Ауру әдетте ас қорыту мүшелері арқылы, сирегірек көздің, танау қуысының кілегейлі қабықтары және тері арқылы жұғады.
Патологиялық анатомиясы. Өкпе маңқасы милиарлық маңқа, әртүрлі көлемді көптеген ошақтар және бронхопневмония түрлерінде байқалады.
Милиарлық маңқа өкпеде көптеген тары түйіріндей майда түйіншектердің пайда болуымен сипатталады, ол қан немесе лимфа тамырларына мол мөлшерде қоздырушының енуіне байланысты туындайды.
Ірі ошақты маңқа түйіндерінің көлемі грек жаңғағына дейін жетеді, олар ақшыл, нығыз келеді, ауру ұзаққа созылғанда дәнекер өрмемен қапшықтанады, ақшыл лайсаң өліге ұшыраған ортасы көбінесе әктенеді.
Маңақлық бронхопнемония сырқаттық процестің бронхтармен таралыуына байланысты туындайды. Зақымданған телімдердің көлемі бойынша ол ациноздық, бөлікшелік, бөліктік, көбінесе аралас – ациноздық-бөлікшелік және бөлікшелік-бөліктік пішіндерде байқалады.
Ациноздық пневмония өкпенің ең майда бірлігі - ацинустардың қабынуымен сипатталады. Олар майда көлемді, диаметрі 3-4 мм, ақшыл-сұрғылт, әртүрлі пішінді, жиегі тегіс емес, ара тістеріне ұқсаған, ошақтар түрінде көрінеді. Микроскоппен бұл ошақтардағы аяққы бронх қуысында ыдырау күйіндегі лейкоциттер, альвеолаларда сарысулы-фибринді экссудат пен лейкоциттер топырлары анықталады. Уақыт өте келе ациноздық пневмония ошақтарын эпителиоид торшалар, лимфоциттер мен фибробластар қоршайды. Ациноздық ошақтар көлемденіп, бір-бірімен қосылуына байланысты жекеленген немесе бірнеше көршілес бөлікшелер қабынып, нығызданады. Ілкіде қызғылт түсті, уақыт өте келе ақшылданатын бұл лобулярлық пневмония ошақтарында сұрғылт түсті өлі телімдер байқалады. Бронхтардан ірің бөлінеді. Ациноздық пневмония өкпенің ең майда бірлігі - ацинустардың қабынуымен сипатталады. Олар майда көлемді, диаметрі 3-4 мм, ақшыл-сұрғылт, әртүрлі пішінді, жиегі тегіс емес, ара тістеріне ұқсаған, ошақтар түрінде көрінеді. Микроскоппен бұл ошақтардағы аяққы бронх қуысында ыдырау күйіндегі лейкоциттер, альвеолаларда сарысулы-фибринді экссудат пен лейкоциттер топырлары анықталады. Уақыт өте келе ациноздық пневмония ошақтарын эпителиоид торшалар, лимфоциттер мен фибробластар қоршайды. Ациноздық ошақтар көлемденіп, бір-бірімен қосылуына байланысты жекеленген немесе бірнеше көршілес бөлікшелер қабынып, нығызданады. Ілкіде қызғылт түсті, уақыт өте келе ақшылданатын бұл лобулярлық пневмония ошақтарында сұрғылт түсті өлі телімдер байқалады. Бронхтардан ірің бөлінеді.
Маңқаға шалдыққан малдарда лимфалық түйіндердің (жақастылық, жұтқыншақтық, бронхтық, шымылдықтық, қақпалық, т.б.) зақымдануы әрдайым байқалады. Олар қомақтанады, кедір-бұдырланады, маңқа түйіншектерімен зақымданады. Құлындардың жұтқыншақтық түйіндерінде кейде грек жаңғағындай іріңді ұра пайда болады.
Танау қуысы кілегейлі қабықтарының маңқасы өкпе маңқасына қарағанда сиректеу кездеседі және көбінесе өкпеден келген қоздырушы әсерінен, яғни екінші кезекті, туындайды. Ауру малдан ірің тамшылары сау жылқының танау қуысына тікелей енгенде ғана маңқалық ринит бірінші кезекті болады. Өкпеден маңқа таяқшасы танау қуысына қанмен бірге немесе ірің араласқан сыртқа шығарылатын ауамен енеді. Кілегейлі қабықтың қабынуы қан тамырларындағы ұйыспен басталады. Ол жерлерді қоршаған лейкоциттер шоғырлары, эпителиоид торшалары мен лимфоциттерден тұратын белдеулер пайда болады.
Терінің маңқасы сырқаттық процесс организмде етек алып өрісі кеңейгенде байқалады. Көбінесе лимфалық тамырларды бойлай орналасқан түйіндер пайда болады да, олардың ортасы іріңдеп балқып, теріні тесіп өтеді. Нәтижесінде жиегі тегіс емес, түбінде грануляциялық өрмені бүркеген ірің бар ойылымдар туындайды. Ойылыдар ұлғаяды. Алғашқы түйіндер мен ойылымдардан маңқа таяқшасы лимфаға ілесе терінің басқа жерлеріне көшіп, жаңадан түйіндердің, ойылымдардың пайда болуына әкеледі. Уақыт өте келе ойылымдар тыртықтана жазылады. Маңқалық зақымданулар бауырда, талақта, т.б. мүшелерде де байқалуы мүмкін. Олар көлемі тарыдай түйіншектер, бұршақтай, грек жаңғағындай, тіптен одан да үлкен түйіндер түрлерінде де болады. Бұл түйіндердің құрылымы өкпедегі түйіндерге ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |