6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнайы блім беру мекемелерiнен және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдiктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтiк қалпына келтiру (оңалту);
жастарға жұмыспен қамту, білім беру және кәсіптік даярлық, демалыс, туризм мен спорт салаларындағы олардың құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері туралы құқықтық насихаттау, хабардар ету;
жастарға тұрғылықты жерлері бойынша мағыналы бос уақытты ұйымдастыру, оның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу және қолдау және жастарға көмек көрсету бойынша басқа да функциялар;
жастарды жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.
7) Жастардың мүдделері жөніндегі клубты заңды тұлға құрылмай жастардың әртүрлі салалар бойынша мүдделерін білдіруі және қанағаттануы, өңірлік (ауданды, қалалық, селолық) деңгейде жас адамдардың мүдделері бойынша мәдени-көңіл көтеру, танымдық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларды өткізу үшін жастардың өкілдері құрады.
8) Облыстық, қалалық, аудандық әкімдер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес жастардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің, жастар саясаты сарапшыларының ішінен құрылады, оның құрамын жергілікті өкілетті орган тиісті деңгейдегі әкімнің ұсынысы бойынша бекітеді.
26-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты;
2) заңды және жеке тұлғалардың ерікті мүліктік жарналарының және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған өзге көздердің;
3) мемлекеттік жекеше меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жағдай жасау есебінен қаржыландырылады.
2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нысанында және жастар ұйымдарын қаржыландырудың басқа нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.
27-бап. Жастардың Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысуы
1. Жастар әлеуметтік, мәдени, білім беру және құқықтарды, заңды мүдделерді қорғауға, қажеттіліктерді қанағаттандыруға, табысты әлеуметтендіруге, мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруда орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалармен, бизнес-құрылымдармен тиімді өзара іс-қимылға бағытталған өзге де міндеттерді өз бетінше шешу мақсатында:
-
жастар және балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын;
-
ерікті ұйымдарды;
-
кәсіптік одақтарды;
-
балалар мен жасөспірімдердің, жастардың, студенттердің спорттық лигаларын;
-
жастардың шығармашылық одақтарын;
-
жастардың мүдделері жөніндегі ұйымдарын құрады және қызметіне қатысады.
2. Жастар мен жастар ұйымдарының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру іске асыруға тікелеу тарту мақсатындағы орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалармен, бизнес-құрылымдармен өзара іс-қимылдары олардың өкілдерінің:
1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметіне;
2) Республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) деңгейлердегі Жастар құрылтайына;
3) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жағдайы туралы есептерін тыңдау кезіндегі жергілікті өкілетті органдардың отырыстарына;
4) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметіне;
5) техникалық, кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарының жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысына;
6) селолық деңгейдегі жастар саясаты саласындағы жастардың жиналыстары мен жиындарына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
3. Жастар және жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға тікелей қатысу мақсатында мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары жөніндегі қызмет жоспарларына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және бағдарламаларға ұсыныстар әзірлей алады және оларды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің;
2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың;
3) уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының;
4) оқу орындарының және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттердің қарауына енгізе алады.
4. Жастар әлеуметтік, мәдени, білім беру және құқықтары, заңды мүдделерді қорғауға, қажеттіліктерді қанағаттандыруға, табысты әлеуметтендіруге, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған өзге де міндеттерді шешу үшін жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға, жастарға арналған көмек пен әлеуметтік қызметтің қызметтерін пайдалана алады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында жастар және балалар мен жасөспірімдер ұйымдары:
-
жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға;
-
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға және іске асыруға қатысуға;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған жеке және заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналарының қаражаттарын пайдалануға құқылы.
6. Ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жастар және жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан ақпаратқа сұрау сала алады, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы ақпаратты қамтитын уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар құрған ақпараттық ресурстарды пайдалана алады, оның ішінде Жастар саясаты туралы Ұлттық баяндамаға, жастар саясаты саласындағы есептерге қол жеткізе алады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
1. Осы заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
-
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Қазақстан Республикасы Заңының ( Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №16, 95-бап ) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ҚОСЫМША 2
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2013 жылғы «27» ақпаннан
№ 191 қаулысымен мақұлданған
«Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
Кіріспе
-
Мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау
-
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы әдістері
-
Тұжырымдаманы іске асыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі
Кіріспе
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған өскелең жастар. Қазақстан жастарының даму деңгейінің, олардың қоғамға ықпалдасуының негізі Қазақстанның болашағымен байланысты.
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылдық жетістігін бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығының негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде.
Осы жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету - жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.
Мұндай аса жауапты миссия тек кәсіби білімі, тәрбиесі мен адамгершілігі бар, бәсекеге қабілетті, елжанды және әлеуметтік жауапкершілікті жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің негізгі міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті негізгі күшіне айналдыру.
Мемлекеттік жастар саясаты
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың табысты әлеуеттенуі мемлекет назарында болды және болып қалады.
1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы Өкімімен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» бекітілді. Бұдан әрі аталған құжатты Үкімет қабылдағаннан кейін, 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар іске асырылды, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы».
Барлық аталған бағдарламалар жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Жастар саясатын одан әрі іске асыру үшін институционалдық негіз «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңын қабылдау болды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2008 жылы «Нұр-Отан» Халықтық-демокартиялық партиясының (бұдан әрі – «Нұр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.
Басым бағыттардың бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.
Мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл үдерістерін одан әрі жетілдіру кезеңі Білім және ғылым министрлігінің құрылымында Жастар ісі комитетін және Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларын құру болды.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды дамытуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламасы ғана емес, бүгінгі күні елімізде іске асырылып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту – 2020», Бизнестің жол картасы – 2020», «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары сияқты білім беруді, денсаулықты, тілді дамытудың, үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары бағытталған.
Демографиялық жағдай
Қазақстанның 14-тен 29 жасқа дейінгі жастары халықтың 26 %-ын құрайды. Қоғамда жастардың үлесі артуда. Оның саны 2012 жылы 4,4 млн. адамға жақындады. Бұл ретте, өңірлерге байланысты жастардың жалпы санындағы жастардың үлесі өзгеріп отырады. Айталық, ол Оңтүстік Қазақстан облысында - 17 %, Алматы облысында - 12 %, Алматы қаласында - 10 % құрайды. Жастардың жалпы санынан анағұрлым аз үлесі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады - 4 %-дан төмен.
Қазақстан жастары үшін жоғары білім деңгейі тән. Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есеге, арнаулы орта білімі барлардың саны 2 есеге өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есеге, қала жастарының саны 4 есеге өсті. Жалпы алғанда жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білім Қазақстан жастарының 40 %-да бар.
Жастар ұйымдары
Соңғы он жылда олардың саны 7 есеге өсті. Қазақстан жастарының конгресі (2002) және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты көпшілік ұйымдарда жастардың шоғырлану үдерісі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі құрылды.
2011 жылдан бастап «Қазақстанның жас депутаттары қауымдастығы», ал республиканың барлық өңірлерінде – жастар мәслихаты жұмыс істейді. 2011 жылы балалар мен жас жеткіншектерге арналған – «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» жаңа ұйымдары пайда болды, олардың басым міндеттері патриоттық тәрбие болып табылады.
Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары іске асырылуда: «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар-Отанға!», олар ауқымды оң қоғамдық резонансқа ие.
Жұмыспен қамту
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамды жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіби даярлық пен біліктіліктерін арттыру курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
2011 жылы 15 және одан жоғары жастағы белсенді экономикалық тұрғындардың саны 8,8 млн.адамға жетті. Жұмыспен қамту құрылымының (8,3 млн.адам), шамамен үштен бір бөлігін (30,5 %) 25-34 жас аралығындағы адамдар және 14,5 %-ын 15-тен 24 жас аралығындағы жастар құрайды. Жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы еңбек қала жастарында 78,3%-ға, ауыл жастарында - 40,9%-ға басым.
Орта мерзімді кезеңдегі жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі (2005 жылдан бастап) 13,4-тен 4,6 %-ға дейінгі (жұмыссыздықтың жалпы деңгейі кезінде 8,1 – 5,4%) шекте болды.
2012 жылы жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі (4,6 %) алғаш рет жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен (5,4 %) төмен болды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі қалаларда жоғары. 2011 жылы ол 6,4 % құрады, ал ауылда – 4,3% болды.
***
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақты рөл атқарды, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, жастардың әлеуеттенуіне жағдай жасады.
I-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫ ПАЙЫМДАУ
-
Қазіргі заманғы жастардың өзекті мәселелері
Қазақстан жастарын әлеуметтендіру мәселесіндегі қауіптер мен тәуекелдер мемлекеттік жастар саясатының өзекті тәртібін қалыптастырады, олардың айналасында барлық мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың және азаматтық қоғам институттарының күші біріктірілуі тиіс.
1. Дәстүрлі құндылықтардың жүйесіндегі жаһандық қысым.
Жаһандану үдерісі әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени даму деңгейлері бар мемлекеттердің ұлттық шекараларын ашады. Тұтынудың жаппай мәдениетінің қысымымен ұлттық құндылықтар тұрақтамауда.
Бүгінде дүниежүзінде ұлттық мемлекеттер жас ұрпаққа ашық әлем деңгейінде қоғамды дамытудың басымдықтарын сақтап қалуға мүмкіндік беретін құндылықтардың көңілге қонымды жүйесін ұсынуға қызығушылық танытуда.
2. Еңбек құндылықтарының доминанттық емес дәрежесі
Қазіргі уақытта жастар арасында прагматикалық бағдар күшейіп келе
жатыр. Өмір құндылықтарының қатарында анағұрлым маңыздысы материалдық игіліктерге ұмтылу. Бұл ретте көбінесе өмірлік жетістік, жоғары әлеуметтік дәрежеге қол жеткізу өз қабілеттілігімен еңбек ету, алға қойған мақсаттарға қол жеткізумен тікелей байланыспайды, қойылған мақсатқа біртіндеп жету.
3. Патерналистік көңіл және әлеуметтік инфантилизм
Әлемдік тәжрибеде экономиканың өсуі қоғамда әлеуметтік күтулердің артуымен қоса жүретінін, мемлекетке деген патреналистік көңіл-күйді тарауына және инфатильді азаматтардың ұрпағын қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті. Осындай құбылыстар Қазақстанда да байқалады. Социологиялық зерттеулер бүгінде Қазақстан жастарының 58 %-ы өз мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан болатын көмекке толықтай сенім артатынын, бозбалалар мен бойжеткендердің 92,5 % тікелей қолдауды және жұмысқа орналасуда әлдекімдердің қол ұшын беруін күтетінін растап отыр.
4. Тұтынушылыққа құштарлық
Жастардың дүниетанымдық дағдарысының бір көрінісі -тұтынушылыққа құштарлық, жаппай тұтынушы қоғам дағдарысының бір бөлігі болып табылады. Жастардың қазіргі өмір сүру тәсілінің ерекшелігі болып табылатын тұтынушылық тәжірибе – олардың тек қана материалдық байлыққа ие болуын көздейді.
5. Жастар ортасының радикалдану қаупі.
Өмірлік тәжірибесі мен білімі жоқ жастар, өзінің саяси мақсаттарын іске асыруды көздейтін сыртқы және ішкі деструктивті күштердің ықпалында қалу қаупіне ұшырайды. Экстремистік көзқарастар мен идеялардың жастар арасына енуі, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеу, қоғамдағы этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімдерді бұзу қаупін туғызады.
6. Жастардың маргиналдануы
Мемлекет қабылдайтын жедел әлеуметтік жаңғырту жағдайында қайта құрудан көбіне көп мінез-құлықтары девиантты болатын «артта қалушы» әлеуметтік топтар пайда болады. Маргиналды жастардың пайда болуы қоғамдағы ықпалдастықтың қиындықтарына және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге байланысты.
Сонымен қатар, жастардың әлеуеттену үдерісі, оны қоғамдық-саяси өмірге тарту мынадай құндылықтарға негізделеді:
Патриотизм
«Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» - Мемлекет басшысы құндылықты осылайша айқындап берді. Жас қазақстандықтар үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы - өз еліңнің Патриоты болудың жарқын үлгісі болып табылады.
Отан өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа, мерекелері мен күнделікті тірлігіне, мемлекеттік нышандарына деген айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптасатын отбасыдан басталады.
Жастардың санасына патриотизм – өзің, отбасың және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін сіңіру ерекше маңызды.
Халық бірлігі
Тұрақтылық – Қазақстанның 20 жылдық дамуындағы табысының негізі және басты нәтижесі. Көп этносты және көп конфессиялы Қазақстан халқының бірлігі –абсолюттік құндылық және барша ұрпақтың міндеті – осы құндылықтарды қорғау және елді көркейту жолында оны дамытып, орнықтыра түсу.
Мәдени саналуандық – бұл адамдарды бөлмейтін, керісінше біріктіретін құндылық. Этностық алуандыққа негізделген қазақстандық дүниетаным әлемдік мәдениет ағынына сіңіп жоғалып кетпеуге тиіс, оны жас ұрпақ бірегей ұлттық игілік ретінде сақтауы керек.
Жастарды адамгершілік жағынан қалыптастыру үрдісіне әсер ете отырып, мемлекет мәдениеттің жалпы деңгейінің өсуіне, коммуникациялық технологияларды дамытуға назар аударуы тиіс.
Жастардың даму деңгейі үшінші мыңжылдықтың талаптарына сәйкес болуына қол жеткізу қажет. Жұмыстың маңызды бағыты ар-ождан және діни сенім еркіндігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету.
Толеранттылық
Елбасының этносаралық және конфессияаралық келісімінің теңдессіз үлгісі жас ұрпақтың толеранттылығын қалыптастырудың, олардың этностық және діни ерекшеліктерді түсіністікпен қарауының және құрметпен қабылдауының негізіне айналуы керек. Мәдениеттер, діндер мен өркениеттер диалогының түйіскен орны, Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болып табылатын елдің жастары бейбітшілік пен келісім мәдениетін таратуға басқаларға қарағанда мүдделірек болуы тиіс.
Заңға мойынұсынушылық
Заңға бағынатын азаматтар ғана демократияны жетілдіруге және шынайы құқықтық мемлекет құруға қабілетті екені айқын. Заңды бұлжытпай орындау жастардың өмірлік дағдыларына айналуы керек. Бұл өсіп келе жатқан буында әсіресе, «ересек» өмірдің дағдылары жаңа қалыптаса бастаған кезеңінде маңызды болып табылады. Құқықтық сананың өсуі, белгіленген тәртіп ережелері мен қағидаларын құрметтеуді қалыптастыру барлық әлеуметтік институттардың ерекше назар аударатын нысанасына айналысуға тиіс. Заңның беделдігі қазақстандық жастардың санасында қазіргі кезеңнің дамуының базалық құндылығы ретінде берік бекітілуі қажет.
Білім
Жастардың дәстүрлі құндылықтары – білім мен мансап білім беру жүйесінің еңбек нарығында анықталған қажеттіліктер мен технологиялық жаңалықтарды және экономикалық, әлеуметтік, кәсіпкерлік өмірге айқын бейімделуді ескере отырып, қайта қаралуға тиіс. Жастар арасында ғылымның беделдін арттыру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту жастар саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуы қажет.
Еңбекқорлық
Жалпыға ортақ еңбек қоғамында жастардың маңызды негізгі құндылықтары жастарды экономикалық-еңбек қызметіне тартуға негізделген еңбексүйгіштік пен ерекше еңбек этикасы болуы керек. Осыған байланысты, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялы-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы» бағдарламаларында жастардың өздерін көрсетулеріне айрықша мүмкіндік беріледі.
Жастардың іске жұмыла білуінің экономикалық құндылығы аса жоғары. Зерттеулерге сәйкес, жастардың үштен бірі жұмыс үшін елдің кез келген өңіріне баруға әзір. Кез келген жағдайда әлеуметтік бейімделуге әзірлік, жастардың өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп беруге табиғи ұмтылысы өсіп жатқан Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтаудың ішкі көші-қон мәселесін шеше алады.
Инновациялық, ғылым және инновация
Инновациялық экономикаға өту - қазақстандық жастардың инновациялық мінез-құлқын қалыптастыру міндеттерін өзекті етеді. Жастар өткен күнмен астасқан дүниенің бәріне құштар емес. Сондықтан барлық жаңаны айрықша қабылдағыш, өмірдегі өзгерістерге бейімделгіш, мол әлеуеті мен шығармашылық зияткерлік энергиясы бар және әлеуметтік белсенді қызметке дайын жастар тәжірибеге жаңа идеяларды, бастамалар мен технологияларды жылдам ендіретін жолбасшы болуы керек. Онымен қазақстандық ғылымның өсуі, әсіресе жаратылыстану, техникалық ғылымдардың өсуі байланысты болуы керек. Жастардың ғылымға бет бұруы – бұл болашаққа айқын жол.
Отбасы
Қазақстанда отбасы әрқашан әлеуметтің аса маңызды құраушы элементі ретінде қарастырылып келеді. Ол қоғам болмысының, мемлекеттің негізі, адалдық, адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.
Қазақстан халқында бұрыннан бар қасиет, қарттар мен балалар ерекше қамқорға бөленуге тиіс. Өзі және өз жақындары үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден бастау ала отырып, жастар саясаты мәселелерінде негіз болуы қажет. Өмірдің құндылығы, қауіпсіздігі және оны жалғастыру отбасымен тікелей байланысты.
Денсаулық және спорт
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясына денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау енгізілуі тиіс. Өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидасы, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану бұрынғыша маңыздылығы жоғары болып қалады.
Қазақстандағы спорт бүгінгі әлеуметтік лифтілер жүйесі анағұрлым үйлесімді жұмыс істейтін сала болып табылады. Қазақстандық спортшылардың ғаламдық табыстары жігіттер мен қыздарға өздерінің жарқын талантын, ерік-жігерін, мінезі мен еңбексүйгіштігін көрсете отырып, жоғары нәтижелерге, сонымен бірге даңқ пен құрметке бөлене алатындығын, материалдық игілікке де қол жеткізуге болатындығын көрсетіп берді.
Спорт пен бұқаралық дене шынықтыруды дамыту жастар саясатының ерекше басымдығына айналуға тиіс.
Оң мұрат-мақсаттар
Нарық экономикасы мен Қазақстанның постиндустриалды дамуы жастардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының жаңа стратегиясын қалыптастыру қажеттілігіне себепші болады. Кәсіпті таңдай білу, мансапқа дұрыс жолмен жету, еңбек саласындағы ықпалдастыққа және табысқа жету жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі ретінде қарастырылуы қажет.
Бұл ретте, жастарда меритократия қағидасын («лайықтылар билігі») ұстануды қалыптастырудың маңызы зор. Заманауи кәсіби мансаптың басты нышаны деңгейлік, кәсіби, еңбегіне қарай қызметтік сатылық өсу болуы керек. Жастар оң идеалдар мен өз талантына, жұмыс істеу қабілеті мен жеке жауапкершілігінің нәтижесінде табысқа жеткен үздіктерге теңесіп, алға жылжуы тиіс.
Жаңа экологиялық этика
«Жасыл экономиканы» дамыту индустрияландырудың негізі ретінде экологиялық мәселелердің маңыздылығын арттырады. Жастар жаңа экологиялық этиканы ұстанушылар болуы керек, туған жері мен оның табиғи байлықтарына жанашырлықпен қараулары тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |