«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі Жалпы ережелер. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»



Дата01.07.2016
өлшемі95.27 Kb.
#170248
Көкпекті аудан әкімдігі

2013 жылдың «___»_____

№____қаулысымен бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1.Жалпы ережелер.
1. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің мынадай ведомствалары бар.

1) Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ;

2) Көкпекті ауданының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік – құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық –құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды орналасқан жері: Индекс: 071000, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздана көшесі, 61. телефон: 8(72348) 2-1734, 2-1783.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан ) жүзеге асырылады.

13. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды кешенді жүзеге асыру, аудан тұрғындарының әр түрлі топтары мен категориясына сапалы әлеуметтік қызмет көрсету өнімді жұмыспен қамтуға көмектесу болып табылады.

15. Міндеттері:

- Жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту;

- Халықтың ең әлсіз топтарын әлеуметік қолдау;

- Жаңашыл сапалы деңгейде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жағдай туғызу.

16. Функциялары:

1) орталық аппараттық функциялары:

2) Мүгедек, жалғыз басты, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларды, сонымен қатар әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың басқа да топтарын қолдау шараларын жасау және жүзеге асыру.

3) Отбасы, ана, әке және баланы, мүгедек, әскери қызметтен босатылатған тұлғалар және олардың отбасы мүшелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың басқа да топтарын қолдау бойынша шараларды жасау және жүзеге асыру

4) Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.

5) Семей ядролық полигоны бойынша деректер қорын түзету,өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс.Бір жолғы ақшалай өтемақы төлеу мәселесі бойынша келушілерді қабылдау.

6) Азаматтарға және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер мен артықшылықтардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дұрыс және толық берілуіне бақылауды жүзеге асыру.

7) Азаматтардың ұсыныс, өтініш және арыздарын қарау, олар бойынша тиісті аралар қолдану, бөлім құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру.

8) Кедейшілікпек жұмыспен қамтылудың төмендеуі және де басқа әлеуметтік бағдарламалар бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды талдау және үйлестіру.

9) Жоғарғы органдардағы әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау және енгізу.

10) Барлық экономикалық қызметтегі ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбекақысын мөлшерлеу мен төлеу жағдайына талдау жасау.

11) Халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын анықтайтын сипаттама талдауы; халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғау тиімділігін көтеруге бағытталған жоба бағдарламаларын жасауға қатысу.

12) Мүгедектерді оңалту мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру, оларға протездік- ортопедиялық көмек көрсету,сонымен қатар қозғалу құралдарымен қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізу.

13) Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері жүйесін дамыту олардың материалдық базасын нығайту. Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелеріне орналастыру және олардың толық қызмет көрсетулерін ұйымдастыру.

14) Экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы қызметін үйлестіру.

15) Біріңғай ақпараттың еңбек нарығы базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау және талдау, еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігін ақпараттандыру.

16) Мекеме және ұйымдарда меншіктің барлық түрі бойынша кадрларға сұраныстың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы.

17) Тартылған шетел мамандарын біртіндеп алмастыру үшін қазақ азаматтарын кәсіби оқыту, қолданыстағы заңнаманы сақтау және жұмыс орнын ашу бойынша жұмыс берушімен шартты орындау мәселесі бойынша шетелдік жұмыс күшін тартатын мекеме қызметіне бақылауды жүзеге асыратын органдармен өзара әрекет ету. Өкілеттік органдармен әдістемелік және ұйымдастыру басшылығы.

18) Экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы қызмет үйлесімділігі; тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын шараларды жасау және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру және реттеу.

19) Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын дайындау және жүзеге асыруда жұмыс беруші өкілдердің, жұмысшылардың және қоғамдық ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету.

20) «Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша» орта мерзімді даму жоспарының жобасын әзірлеу және келісу.

21) Аз қамтылған азаматтардың еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысының анықтама – ақпараттық тіркеу жүйесін жасау және сақтау.

22) Халықты әлеуметтік қорғау органдарының әлеуметтік қорғау және хылықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша денсаулық сақтау, білім беру органдарымен өзара әрекет ету.

23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бөлімге жүктелген басқа міндеттерді жүзеге асыру.

2) Ведомствалардың функциялары

- «жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

- әлеуметтік қолдаудың жаңашыл сұраныстағы түрлері мен әдістерін дамыту;

- арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және өмірлік қиын жағдайға ұшыраған тұлғаларды арнайы әлеуметтік қызметпен қамту инфрақұрылыммен кеңейту. Әлеуметтік қорғац саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу.

17. Құқықтары мен міндеттері

- облыстық орындау органдары, қала және аудан әкімдері, кәсіпорын және ұйымдардан функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа да материалдарды белгіленген тәртіп бойынша сұрау алу;

- бөлім құзыреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша жергілікті атқару органдары және ұйымдары қызметтелген, әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

- ақпараттық және әдістемелік материалдарды, сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты баспа құралдарын шығару және тарату;

- жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламлар бөліміне жүктелген бюджеттік бағдарламаларды, барлық қызметтерді сапалы және уақтылы орындау.

- заңнамамен қарастырылған басқа да уәкілеттілікті жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органының қызметін ұйымдастыру.
18. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Көкпекті ауданының «Шығыс Қазақстан облысы Көкпектіауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырылады.

19. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті жұмыспен қамту жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті жұмыспен қамту жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен басатылатын орынбасарлары бар.

21. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті жұмыспен қамту жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының уәкілеттігі:

- бөлім орынбасары мен мамандардың міндеттері мен уәкілеттігін

анықтайды, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы»

заңнамасына сәйкес бөлім жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және

лауазымнан босатады;

- бөлім бойынша бұйрықтарға қол қояды;

- бөлімді басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға таныстырады;

-заңнамаға сәйкес басқа уәкілдікті жүзеге асырады;

«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның

өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға

орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының уәкілеттіктерін қолданыстағы

заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппартын Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке

тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі.


  1. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік

иесі берген мүлік сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай

кірістерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым

салынбаған өзге де көздер есебінен қарастырылады.



  1. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген

мүлік коммуналдық меншікке жатады.



  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесі өзіне берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары

бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен

шығаруға немесе өған өзгеде тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.


  1. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта

ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

жүзеге асырылады.

«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның

ведомстваларының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізімі.

- «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



- «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет