Ші беттің ші бет



бет5/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#171257
1   2   3   4   5   6   7

Гетеракидоз


Гетеракидоз тауық, күрке тауық, мысыр тауығы, қырғауыл және басқаларының гельминтозы.

2. Қоздырушысы ұсақ, 1,1см, соқыр ішектің тоғышары Heteracis gallinarum.

3. Даму биологиясы. Гетеракис - геогельминт, жауын құрты резервуарлық иесі. Сыртқы ортада 7-29 тәулік ішінде зардапты сатысына жетеді. Ащы ішектен өткен личинка тоқ ішекке жеткен соң кілегей қабатына еніп, 5 күннен кейін (2 рет түлейді) тоқ ішек саңылауына шығады да, 25-34 тәуліктен соң ересегіне айналады.

4. Эпизоотологиялық деректер. Жиі гетеракидоз аскаридиозбен аралас инвазия түрінде құстың 80-90% қамтиды. Құс негізінен жаз уақытында шалдығады.

5. Сыртқы белгілері. әлсіздік, азыққа тәбетінің төмендеуі, салмақ қосуы кешігеді, жұмыртқа өнімділігі төмендейді.

6. Диагноз гельминтоовоскопияны Фюллеборн бойынша жүргізу арқылы қойылады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері тоқ ішекте – кілегей қабатының қабынуы, қалыңдауы түрінде өтеді.

7. Емдеу мен дауалау құс аскаридиозындағыдай ретпен жүргізіледі.

Амидостомоз

1. Үй және жабайы қаз, үйректердің бөтегесінің қабынуымен сипатталатын гельминтоз.

2. Қоздырушысы Amidostomum anseris нематодасы бөтегенің кутикуласының астында күнелтеді. Аталығының ұзындығы – 14мм, ұрғашысынікі – 20мм дейін.

3. Даму биологиясы. Геогельминт. Стронгилята өкілдері іспеттес дамиды. Сыртта жұмыртқадан 7-10 күннен соң личинкасы дамиды да, 2 рет түлеп зардапты сатысына айналады. Құс жайылымда личинканы жұтып шалдығады. Құс организмінде 3 айдай тіршілік етеді. Препатенттік даму мерзімі 21-28 тәулік.

4. Эпизоотологиялық деректер. Әдетте 3-4 айлық балапандар бейім. Ауру жайылымда жұғады. Личинкалар өсімдік сабағында, кейде шалшық суларда сақталады. Негізінен жайылымға шыққан құста 1-1,5 айдан соң тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері тән емес.

6. Диагноз – гельминтокопроовоскопиялық әдіспен расталады.

7. Емдеу нилверм 0,04г/кг, пиоветрин 0,8г/кг, микротүйіршіктелген ивомек 200мг/кг дозада жеммен беру арқылы жүргізіледі.

Райетиноз

Райетиноз – үй және жабайы тауықтектестердің ащы ішегінде цестода гельминтінің тоғышарлығынан туындаған ауру.

2. Қоздырушысы ұзындығы 250мм, стробила ені 3-4мм, сколексінде екі қатар 90-92 ілмегі, ал сорғыш тесігінде 200-ге жуық ілмектері орналасқан цестода.

3. Даму биологиясы. Паразит биогельминт, аралық иесі құмырсқа. Гельминт жұмыртқасын жұтқан құмырсқаны (денесінде 40-45 күнде личинка жетіледі) құстар шоқып жеп залалданады. Дефинитивтік иесінде 17-22 тәулік ішінде имагоға айналады.

4. Эпизоотологиялық деректер. Инвазия көзі ауру құстар мен қоздырушының личинкаларымен зарарланған қыстап шыққан құмырсқалар. Негізінен ауруға 15-30 күндік тауық балапандары бейім. Құс қоралары мен маңы жыл бойы зарарланған құмырсқалардың есесінен жұғудан қауіп төндіреді. Қыс уақытында құстың ішегінде таспа құрттың тек қана сколексі тіршілік етеді. Ауру оқиғалары күзде тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері. Жіті ағымы құс балапандарында күйзелу, естен тану және қырылу белгілерімен өтеді. Созылмалы ағымда кілегей қабықтарының анемиясы мен сарғылт тартуымен ересек құстарда байқалады. Азыққа тәбеті сақталғанымен айдары мен сырғасы бозарады.

6. Диагноз қою. Тірі кезінде саңғырықты сумен шаю арқылы және копроовоскопия тәсілімен растайды. Өлген құста ащы ішектен гельминттің өзін немесе оның сколексін анықтау арқылы жүргізеді. Өлекседегі өзгерістерден ішек кілегей қабатының қабынуы, домбығуы, қызыл түсті болуы байқалады.

7. Ем ретінде фенасал - 0,3г/кг, феликсан - 0,5г/кг, альбендазол тобы препараттарын (45-60мг/кг) қолданады.

8. Профилактикалау мақсатында саңғырықты биотермиялық залалсыздау, қыс түсерден бұрын дегельминтизациялау жүргізіледі.

Дрепанидотениоз

1. Дрепанидотениоз – су құстарының цестодозды ауруы.

2. Қоздырушысы Drepanidotaenia туысының екі түрі:

D.1anceolata – ірі, ақ түсті, ұзындығы 12-23 см, ені 11,5 мм құрт. Ско­лексі алмұрттәрізді 4 сорғышымен, 8 ілмекпен қаруланған. Гермафродиттік бунақта 3 домалақ пішінді аталық бездері көлденеңінен бір қатар болып орналасады. Жыныс тесіктері бір жағынан ашылады.

D.przewalskii – жіңішке және жұқа, ұзындығы 17 см, сұр түсті, 10 ілмекшелері бар. Стробиласы әдетте шоғырланып жатады. Биологиялық тұғырығы ащы ішек.

3. Даму биологиясы. Дрепанидотениилер - биогельмин­ттер. Дефинитив-тік иесі – су құстары. Аралық иесі – су шаяндары (циклоп, ди­аптомустар). Суға түскен бунақтарын шаяндар жұтады да, оның дене қуысында 11-21 тәуліктен соң инвазиялық личинка – цистицеркоид дамиды. Дефинитивтік иелері циклоп, диаптомустарды жұтқанда шалдығады, ал ересекке 2-3 аптадан соң жетеді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Дрепанидотениозға негізінен 4 айға дейінгі қаз балапандары бейімділік танытады. Үйректер сирек шалдығады. Ауруға құстар ерте көктемде және жаздың басында ерте жылынатын, саяз, жиектері өсімдіктерге бай көл, өзен, шалшық су, тоғандарда су шаяндарын (циклоп) жұтқанда дерттенеді. Инвазия көзі үй жабайы ересек су құстары. Қыс жылы болған жылдары өткен жылда залалданған су шаяндары есебінен ерте көктемде шалдығу балапандарда тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері. Құс күйзеліп, арықтайды, артына қарай құлап, сирақтарымен сермейді. Ауруға тән белгілері: құстың теңселіп жүруі, басын шалқайта беруі, мойнының бұратылуы немесе мойнын маятник тәрізді теңселуі, кейде құс құйрығына отырады. Жүйке ұстамасы байқалғанда, дене еттері құрысып, құс жүрісінде құйрығына отыра береді.

6. Балау. Індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін ескере жүргізеді. Тірі құста копроовоскопияны Фюллеборн әдісімен немесе диагностикалық дегельминтизация жүргізу арқылы анықтайды. Өлген құста – патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне назар аудара, жарып сойғанда ішектен дрепанидотениялар табылуы диагнозды растайды.

7 Емі. Дегельминтизациялауға фенасал, фенадек, фенапег, панакур бір рет, жеке құсқа немесе топтап 0,3г/кг; филиксан болюс түрінде әр құсқа не топтап 0,45г/кг, бромсутекті ареколиннің судағы 0,1%-дық ерітіндісі әр құсқа 1-2мл-ін ауыздан, таңертеңгілік азықтандыруға дейін беріледі. Құстарды дегельминтизациялау алдында 16-18 сағат ашықтырып, дәрілеген соң бір тәулік жайылымға және көлге шығармайды. Дегельминтизациялауды тазартылған, ашық алаңдарда жүргізеді. Жұмыс аяқталған соң бөлінген гельминттерді жинап жою қарастырылады.

Простогонимоз

1. Тауықтектестердің жұмыртқалау қабілетінің төмендеуімен және жұмыртқаның сыртқы әк қабығынсыз тууымен сипатталатын ауру.

2. Ауру қоздырушысы Prosthogonimus туыс өкілі жас құстарда фабрициев қалтасында, ал ересектерінде жұмыртқа жылжитын түтікшеде мекендейді. Қоздырушы P.ovatus алмұрттәрізді, құрсақ емізігі ауыз емізігінен 2 есе үлкен.

3. Даму биологиясы. Құс саңғырығымен сыртқа түскен ұсақ жұмыртқаларында 8-14 күнде мирацидий дамиды. Олар аралық иесі - құрлық ұлуларының ішіне еніп, спороциста-редия-церкарий сатыларынан өтеді. Соңғысы сыртқа шығып инелік жұтқанда (қосымша иесі) 70 тәуліктен соң метацеркарийге айналады. Дефинитивтік иелері инеліктерді жегенде шалдығады. Гельминт личинкасы құс ішегі арқылы жұмыртқа түтігіне және әк өндіретін безге өтіп қабындырады және оның түзілуін тежейді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Ошақтық ауру. Инвазия көзі: ауру құс пен метацеркариймен залалданған инеліктер (50км қашықтыққа дейін ұшады). Инеліктің қыстап шыққан личинкалары су жиегінде көктемде жиналып құсқа жұғудан қауіп төндіреді. Ауру жаз басында тіркеледі. Простогонимоз Павлодар, Қостанай, Ақмола, Орал, Алматы облыстарында жиі тіркеледі.

5. Сыртқы белгілері. Құс күйзеледі, жүні реңсізденеді, айдары мен сырғасы бозарады, жұмыртқасы жұқа жұмсақ қабығымен сыртқа туады, клоакасы сыртқы шығып тұрады және қызарады.

6. Диагноз қою індеттанулық деректерін ескере, сыртқы белгілеріне назар аудару арқылы және клоаканы қарау, саңғырықты зерттеу амалдарымен іске асырылады. Жұмыртқа жылжитын түтікшесі қызарған және іріңді-фибринозды қабынған.

7. Емдеу үшін альбазен 2,5% және 10% суспензияларын 0,05мл/1кг бір рет, альвет 50мг/кг 2 күн қатарынан 24 сағат сайын, альбен 50мг/кг 2 күн бойы қолданылады.

8. Профилактикалау. Құс балапандарын бөлек асырау және дегельминтизациялау.

Эхиностоматидоздар

1. Қаз, үйрек, сиректеу тауық және басқаларының Echinostomatidae тұқымына жататын өкілдерінің тудырған ауруы.

2. Қоздырушы қызғылт түсті, 9-12мм, денесінің алдыңғы жағы ішіктің жағасына ұқсас – адоралды дискімен жабдықталған және 35-53 ілмекшелері бар гельминт. Биологиялық тұғырығы – ішек. Жұмыртқасы – сопақшалау, ашық сары түсті.

3. Даму биологиясы. Суға түскен жұмыртқада дамыған мирацидий аралық иесі – ұлудың, кейіннен қосымша иелерінің (ұлу, жәндіктер, балық – горчак, бақа) денесінде жетіледі. Құс қосымша иесімен қоректенгенде дерттенеді.

4. Эпизоотологиялық деректер. Ауруға барлық жастағылар бейімділік танытады, алайда балапандар жиі шалдығады. Жұғу ерте көктемнен күз аяғына дейінгі мерзімде өтеді. Ауру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркеледі. Инвазия көзі ауру құс, сондай-ақ қосымша иесі тіршілі еткен су көздері. Қыстап шыққан аралық және қосымша иелері аурудың ерте жұғуына әкеліп соқтырады.

5. Сыртқы белгілері тән емес.

6. Диагнозды – гельминтоовоскопия (біртіндеп шаю), құсты жарып сою арқылы жүргізіледі.

7. Емдеу мақсатында бензимидазолов тобының альбендазол, альбен, альбенвет, альвет (45-60мг/кг) дозада немесе феликсан 0,6г/кг, фенасал, фенадег, фенапэг (0,2-0,4г/кг) қолданылады.

8. Профилактикалау жалпы ветеринариялық шараларды қамту арқылы іске асырылады.


Бақылау сұрақтары

1 Аскаридий, гетеракис, амидостом, райетин, простогонимдердің морфологиялық ерекшеліктері неде, қайда мекендейді және оларды қалай ажыратуға болады?

2 Аскаридий, гетеракис, амидостом, райетин, простогоним мен дрепанидотений қандай тек тармақ өкілдеріне жатады?

3 Аскаридий, гетеракис, амидостом, райетин мен простогонимдерді қандай әдістермен анықтауға болады?

4. Аскаридиоз, гетеракидоз, простогонимоз бен дрепанидотениозға қарсы қандай емдік препараттар қолданылады?

5. Аскаридиоз, гетеракидоз, амидостомоз, райетиноз бен простогонимозда қандай күрес шаралары тиімді болып табылады?


Зертханалық-тәжірибе сабақтарын өткізуге арналған әдістемеліктер

Тақырып 1-2. Гельминтоздарды анықтау әдістері

Сабақ мақсаты: студент тірі малда гельминтоздарды анықтау әдістерін, малдан зерттеуге сынамаларды алу, орау, бекіту жолдарын игереді.

Сабақтың мазмұны:

1) мал нәжісін алу және зерттеуге дайындау;

2) гельминттер мен гельминт үзінділеріне гельминтоскопия жүргізу;

3) флотациялау (Фюллеборн немесе Котельников бойынша), седиментациялау (шөгеру) және аралас (комбинациялық) Дарлинг бойынша зерттеулер жүргізу;

4) дайындалған сынамаларды жатырдан алынған жұмыртқалармен салыстыру, трематода, цестода және нематода жұмыртқаларын ұқсас объектілерден айыру;

5) мал нәжісін жылы жағдайда өсіру және Берман-Орлов бойынша ларваскопиялау;

6) стронгилят личинкаларының морфологиясын зерттеу және туысқа дейін ажырату.



Тапсырма 1. Анықтамасын беріп жауап беру:

  • Гельминтоскопия –

Гельминтоовоскопия –

  • Гельминтолярвоскопия –

Гельминтоскопия тәсілдері:

Флотациялаудың мәні

Седиментациялаудың мәні

Аралас әдістердің мәні

Берман-Орлов және Вайд әдістерінің мәні

Тапсырма 2. Гельминтоскопиялық зерттеулердің тәртібін салу:
- флотациялау

- седиментациялау



Тапсырма 3. Қаныққан ерітінділерді қандай химиялық заттардан дайындайды?

1. 2. 3. 4.



Тапсырма 4. Гельминттердің сипаттамасы мен жұмыртқаларының құрылысы:

Нематод:


Трематод:

Цестод – шынжырлы - баулы



Тапсырма 5. Гельминт жұмыртқаларының төмендегілерден айырмашылығы неде?

1 ауа көпіршігінен –

2 эймерий ооцисталарынан –

3 өсімдік дәнінен –

4 кене жұмыртқаларынан –

5 еркін өмір сүретін нематодтардан –



Тапсырма 6. Инвазиялық және инвазиялық емес жұмыртқалар мен личинкалардың айыру ерекшеліктері (сипаттау және суреттерін салу).

Бақылау сұрақтары:

1 "Копроскопия", копрологиялық зерттеу" терминдері нені білдіреді?

2 Нәжіс сынамалары қалай алынады және қалай зерттеуге жөнелтіледі?

3 Гельминтоовоскопия дегеніміз не?

4 Гельминтолярвоскопия дегеніміз не? Ларвоскопия әдісімен қандай гельминттерге зерттеу жүргізіледі?

5 Флотациялау, седиментациялау және аралас әдістердің сипаттамасын беріңіз.

6 Фюллеборн, Котельников әдістерінің айырмашылықтары неде? Қаныққан ерітіндінің тығыздығын қалай арттыруға болады?

7 Гельминт жұмыртқаларын эймерий оофисталарынан, ауа көпіршігінен, өсімдік дәнінен және басқа ұқсас объектілерден қалай айыруға болады?

8 Стронгилят личинкаларын қандай морфологиялық ерекшеліктеріне қарай айырады?

9 Инвазиялық личинкалардың инвазиялық еместерінен қандай айырмашылығы бар?



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000. – Б.59-60.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. ІІ бөлім. Ақмола, 1997. – Б.86-96.

Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008.-Б.4-28.

Гельминтоздарды өлген мал өлексесінде (ұшада) балау

Сабақ мақсаты: студенттерді К.И.Скрябиннің толық гельминтологиялық (ТГС) және толық емес (ТЕГС) жарып сою әдістеріне үйрету.

Сабақтың мазмұны:

1 Мал өлекселерін ТГС және ТЕГС өткізу техникасы.

2 Асқорыту жүйесінен матрикс пен қырындыны алу, бекіту, гельминттерді жинастыру, этикеткалау және зерттеу үшін түссіздендіру.

3 Әртүрлі класс гельминттерінің сипаттамасы (пішіні, тұрқы, ерекшеліктері).

Тапсырма 1. Анықтамаларын беру:

өлексені ТГС –

мүшені ТЕГС –

өлексені ТЕГС –



тапсырма 2. Жарып сою техникасын суреттеу:

А) Асқорыту жүйесі -

В) өкпені -

В) бауырды -



Тапсырма 3. Гельминттер класына сипаттама беріңіз

НЕМАТОДТАР

ТРЕМАТОДТАР

ЦЕСТОДТАР



Тапсырма 4. Гельминттерді қайда және қалай бекітеді?

- нематод - цестод - трематод



Тапсырма 5. Гельминттерді түссіздендіру мақсатында қандай ерітінділер қолданылады?

Бақылау сұрақтары

1 Гельминтологияқ зерттеулердің қандай түрлері бар және олардың айырмашылықтары неде?

2 ТГС дегеніміз не және парциалдық зерттеу деп нені айтады?

3 Цестод, нематод, трематодтарды неде бекітеді?

4 Гельминттерді қалай түссіздендіреді?

5 Нематод, цестод, трематодтардың класын қалай айырады?

6 Ішек, ұлтабар ТЕГС қалай өткізеді және қырындыны кілегей қабатынан қалай алады?

7 Бауыр, өкпенің ТЕГС қалай орындалады?

8 96°-дық спиртті 70°, 75°, 80°, 85° ерітінділерін қалай дайындайды?

Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000. – Б.60-61.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 және 2 бөлімдері. Ақмола, 1997. – Б.86-96.

Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана,2008.-Б.35-48.

Кадыров Н.Т. Посмертная диагностика паразитозов. Целиноград, 1991.
Тақырып 3. Нематодтардың анатомиялық-морфологиялық сипаттама-лары. Аскаридатоздарды балау және ветеринариялық – санитариялық шаралары

Сабақ ұзақтығы - 2 сағат.

Сабақ мақсаты: Студенттерді нематодтардың морфологиялық ерекшеліктерімен және негізгі тек тармақтарымен таныстыру, аскаридатоздарды анықтау жолдарына үйрету.

Сабақ мазмұны:

1 Нематодтардың жалпы құрылысын зерттеу, дене пішіні, тұрқы, бас және құйрық жақтары, ауыз капсуласы мен өңешінің ерекшеліктерін игеру.

2 Аскаридата, оксиурата, стронгилята, трихоцефалята және басқа тек тармақтардың негізгі айыру белгілеріне назар аудару.

3 Аскаридатоздарды балаудың копроскопиялық тәсілдерін игеру. Нәжіс сынамаларын зерттеуге дайындау. Аскарида, параскарида, токсокара, токсаскарида мен аскаридийдің жұмыртқаларының морфологиясын меңгеру.

4 Қолданылатын антгельминтиктермен танысу, қолдану жолдарын игеру.



Тапсырма 1. Нематодтардың келесілерін сипаттаңыз:

- асқорыту жүйесі - жыныс жүйесі - зәр шығару жүйесі



Тапсырма 2. Нематодтардың негізгі тек тармақтарын айырыңыз

Белгілері

Аскаридата

Оксиурата

Стронгилята


Трихоцефа-

лята


Ауыз капсуласындағы еріндері, олардың саны мен құрылысы













Өңештің пішіні













Балау әдістері













Жұмыртқаның пішіні














Тапсырма 3. Аскаридаттарды айыру кестесі




Ascaris suum

Parascaris

equorum

Тохосаrа са­nis

Toxascaris

leonina

Ауру атауы













Тұрқы













Кімде және қайда мекендейді













Балау әдістері













Жұмыртқасының суретін салыңыз













Емдік препараттар













Бақылау сұрақтары:

1 Нематодтардың құрылысы цестод, трематодтардан немен ерекшеленеді?

2 Аскаридата, оксиурата, стронгилята, трихоцефалята, филяриата тек тармақтарының ерекшеліктерін атаңыз.

3 Аскаридата тек тармағына кімдер жатады және олардың құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

4 Аскаридаттардың жұмыртқаларын қалай айырады?

5 Аскаридатоздарға қарсы қолданылатын антгельминтиктерді атаңыз және оларды қалай қолданады?



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.26-28.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлімі. Ақмола, 1997. – Б.4-16.

Оксиуратоздарды балау және жүргізілетін күрес шаралары



Ұзақтығы - 1 сағат.

Сабақтың мақсаты: студенттерді оксиуратоздарды балау әдістеріне үйрету және дегельминтизациялау жолдарын игерту.

Сабақ мазмұны:

1 Оксиурлардың имаго сатыларының құрылысымен танысу және оларды басқа ішек нематодтарынан айыру.

2 Перианалды қыртысынан және шап тұсынан қырынды алу және зерттеу.

3 Оксиур жұмыртқаларының морфологиясы және оны басқа жұмыртқалардан айыру.

4 Жылқы дегельминтизациялау техникасын үйрену.



Тапсырма 1. Оксиураттарды айыру кестесі



Oxyuris equi

Passalurus ambiguus

Морфологиясы







Биологиялық тұғырығы







Балау әдістері







Жұмыртқасының сипаттамасы







Тапсырма 2. Оксируратоздарға қарсы қолданылатын антгельминтиктер:

Оксиурозда Пассалурозда



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет