Шиелі ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының мониторингісі бойынша шұғыл есеп Есеп беру мерзімі: 2015 жыл қорытындысымен Іске асыру мерзімі: 2011-2015 жылдар Аумақ: Қызылорда облысы Шиелі ауданы



бет9/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.61 Mb.
#16114
1   2   3   4   5   6   7   8   9


5. Қаралған қаржыны игеру

Қаржы көзі

Жоспар, млн. теңге

Нақты, млн теңге

Қаржының толық игерілмеу себебі

1

2

3

4

Аудандық бюджет:










- ауыл шаруашылығы

2,0

11,1




- білім

10,3

10,3




- ішкі саясат жұмыстары

8,4

8,2




- мәдениет

62,0

130,2




- спорт

10,8

11,6




- әлеуметтік қорғау

125,6

223,1




- жол инфрақұрылымын дамыту

81,1

152,9




Жинағы:

300,2

547,4
















Облыстық бюджет:










- ауыл шаруашылығы

102,0

173,9




- денсаулық сақтау

2,0

1,8




- әлеуметтік қорғау

51,4

74,4




- білім

569,9

623,9




- мәдениет

300,6

300,6




- спорт

2,0

-




- жол инфрақұрылымын дамыту

449,7

377,9




- ауыз су нысандарының құрылысы

36,6

-




Жинағы:__1514,2__1552,5'>Жинағы:

1514,2

1552,5
















Республикалық бюджет:










- ауыл шаруашылығы

420,0

90,4




- кәсіпкерлік

6,0







- денсаулық сақтау

9,5

9,5




- энергетика саласын дамыту




-




- білім

1891,1

1987,0




- әлеуметтік қорғау

20,5

199,1




- ауыз су нысандарының құрылысы

560,5

597,0




-ауылдық аймақты дамыту

329,6

329,6




Жинағы:

3237,2

3212,6
















Басқа көздер:




-
















Барлығы:

5051,6

5312,5





6. Жазбаша талдамалы мәлімет
БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ

Ауданның 2015 жылға арналған жыл басындағы бюджеті 7 млрд. 973 млн. теңгемен бекітіліп, жыл көлемінде 7 рет өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, аудандық бюджеттің жалпы көлемі несиелерді қоса есептегенде 10 млрд. 114 млн. теңгеге нақтыланды немесе 27 пайызға өсті.

Аудандық бюджеттің кірісі болжамдалған 9 млрд. 774 млн. теңгенің орнына 10 млрд 252 млн. теңгеге немесе 104,9 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 млрд. 110 млн. теңгенің орнына 2млрд. 587 млн. теңге болып 122,7 пайызға орындалдыығысы 9 млрд. 939 млн. теңгеге немесе 99,9 пайызға (болжам 9 млрд. 951 млн. теңге) игерілді.Аудандық бюджеттің 64 пайызы білім саласына, 5 пайызы әлеуметтік қамсыздандыру саласына, 6,5 пайызы мәдениет, спорт, ақпарат саясат саласына, 6,8 пайызы коммуналдық шаруашылық саласына, 3,2 пайызы ауылшаруашылық саласына, 14,5 пайызы басқа да салаларға бағытталды.
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзімге 26 млрд. 331 млн. теңгенің өнімін өндірді, тиісті кезеңге 101,9 пайыз .Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 6 млрд.


894 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексімен 99,7 пайыз, ет өңдеу 159,2 пайызға, сүт өңдеу 103,9 пайызға орындалды.

Осы кезге дейін аграрлы саламен айналысып келген ауданда соңғы жылдары өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Ауданның өнеркәсіп өнімінің 62 пайызын құрайтын уран өнімін өндірумен қатар құрылыс материалдырын шығаратын кәсіпорындардың жобалары іске асырылуда.

Соның бірі, «Шиелі тас - Оңтүстік» ЖШС-ның жобалық құны 777 млн. теңгенің әк шығару зауыты өткен жылы іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Зауыт жылдық қуаттылығы 60 мың тонна әк өндіру, өткен жылы 15 мың тонна өнім өндірді, қазіргі таңда өнім нарыққа шығарылып сатылуда.

2015 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына құны 29 млрд. 491 млн. теңгенің 2 жобасы енгізілді.

1. «DANAKE» Корпорациясы» ЖШС-ның жобалық құны 29 млрд. 341 млн. теңгенің цемент шығару зауыты. Жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент өндіру. Зауыт 2016-2017 жылдары іске қосылып, 259 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда, Шиелі кентінің шығыс бөлігінен 50 га жер телімі табысталып, құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

2. «KazChinNur» ЖШС-ның жобалық құны 150 млн. теңгенің шағылтас және құрылыс бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаттылығы 150 мың тонна құрылыс бұйымдарын өндіру (қиыршық тас, темір бетон бұйымдары). Зауыт 2016 жылы іске қосылып, 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі таңға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауданымыздан 113 млн. тенгенің 5 жобасы банк несиесі (14 пайыз) арқылы қаржыландырылып, пайыздық ставкасының 10 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланды.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында облыс бойынша 8 грантқа бөлінген 12млн. теңгенің 7 млн. теңгесін ауданның 4 кәсіпкері жеңіп алды. Сонымен қатар, «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен 3 кәсіпкер газоблок және ағаш бұйымдарын өңдеу, жылыжай құрылысы, балабақша ашу жобалары бойынша 19 млн. теңге несие алды.

Елбасының шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес өткен жылы «Шиелі»I-ші инвестициялық форумы өткізілді. Форум барысында аудан әкімдігінен 3 млрд. 159 млн. теңгенің 20 жобасы ұсынылып, қазіргі таңда 8 жоба кәсіпкерлермен қолдау тауып, жұмыстар жүргізілуде. («Табиғи тас Қызылорда» ЖШС силикат кірпіш зауыты, «Асылхан» ш.қ мал бордақылау алаңы, жабық бассейн, бала бақша, ардагерлер үйі құрылысын салу, Ханқожа көлінің жағалауынан демалыс орнын ашу, аудан орталығынан қауынбаз ашу).

2015 жылы ауданда шағын кәсіпкерліктің 4161 субъектісі тіркеліп, оларда 6888 адам жұмыспен қамтылды. Тиісті кезеңмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуі 5,5 пайызға, жұмыспен қамтылған адам саны 3,1 пайызға өсті.


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

2015 жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша 10 млрд. 529 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайызға жетті.

Облыс әкімінің қолдауымен жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын Жаңа-Шиелі магистралды каналының тұсынан Сырдария өзенінің арнасына үрлемелі су тоспасы салынды.

8 жылдан бері шешімін таппай келген аудандағы 4 ірі шаруашылықтың 22 мың гектар жері облыс әкімінің ықпалымен және бас прокуратураның көмегімен қайтарылып беріліп, салаға тың серпіліс туғызылды. Нәтижесінде дихандарымыз 26631 гектар жерге егін егіп, егіс көлемі 2601 гектарға артты. Басты дақыл - күріштің көлемі 10692 гектарға,картоп 850 гектарға, көкөніс 1085 гектарға, бақша дақылдары


1593 гектарға, мақсары 1290 гектарға жеткізілді.

Сонымен қатар, инвестор тарту бағытында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Иран мемлекетімен отырған меморандум негізінде Шиелі кентінен өсімдік майы зауытын салу жоспарлануда. Өнім өндіруге қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында мақсары егуге мемлекеттік жер қорынан


12 мың га жер беру жоспарланып отыр.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде аудан дихандарының болашаққа деген сенімі артып, мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы саласын қолдауға бөлінген қаражатты өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көлемінде алып, бітік егін өсірді. 2015 жылы егін және мал шаруашылығына 600 млн теңгеге жуық субсидия берілді.

Ауданда өткен жылы ірі қара 43 830 бас, уақ мал 73 293 бас, түйе 1168 бас, жылқы 9460 бас, құс 17 440 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 3,8 пайызға, уақ мал 1,6 пайызға, жылқы 5,8 пайызға, түйе 0,5 пайызға, құс 3,6 пайызға өсті.

Ауданда тірілей салмақта 4 182 тонна ет, 16 944 тонна сүт, 996 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 105,6 пайызға, сүт 102 пайызға, жұмыртқа 100 пайызға орындалды.



«Сыбаға» бағдарламасымен 2015 жылы ет бағытындағы 350 бас МІҚ малын сатып алу жоспарланып, 354 бас сатып алынды (101,1%).

«Құлан» бағдарламасымен 2015 жылы 185 бас жылқы алынды (123,3 %).

«Алтын асық» бағдарламасымен 2015 жылы 1810 бас қой алынды (120,7%).

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 2015 жылы елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 54 маманға 7,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 45 маманға тұрғын үй сатып алуға 131 млн. теңге бюджеттік несие берілді.

ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС, АУЫЗ СУ

Есепті мерзімге негізгі қорға барлығы 18 млрд. 546 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды, тиісті кезеңге 183,4 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9 млрд. 142 млн. теңгеге жетіп тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға артты.

Оның ішінде жалпы ауданы 29 152 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,4 пайызды құрады.

Қазіргі таңда ауыз суды аудан халқының 64 пайызы Жиделі топтық су құбырынан, 31,8 пайызы жергілікті ұңғымадан, қалған 4,2 пайызы бұлақ көздерінен пайдалануда.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Шиелі кентіндегі қыстақішілік ауыз су құрылысының ІІІ-кезеңіне өткен жылы 217 млн. теңге бөлініп, 74 шақырым ауыз су құбыры пайдалануға берілді.

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің тікелей тапсырысымен жобалық құны 4 млрд. 167 млн. теңге болатын 8 елді мекеннің ауыз су жүйесінің құрылысына 2015 жылы 380 млн. теңге бөлініп (2013 жылы 40 млн теңге, 2014 жылы 980 млн теңге), Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылы Алғабас, Жөлек, Тәжібаев, Жартыказарма, 22 бекет елді мекендерінің тұрғындары ауыз су құбырына қосылды, енді жақын арада Бидайкөл және Алмалы елді мекендері ал, жаз мезгіліне қарай Досбол би елді мекені таза ауыз суға қосу жоспарлануда.

Есепті мерзімде Қодаманов ауылынан жобалық құны 184 млн. теңге болатын 150 орындық клубтың және Сұлутөбе ауылынан жобалық құны 283 млн. теңге болатын 240 орындық клуб құрылысытары халық игілігіне пайдалануға берілді.

Н.Бекежанов мемориалдық музейіне 64 млн. теңгеге күрделі жөндеу және реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Ы.Жахаев елді мекеніндегі мәдениет үйі 36 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

2016 жылы аудандық мәдениет үйі және Ақмая, Алғабас, Бала би елді мекендеріндегі ауылдық клуб ғимараттарын 165 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізуге, Ы.Жақаев мұражайы мен Жөлек ауылдық клубының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ әзірлеуге 3 млн. теңге бөлінді.

Ауданда осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан апаттық жағдайдағы Тәжібаев ауылындағы №214 мектептің жобалық құны 638 млн. теңге, 21 бекет елді мекеніндегі №243 мектептің жобалық құны 365 млн. теңге болатын мектептердің құрылыстары басталып, №243 мектептің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді, ал №214 мектепті 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2014 жылы құрылысы басталған 900 орынды Бала би елді мекеніндегі №50 орта мектеп пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 61 млн теңге бөлініп, Ш.Қодаманов елді мекеніндегі «Ақбота» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізілді.

2016 жылы Шиелі кентіндегі «Жадыра» балабақшасы және Алғабас елді мекеніндегі «Балауса» балабақшасы 184 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

Бұған дейін апаттық жағдайдағы және жалға алынған ғимараттарда жұмыс жасап келген аудан әкімдігінің 5 дербес бөліміне Шиелі кентінен жобалық құны 156 млн теңге болатын әкімшілік ғимарат салынып пайдалануға берілді.

Осындай игілікті істер ауылдық жерлерде де жүргізілуде. Аудандық бюджеттен 84 млн. теңге бөлініп Жөлек, Бестам және Қодаманов елді мекендерінде әкімшілік ғимараттары пайдалануға берілді.



Газдандыру

Өткен жыл ауданымыз үшін тарихи жыл екендігін атап кеткім келеді.

Олай дейтінім, Елбасының тікелей қолдауының арқасында ғасыр жобасы атанған "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбыры тартылып, аудан орталығы көгілдір отынға қосылу қуанышына ие болды. Бүгінгі күнге 332 отбасы осы игілікті пайдаланып отыр.

Автомобиль жолдары

Облыстық бюджеттен 2015 жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 377,9 млн. теңге қаржы қаралып жалпы ұзындығы 24 шақырымдық Жансейіт, Ортақшыл, Қарғалы, Бала би елді мекендерінің автомобиль жолдары орташа және күрделі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 200 млн теңге бөлініп, кент және ауылдық округтерде барлығы 104 көшенің 73,4 шақырымы жөндеуден өткізілді.

Алдағы 2016 жылы Ботабай ауылына кіре беріс автомобиль жолының 6 шақырымын қайта құрылымдауға облыстық бюджетттен 370 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ ұзындығы 2 шақырымдық Сұлутөбе ауылдық округінің 1 Май елді мекенінің көшелері, кенттегі Шәймерден Бакиров көшесі орташа жөндеу жоспарлануда.


АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ

Аудан көлеміндегі елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2015 жылы 175 млн 309 мың теңге бөлініп, аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде: Шиелі кентіндегі аяқ су бармайтын көшелердің мәселесін шешу мақсатында үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен 8,3 млн. теңге бөлініп, А.Байтұрсынов, Ы.Жахаев, Д.Смаилов көшелеріне темір-бетон арықтар жүргізіліп, аяқ су жеткізілді. 28,8 млн теңгеге И.Әбдікәрімов көшесі бойындағы, 5,2 млн теңгеге Әл-Фараби көшесі бойындағы жасыл желектерді қоршау жұмыстары жүргізілді. 8,8 млн теңгеге Шиелі кентіндегі И.Әбдікәрімов және Яссауи көшелерінің бойына жаңа үлгідегі 11 дана автобус аялдамалары орнатылса, 6,1 млн теңгеге Шиелі кентіндегі 9 дана арка ұлттық нақыштағы өрнектер салу арқылы безендірілді. 27 млн теңгеге Шиелі кенті И.Әбдікәрімов және Самара - Шымкент трассасы бойындағы түнгі жарық шамдары жаңа үлгідегі жарық шамдарына ауыстырылды. Ақтоған ауылына 3,5 млн теңгеге жаяу жүргіншілер жолы, Сұлутөбе ауылында 20 млн теңгеге жаяу жүргіншілер жолы, 2 млн теңгеге көше жарығы, 6,5 млн теңгеге жасыл-желектерді қоршалау жұмыстары жүргізілді.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 21,5 млн теңге бөлініп, Ақмая елді мекенінде 3 млн теңгеге көшелер жарықтандырылды, Шиелі кентінде 16млн теңгеге 8 жерге бейнебақылау камералары, Ш.Қодаманов елді мекеніне 1 млн 700 мың теңгеге төлқұжат орнатылды және Жөлек елді мекеніне 800 мың теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынды.
ЭНЕРГЕТИКА

Евразиялық банк арқылы 2,5 млрд. теңге облысқа несие бөлініп, осы қаржының ішінде Шиелі кентінің ішкі электр желілерін жаңғыртуға 800 млн. теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр.



ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Өздеріңізге белгілі ауданымыз Сырдария өзенінің жағасында орналасқандықтан қауіпсіздік шараларының алдын алуды қажет етеді.

Қазіргі таңда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджеттен шұғыл әрекет етуге 6 млн. теңге бөлініп, 9 тонна бензин, 23 тонна дизель отыны алынды. Қосымша 2 000 бау қамыс, 10 000 дана қап және 60 тонна қойтас дайындалды.

Қыс-көктем мезгілдеріндегі қауіптің алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен 12,0 млн теңге бөлініп, Ботабай ауылындағы «Жаңа-Арық» каналының 19,5 км ұлтанын тазалап, шыққан топырақпен каналдың дария жақ бетіндегі дамбасын көтеріп, қорғаныс дамбасы ретінде пайдаланылуда.


БІЛІМ

Ауданда 41 мектеп, 1 кешкі мектеп, 3 мектептен тыс мекеме, 17 мемлекеттік және 49 жеке балабақша жұмыс жасайды. Мектептерде 15831 оқушы білім алып, балабақшаларда 6912 бала тәрбиеленуде.

Өткен жылы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Аудан мектептерінде 2687 мұғалім еңбек етуде, олардың 2511-і жоғары білімді, 176-сы арнаулы орта білімді.

ҰБТ қорытындысында ауданның орта балы 79,8 болды. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 4,7 балл. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,5 балға жоғары.

Мектеп бітіруші түлектердің 12-сі «Алтын белгі», 6-ы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.

Білім қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектебі» педагогикалық шеберлік орталығының 3 айлық біліктілігін арттыру курстарының ІІІ деңгейі бойынша 458 мұғалім және 486 мұғалім пәндер бойынша курстардан өтті, барлығы өткен жылы 944 мұғалім біліктілігін арттырды.

Қазіргі таңда аудандағы жалпы білім беретін мектептердің 1-2 сынып оқушылары 100 пайыз тамақпен қамтылып, оған аудандық бюджеттен 121 млн. теңге бөлінсе, 136 млн. теңгеге тұрмысы төмен отбасы балалары тамақпен, киіммен қамтамасыз етілді және жазғы демалысы ұйымдастырылды.

2015 жылы оқушыларды оқулықтармен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 12 млн. теңге, аудандық бюджеттен 69 млн. теңге бөлініп, оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді.
МӘДЕНИЕТ

Өткен жылы еліміз үшін қоғамдық-саяси маңызға ие Ұлтымыздың ұлы тұлғалары – Мұстафа Шоқай мен Нартай Бекежановтың туылғанына 125 жыл толу мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Облыс орталығында «Мұстафа Шоқай - Алаштың алып тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, Сұлутөбе ауылында Мұстафа Шоқайдың бюстті қойылды. «Көрнекті тұлға Мұстафа Шоқай» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы, «Тәуелсіздік жаршысы Мұстафа Шоқай, қазақтың сал-серісі ақын Нартай» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті.

Аудандағы барлық елді мекендерде орналасқан «Тағзым алаңдарын» жөндеуге және қайта салу жұмыстарына аудандық бюджеттен 38 млн. теңге бөлініп, 12 елді мекенде (Алмалы, Ақтоган, Бәйгеқұм, Бестам, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Ы.Жақаев, Н.Бекежанов, Қарғалы, Ботабай, Қодаманов, М.Шоқай) жаңадан салынып, 11 елді мекенде (Ақмая, Бйдайкөл, Еңбекші, Алғабас, Жөлек, Бала би, Тартоғай, Тәжібаев, 1 май, Бірлестік, Майлытоғай) жөндеуден өткізілді.

Мәдениет саласын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 8 млн. 490 мың теңгеге 19 ауылдық клубқа музыкалық аппаратура (Алғабас, Бала би, Бекежанов, Бидайкөл, Жахаев, Жөлек, Еңбекші, Тартоғай, Ақмая, Алмалы, Бәйгеқұм, Бестам, Ботабай, Досбол би, Жиделіарық, Төңкеріс, Ортақшыл, Қарғалы, Тәжібаев), 2 клубқа көрермен орындықтары алынды (Бестам, Тәжібаев).

Сонымен қатар, Республикада бірінші болып аудандық бюджет есебінен 800 мың теңгеге Астана қаласынан Ы.Жақаев мұражайына алтын адамды уақытша алып келіп, көрермендер қуанышқа бөленді.

СПОРТ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудандағы 2 стадион, 2 спорт кешені, 35 спортзал, 229 спорт алаңдарында 20338 адам спортпен шұғылданып, бүгінгі күнге халықтың бұқаралық спортқа тартылуы 24,5 пайызды құрады.

Есепті мерзімде ауданда 4 республикалық, 4 облыстық, 151 аудандық жарыстар өткізілді. Аудан спортшылары халықаралық және республикалық жарыстардан 17 алтын, 20 күміс, 14 қола медаль иеленді. Атап айтқанда: Таеквандодан Ботакөз Қапанова, Гүлбала Абызбаева жасөспірімдер арасында Тайпей мемлекетінде өткен Азия біріншілігінде қола медель, қазақша күрестен Рантаев Райымбек, Төлепов Бекжан жастар арасында Қазақстан біріншілігінің күміс медаль иегері атанды.

Срнымен қатар, «Алтын күз-2015» облыстық спартакиадасы өткізілді. Спорттың 15 түрі бойынша 1107 спортшы қатысып, жарыс қорытындысымен командалық есепте Шиелі ауданы 1-орынды иеленді.

2015 жылы аудандық бюджеттен 8,1 млн теңге бөлініп, спорттық киімдер, құрал-жабдықтар, спортшыларды тасымалдауға автобус көлігі және бокс рингі алынды.

2016 жылы Алмалы елді мекеніндегі спорт ғимаратын жөндеуге 13,1 млн теңге, Ортақшыл, Еңбекші елді мекендеріне күрес кілімдерін алуға 1,2 млн теңге бөлініп отыр.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Аудан тұрғындарына 1 аудандық емхана, 3 аурухана, 1 тубдиспансер, 20 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Оларда 121 дәрігер, 572 орта буынды медицина қызметкерлер жұмыс жасайды.

2015 жылдың есепті мерзімінде жалпы тіркелген аурулар саны 58947 болып, былтырғы жылмен (61030) салыстырғанда науқас саны 3,4 пайызға азайды.

Бірінші рет тіркелген аурушаңдық көрсеткішін талдағанда өкпе және тыныс аурулары 1,1 пайызға, құлақ, мұрын аурулары 2,9 пайызға, ас қорыту ағзаларының ауруы 7,8 пайызға, улану және жарақаттану аурулары 43,1 пайызға, жүрек қан тамыр аурулары 26,2 пайызға, қан аурулары 13,1 пайызға кеміп отыр.

Ал нерв жүйесінің аурулары 24,9 пайызға, қатерлі ісік аурулары 7,6 пайызға, жұқпалы аурулар 29 пайызға артып отыр. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында 5 млн теңгеге «Кардиограф» құрал-жабдығы алынды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Ауданда экономикалық белсенді халық саны 38015 адам, жұмыспен қамтылған халық саны 36171 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген.

Өткен жылы 800 жаңа жұмыс орындары ашу жоспарланса, жыл басынан 914 жаңа жұмыс орындары ашылып, орындалуы 14,2 пайызға артқан.

Жалпы жыл көлемінде 1668 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 573 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2015 жылға 2 жобаға 100 млн. 292 мың теңге қаржы қаралып, жоба аясында 34 азамат уақытша жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 90 азаматқа 191 млн 251 мың теңге шағын несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2015 жылы кәсіби даярлау курстарынан 212 азамат оқуларын бітіріп, 87-і жұмысқа орналастырылып, 51-і жұмысқа орналастыруды қажет етпейтіндігі анықталды. (Олардың 12 жоғарғы оқу орындарына түскендігі, 6 армия қатарына шақырылғандығы, 5 бала күтімінде, 3 қоныс аударғаны және 14 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, денсаулығының еңбекке жарамсыздығына байланысты бас тартқандар саны 11 адам болып нақтыланды.) Қалған 74 азамат мамандықтары бойынша аудан көлеміндегі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында бекітіліп берілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2 млн. 851 мың теңге қаржы қаралып, 20 адамды жолдау жоспарланса, ол толығымен орындалды.

Жастар тәжірибесіне 30 оқу бітірген жұмыссыз азаматты мамандықтары бойынша жастар практикасынан өткізу жоспарланып, 6 млн. 421 мың теңге қарастырылды. Өткен жылы барлығы 45 мекеме мен ұйымдарға 55 азамат жастар практикасынан өтіп, оның 14-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Аудан бойынша тұрмысы төмен 105 отбасын өзімнен және орынбасарларымнан бастап барлық мекеме басшылары ұдайы қамқорлыққа алып, тиесілі көмектер көрсетуде.


ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Аудан бойынша 2015 жылы жалпы 543 қылмыс тіркелген.

Қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижесінде кісі өлтіру 100 пайызға, зорлау 14,3 пайызға, мал ұрлығы 17,5 пайызға, алаяқтық қылмысы 36,7 пайызға, тонау қылмысы 66,7 пайызға, бұзақылық қылмысы 17,8 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді.

Дегенмен қылмыстардың кейбір түрлері ауыр қылмыстар 29,6 пайызға, бөтен мүлік ұрлығы 2,7 пайызға, пәтер ұрлығы 13,8 пайызға өсім алды.

Өткен жылдың есепті мерзіміне 10406 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жалпы 47 млн. 635 мың теңге айыппұл салынып, оның 37 млн. 379 мың теңгесі яғни 78,5 пайызы өндірілді.

2015 жылы Төңкеріс, Жөлек, Бестам ауылдық округтерінің учаскелік полиция қызметкерлеріне ауыл әкімі ғимаратынан арнайы бөлме берілді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет