моцион, бұлшық ет электростимуляциясы жүргізіледі. Инфекция, интоксикация салдарынан болған невритте спецификалық емдеу жүргізіледі. Нервтің ревматикалық зақымдалуы кезінде және невралгияда натрий салицилаты, анальгинді қолдану ұсынылады.

Шеткергі нервтің травматикалық зақымдалуы (Laescones neriorum peripnericorum traumatica). Нерв бұтақтары және оның бұтақталуының ашық және жабық зақымдалудан болатын невриттер жиі кездеседі. Жабық зақымдалуға шайқалу, жарақат, қысылу, созылу, нерв бұтағының үзілуі жатады, ал ашық зақымдалуға нерв бұтағының жаралануынан оның бүтіндігінің толық немесе бөлшектеніп бұзылуы жатады.

Шайқалу жарақатта оқ тиген жарада байқалады.

Шайқалуға морфологиялық өзгеріссіз нерв функциясының бұзылуы тән. Ұсақ қан кету, серозды экссудация, домбығу пайда болады. Шайқалу кезінде қозғалыс пен сезімтал функциясы толық бұзылуы мүмкін, бірақ функция тез қалпына келеді. Бірінші күндері, жұмада қалпына келу жоқ болса, онда нерв бұтағының қатты зақымдалғанының далелі.

Нерв дарақаты малды дөрекі қатты жерге жыққанда құлағанда, таяқпен ұрғанда т.б. жағдайда жиі кездеседі. Көбінесе сүйек негізінде жатқан беткейлік енрв бұтағы зақымдалады (беткі, жауырын алды, сәлелі және т.б.).

Нерв жарақатында анатомиялық үздіксіздік бұзылмайды, бірақ оның құрылымында қысылу, үгітілу түрінде болады. Шайқалуға қарағанда оның функцмясы ұзақ бұзылады. Жара маңында нерв өткізгіштік уақытша болмайды, жараның үстінен электр тоғымен тітіркендіргенде бұлшық еттің жиырылуы болмайды, ал жараны астының тітіркенуінде қалыпты электр қозуы байқалады.

Енрвтің қысылуы қозғалыссыз таңғышты, жгутты нашар салғанда, қатты операциялық үстелге малды бүйірінен ұзақ уақыт бекіткенде байқалады. Нерв маңында дамитын сүйектік экзостаздар, сүйелдер иіктер нерв қысылуының себебі болады. Қысылуда нерв бұтағының үздіксіздігі бұзылмайды, бірақ белдік цицлиндрдің дегенерациясы, миелен қабығының бұзылысы, ишемия түріндегі өзгерістерге ұшырайды. Ұзақтығына және нерв бұтағының өзгерісіне байланысты бөлшектелген немесе толық нерв бұтағының үзілісі болады.

Нервтің созылуы нерв осінің тракциясынан болады. Жеке нерв шоғырлары немесе талшықтары жарылады, ол парезге әкеледі. зақымдалу аймағында қан кету, серозды инфильтрация байқалады. Нерв осінің тракциясы кезінде және жаралану кезінде нервтің жарылуы паралич, бұлшық ет атрофиясы болады. Жарылу кезінде барлық жүйке шоғырлары нерв пучков бүтіндігі бұзылады және нерв ұштарының бөлектенуі байқалады және ол оның регенерациясын қиындатады. Көбінесе нерв бүтіндігі жаралану кезінде бұзылады, жара орнының шеткері нерв қиығының дегенерациясы дамиды. Нервтің проксимальды қиындысында дистрофиялық процесс Ранвьеге дейін жетеді. Егер іріңді қабыну дамыса, нервтің прорксимальды участогіндегі дегенерация үлкен көлемде жойылады. Нервтің дегенерациясы және дегенерациясында күрделі морфофункциялық процесстер болады. Жара және басқа да этиологиялық фактор әсерінен нервтің дистальды қиындысында оның нерв ұшына дейін валиеровтық өту дамиды. Нервтің дистальды участогіндегі жараның 2-3 тәулігінен соң осьтік цилиндр лизиске ұшырайды, ал шван қабығы сақталады. Оның клеткалық элементі көбейеді, тяжи пайда болады. Дегенерациямен қатар осьтік цилиндрдің регенерациясы байқалады. Жараланудан бірнеше күн өткен соң аксонның перифериялық соңының өсуі басталады. Регенерацияланатын осьтік цилиндрдің колбылары (колбы) орталық нерв участогына шван қабығының тяжи арасынан өтеді. Осьтік цилиндр (аксон) перифериялық нерв ұшына дейін өссе, зақымдалған нервтің функциясы қалпына келеді. Ақырындап регенерацияланатын аксон маңында миелин қабығы түзіледі. Ұлпада регенерацияланатын аксондар нерв ұштарын түзеді. Аксон нервтің ұзындығы 50 см болса, регенерация процесі 250-300 күн болады. Регенерацияланатын аксон жасының негізгі бөгеті (рубцовая) тыртықтың дәнекер ұлпасы болуы мүмкін. Онда өсетін аксондар өз бағытын жоғалтады және спиральға оратылады. Регенерацияланатын аксонның өсуі үшін нерв маңына эпиневральды тігіс салу арқылы ұштарын біріктіру керек. Нервтың толық регенерациясы үшін ұштарының ара қашықтығы 5 мм-ден аспау керек. Регенерация аяқталғанда ауырсыну және температуралық сезімталдық, содан соң тактильді ауырсыеу қалпына келеді.

Перифериялық нерв зақымданғандағы негізгі клиникалық белгі – ауырсыеу немесе гипостезия және қалпына келген нерв иннервациясының аймағындағы қозғалыс функциясының бұзылуы. Перифериялық нерв жарасының диагнозы аса қиындықты туғызбайды. Жарадан соң зақымдалудың характерін анықтау қиынға соғады.

Жарадан соң нервтің зақымдалуының клиникасы бірден байқалмайды. Шайқалу, жарақаттану, қысылу арасынан дифференциалды диагноз қою ұзақ байқаудан кейін мүмкін. Тәжірибеде нерв бүтіндігінің бөлшектеніп немесе толық бұзылуын айыра білу керек. Нерв бұтағының анатомиялық үздіксіздігінің толық бұзылуында барлық бұлшық еттің параличі, иннервация аймағында анестезия, цианоз, аяқтың сууы, ангидроз, бұлшық ет хроноксиясы байқалады. Емдеудің оң нәтиже бермеуі нерв бұтағының бүтіндігінің бұзылғандығыны дәлелі.

Емі. Сүйек қалдықтарынын нервтің қысылуын, экзостазды кетіру үшін хирургиялық араласу жүргізеді. Нерв бүтіндігі бұзылса және нерв ұштары бөлектенсе, эпиневри арқылы атравматикалық ине көмегімен жақындату керек.

Нервтің парезі және параличі (pareses paralyses). Перифериялық нерв, бса, жұлын зақымдалуның клиникалық белгісі – қозғалыс фнкциясының әлсіреуі немесе оның болмауы. Ақырғысы орталық немесе шеткергі нерв зақымдалуына негізделген, сонымен қатар қозғалыс орталығы – оны паралич деп атайды, ал қозғалыс функциясының толық емес болуы – парез.

Орталық парлич бас немесе жұлынды зақымдағанда, ал шеткергі – шеттік нерв зақымдалғанда болады. Зақымдалу аймағына қарай денені: параплегия (екі жақтың бірдей тартылуы), гемиплегия (дененің бір жағының параличі), моноплегия (жеке бұлшық еттің немесе бір жақ аяқтың параличі),тетраплегия (алдыңғы және артқы аятарының салдануы) деп ажыратады. Парезға да осы терминдарды қолданады.

Клиникалық белгілері. Нервтің парезі кезінде жүйкелендіретін бұлшық еттің қозғалыс функциясы бұзылады, рефлекстер төмендейді, бірақ толық жоғалмайды. Зақымдалудың төмеңгі жерінде нерв қысымы ауырсыну реакциясын тудырады, бұлшыұ ет атрофиясы әлсіз байқалады.

Перифериялық параличте жеке бұлшық еттердің қозғалу қозғалу функциясы жоғалады, олар тез атрофияға ұшырайды. Паралич жиі гипостезия (сезімталдықтың төмендеуі) немесе анестезия (сезімталдықтың толық жоғалуы), толық рефлекстің жоғалуымен бірге жүреді.

Жеке нерв параличі арнайы симптомдармен сипатталады. Сәулелі нерв параличінде аяқтары барлық буындарынан бүгіледі. Мал қозғалғанда аяқтары алдыға, ал тірелу фазасында барлық буындарынан бүгілген болады. Иықтың үшбасты бұлшық еті әлсіреген, тез атрофияға ұшырайды.

Басқа нерв парезі, параличі кезінде клиникалық белгілер сипаты пайда болады. Орталық парез және параличте қозғалыстың бұзылуы бір жаққа немесе дененің екі жартысына жайылады. Орталық паралич гипертония, бұлшық ет атрофиясы болмағандағы сіңіп гиперрефлексия сапалы электр өткізгіштігінің өзгерісі кезінде байқалады.

Ауру барысын болжау. Ол нервтегі дегенеративті өзгеріске және олардың бұлшық ет жүйкелендіруіне тәуелді болады. Орталыққа қарағанда шеткергі паралич болжауы сәтті болып келеді. Жеңіл зақымдалуда парез параличтен 2-3 айда жазылады, ал ауыр түрінде – жазылу зақымдалу сатысына, емдеудің дұрыстығы мен интенсивтілігіне байланысты. Созылмалы параличті емдеу қиынға соғады.

Емі. Парез бен параличті емдеу невриттікі сияқты, бірақ ұзағырақ. Аурудың алғашқы тәулігінде массаж ұсынылмайды. Екінші тәулігінде ионофорез және бұлшық етке 10-15 күн В1 және В12 витаминін, прозерин, дибазол немесе стрихнинмен бірге пара немесе периневральды енгізген жақсы нәтиже береді, сонымен қатар тері астына вератрин еңгізу оң нәтиже береді. Алғашқы 2 күн – 0,01 г вератрин, келесі 2 күн – 0,02 г, бесінші күні – 0,03-0,04 г енгіземіз, кейін оның дозасын төмендетеміз. Курсқа 9 инъекция қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет