Ші беттің ші бет



бет6/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#171257
1   2   3   4   5   6   7


Тапсырма 3. Оксиурдың даму суретін салу.

Бақылау сұрақтары:

1 Жылқы оксиурозына балау қалай жүргізіледі?

2 Оксиур, пасалур имаголарының құрылысы қандай?

3 Оксиурозды малдың тірі кезінде және сойылғаннан кейін қалай анықтайды?

4 Сойыс малдарда оксиураттарды қай мүшеде анықтайды?

5 Оксиур жұмыртқасын басқа гельминт жұмыртқаларынан қалай айырады?

6 Жылқыны дәрілеу мақсатында нені қолданады?

Әдебиет:

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1бөлімі. Ақмола, 1997. – Б.56-63.


Тақырып 4. Күйістілердің асқорыту жүйесі стронгилятоздарын балау және ветеринариялық – санитариялық шаралары

Ұзақтығы - 1 сағат.

Сабақ мақсаты: Күйістілердің асқорыту жүйесі стронгилятоздарын балау әдістерін игеру және ветеринариялық-санитариялық шараларды меңгеру.

Сабақтың мазмұны:

1 Нематодир, гемонх, остертагии, хабертиа, буностома туыстарының құрылысымен танысу, дене пішінін, тұрқын, жыныс бурсасының суреттерін салу.

2 Стронгилят личинкаларын өсіру тәсілін игеру және оларды Берман-Орлов бойынша ларвоскопиялау.

3 Инвазиялық емес және инвазиялық личинкаларды дене пішіні, тұрқы, өңештің құрылысы, ішек жасушаларының саны бойынша айыру.

4 Антгельминтиктермен танысу, қолдану жолдарын игеру.

5 Стронгилятоздарды химиопрофилактикалау әдістерін меңгеру.

Тапсырма 1. Стронгиляттардың жыныс бурсасының құрылысымен танысу (сипаттау және суретін салу).

Тапсырма 2. АҚЖ стронгиляттарының морфологиясы және балау





Денесінің пішіні мен тұрқы

Жыныс бурсасы

Балау әдістері

Жұмыртқасының құрылысы

Инвазиялық личинканың ерекшелігі

Nematodirus spatiger
















Haemonchus contortus

















Тапсырма 3. Гемонх пен нематодирлердің құрылысын салыңыз:

Тапсырма 4. Күйістілердің АҚЖ стронгилятоздарында қолданылатын препараттарды атаңыз:

Тапсырма 5. АЕҚ түрлерін қолдану нобайын салыңыз.

Тапсырма 6. Күйістілердің АҚЖ стронгиляттарының суреттерін салыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1 Стронгиляттардың жыныс бурсасының құрылысы қандай және оларды қалай айыруға болады?

2 Қай стронгилят жұмыртқаларының өзіне тән ерекшелігі бар және олар қандай?

3 Инвазиялық личинканы зардапсыз және еркін өмір сүретіндерден қалай айыруға болады?

4 Стронгилят личинкалары 4-5 сатыда қай мүшеде мекендейді және оның қандай маңызы бар?

5 Сойыс малдарының ұшаларына ВСБ беру кезінде қай мүшелерге назар аудару керек?

6 Күйістілердің АҚЖ стронгиляттарын балау әдістерін атаңыз.

Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000. – Б. 37-45.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.24-38.
Тақырып 5. Жылқының ас қорыту жүйесі стронгилятоздарын балау ветеринариялық – санитариялық күрес шаралары

Ұзақтығы - 1 сағат.

Сабақ мақсаты: Жылқының асқорыту жүйесі стронгилятоздарын балау әдістерін игеру және жүргізілетін ветсаншараларды меңгеру.

Сабақтың мазмұны:

1 Делафондий, альфортий, стронгил мен трихонематидтердің құрылысымен, дене пішіні, тұрқы, ауыз капсуласы, жыныс бурсасы ерекшеліктерімен танысу.

2 Стронгилят личинкаларын өсіру тәсілін игеру және оларды Берман-Орлов бойынша ларвоскопиялау.

3 Инвазиялық емес және инвазиялық личинкаларды дене пішіні, тұрқы, өңештің құрылысы, ішек жасушаларының саны бойынша айыру.

4 Стронгилятоздарда жылқы ұшасына берілетін ВСБ жүргізу ерекшеліктерін меңгеру.

5 Жылқы стронгилятоздарын емдеу және жүргізілетін ветсаншараларды үйрену.

Тапсырма 1. Жылқының АҚЖ стронгиляттарының морфологиясы және балау әдістерін сипаттау.

Тапсырма 2. Жылқы стронгилятоздарына қарсы қолданылатын препараттарды жазып алыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1 Стронгиляттардың жыныс бурсасы мен ауыз капсуласындағы ерекшеліктерін атаңыз.

2 Инвазиялық личинканы зардапсыз және еркін өмір сүретіндерден айыруға бола ма?

4 Стронгилят личинкалары 4-5 сатыда қай мүшеде мекендейді және оның қандай маңызы бар?

5 Сойыс малдарын ұшаларына ВСБ беру кезінде қай мүшелерге назар аудару керек?

6 Жылқының АҚЖ стронгиляттарын балау әдістерін атаңыз.



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000. – Б.34-36.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.19-24.

Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008.-Б.19-20.



Тақырып 6. Жануарлардың тыныс алу жүйесі стронгилятоздарын балау және ветеринариялық – санитариялық шаралары

Ұзақтығы - 1 сағат.

Сабақтың мақсаты: студенттерді балау әдістеріне үйрету. Жануарларды дегельминтизациялау әдістеріне үйрету және ветсаншараларды жүргізуді меңгеру.

Сабақтың мазмұны:

1 Диктиокаулдің ересек сатысының протостронгилидтерден айырмашылығын меңгеру, құрылысымен танысу.

2 Диктикаулезді балау әдістеріне үйрену.

3 Берман-Орлов, Вайд әдістерімен копроларвоскопиялауды жүргізуді үйрену.

4 Зардапты балаңқұрттарды инвазиялық емес личинкалар мен басқа протостронгилид және АҚЖ стронгилят личинкаларынан айыру.

5 Мал ұшасында, өлекседе тыныс алу жүйесі стронгиляттарын анықтау әдістемесін игеру.

Тапсырма 1. Тыныс алу жүйесі стронгиляттарын айыру кестесі




Dictiocaulus filaria

Dictiocaulus viviparus

Protostrogylus spp.

Мullerius spp.

Cystocaulus spp.

Биологиялық тұғырығы







Ересегінің морфологиясы. Жыныс бурсасының құрылысы (суретін салу)







Аралық иесі







Балау әдістері







Инвазиялық және зардапсыз личнкалардың морфологиясы







Тапсырма 2. Диктиокаулезде қолданатын антгельминтті препараттар.

Тапсырма 3. Dictiocaulus filaria ересегінің даму биологиясын көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

1 Диктикаулдердің морфологиясы және басқа өкпе нематодтарынан айыру.

2 Диктиокаулдердің 1 және 3 сатыдағы личинкаларының морфологиясы және олардың АҚЖ стронгиляттарынан айырмашылығы неде?

3 Диктиокаулезді балау әдістерін атаңыз.

4 Мал ұшасын, өкпені қарағанда диктиокаулезге қандай зерттеулер жүргізіледі?

Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.46-48.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.38-53.

Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана,2008.-Б.20-21.


Тақырып №7. Жануарлардың спируратоздары мен трихоцефалятоздарын балау және ветеринариялық – санитариялық шаралары

Ұзақтығы - 3 сағат.

Сабақтың мақсаты: студенттерді теля­зиоз, трихоцефалез бен трихинеллезді балау әдістеріне үйрету, жүргізілетін ветсаншараларды меңгерту.

Сабақтың мазмұны:

1 Телязий, трихоцефал және трихинелланың морфологиялық ерекшеліктері.

2 Телязиоз, трихоцефалез, трихинеллезді балау әдістерін тірі және өлген малда анықтау жолдарын игеру.

3 Трихинеллезді тірі малда анықтау жолдарына үйрету.

4 Телязиоз бен трихоцефалезде қолданылатын препараттармен және жүргізілетін ветсаншаралармен таныстыру.



Тапсырма 1. Трихоцефал, телязий, трихинелдерді айыру кестесі




Ересегінің ұзындығы мен ені

Мекендеу орны

Диагностика

Жұмыртқасының құрылысы

Аралық иесі

имаго

личинка

Thelazia rodesi

Th. gulosa

Th. skrjabini



















Trichinella spiralis

T. nativa

T. pseudospiralis

T. nelsoni



















Trichocephalus spp.



















Тапсырма 2. Келесілердің суреттерін салыңыз:

Трихинелла личинкасының:

Трихоцефал ересегі мен жұмыртқасының:

Телязий ересегі мен личинкасының:



Бақылау сұрақтары:

1 Телязиоз, трихоцефалез, трихинеллез қоздырушыларын атаңыз және олар қайда мекендейді?

2 Трихоцефалдардың жұмыртқаларының ерекшелігі неде?

3 Трихинеллез, трихоцефалез, телязиозды қалай балайды?

4 Трихинеллез бен телязиозда аралық иелері кімдер?

5 Ауруларға қарсы қандай препараттар қолданылады?



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.50-56.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.63-66, 77-84.

Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008.-Б.22-23, 38-42.


Тақырып № 9. Жалпы цестодология. Күйістілердің аноплоцефалятоздарын балау және ветеринариялық – санитариялық шаралары

Ұзақтығы – 2 сағат.

Сабақтың мақсаты: Цестодтардың жалпы морфологиясы мен зертханалық балау әдістеріне үйрету. Күйістілердің аноплоцефалятоздарын балау және жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шараларды үйрету.

Сабақтың мазмұны:

1 Цестодтардың, соның ішінде аноплоцефаляттардың жалпы құрылысымен танысу.

2 Мониезиоз, тизаниезиоз және авителлинозды зертханалық балауды:

- нәжісті гельминтоовоскопиялық тәсілмен зерттеу арқылы және жұмыртқаларының морфологиясын игеру.

- тизаниезий, авителлин мен мониезий ересектерін дене пішіні бойынша айыру және оларды дайын микропрепараттардан қарау.

3 Студенттерді аралық иелері орибатид кенелерімен таныстыру, оларды жинау, түссіздендіру жолдарына үйрету.

4 Мал өлексесінде, ұшасында аноплоцефаляттарды анықтау және ветсаншараларды меңгеру.

5 Сою пунктерінде шаралардың жоспарын құру.

Тапсырма 1. Құрылыстары:

Сколекстің – Мойынның – Стробиланың –

Проглоттиданың – Жыныс және асқорыту жүйесінің орналасуы.

Тапсырма 2. Аноплоцефаляттарды айыру кестесі

Белгілері

Moniezia expansa

Moniezia benedeni

Thysaniezia giardi

Avitellina centripunctata

Морфологияcы













Кімде және қай мүшесінде күнелтеді













Диагностикасы













Жұмыртқаның мор­фологиясы













Аралық иесінің атауы













Тапсырма 3. M.expansa, M.benedeni, Th.giardi, A.centripunctata түрлерінің проглоттидаларының суреттерін салыңыз.

Тапсырма 4. Аноплоцефалятоздарда қандай ветсаншаралар қамтылады?

Тапсырма 5. Тульгрен аппаратын не үшін қолданады және суретін салыңыз?

Тапсырма 6. Аноплоцефалдардың даму биологиясын көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

1 Цестодтардың жалпы құрылысы жөнінде не білесіз?

2 Аноплоцефаляттардың тениата, мезоцестоидаталардан айырмашылықтары неде?

3 Мониезий, тизаниезий, авителлиндердің морфологиясы және гермафродиттік пен жетілген бунақтарындағы айырмашылықтар неде?

4 Тизаниезий құрылысында қандай айырмашылық бар?

5 Авителлинді басқа аноплецефаляттардан қалай айыруға болады?

6 Мониезий, тизаниезий, авителлин жұмыртқаларының өзара айырмашылықтары неде?

7 Шынжырлы цестодтардың баулыларынан айырмашылықтары неде?

8 Орибатид кенелерін топырақтан қалай бөліп алады және олардың цистицеркоидтармен залалданғанын қалай білуге болады?

9 Мониезиозды қандай әдістермен балауға болады?



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.10-16, 22-25.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 және 2 бөлімдері. Ақмола, 1997 – Б.4-10, 27-40.
Тақырып №10 - 11. Имагиналды және ларвалды тениидоздарды балау және ветеринариялық – санитариялық шаралары

Ұзақтығы – 4 сағат.

Сабақтың мақсаты: студенттерді тениидтердің құрылысымен, ересектері мен балаңқұрттарының ерекшеліктерімен таныстыру. Етқоректілер мен үй жануарларында ауруларды анықтау әдістеріне үйрету. Ауруларға қарсы жүргізілетін ветсаншаралардың жоспарын құруды меңгерту.

Сабақтың мазмұны:

1 Тениидтердің құрылысымен таныстыру, оларды айыру ерекшеліктеріне үйрету.

2 Мультицепс пен гидатигенді цестодтарды морфологиялық белгілеріне қарай айыру, эхинококк пен альвеококк ересектерінің айырмашылықтарына назар аудару, олардың пішінін, түсін, тұрқын, жатыр құрылысына қарай ажырату.

3 Эхинококкоз, це­нуроз бен цистицеркозды өлген мал өлексесінде (ұшада) анықтау және көпіршік (ларвациста) сатысының құрылысымен танысу.

4 Етқоректілердің тениидоздарын балау әдістерін копроовоскопия жолмен орындау, жұмыртқаларының құрылысымен танысу.

5 Эхинококкозды балаудағы сколексопреципитация мен аллергиялық сынамалау әдістерін меңгеру.

6 Антгельминтиктермен танысу, нәжіс сынамаларын залалсыздау жолдарына назар аудару.

7 Кафедра манежінде 2-3 итті дегельминти­зациялауды көрсету.

Тапсырма 1. Иттердің негізгі тениидтерін дифференциалдау кестесі

А) Имагиналды түрлері



Ересек тениидтердің атауы

Стро­била ұзындығы

Стробила ені

Сколекстің құрылысы

Биология-лық тұғы-рығы және иесі

Балаңқұрт сатысының атауы (ларвациста)

Эхинококк

Echinococcus granulosus
















Альвеококк

Alveococcus multilocularis
















Гидатигенді цепені (қылмойынды)

Taenia hydatigena
















Ми цепені

Multiceps multiceps
















Шошқа цепені (целлюлозды)

Taenia solium
















Сиыр цепені Taeniarhynchus saginatus

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет