«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі Жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы»



жүктеу 81.05 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі81.05 Kb.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «____»___________

№ ______ қаулысымен

бекітілді

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер
1.«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың бірінші басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

8. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.



2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты және халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, жастардың толыққанды рухани дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдай жасауға, Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.

14. Міндеттері:

1) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және нығайту;

2) атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ тұрғындар арасында «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ел Президентінің жылсайынғы Жолдаулары ережелерін, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдықтарын іске асырудың барысын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кешенін өткізуді ұйымдастыру;

3) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен, сондай-ақ басқа қоғамдық бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен, ұлттық-мәдени орталықтармен сындарлы өзара іс-қимылды нығайту;

4) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

5) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

6) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

7) мемлекеттік ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

8) ішкі саясат саласы бойынша тәжірибелік ұсынымдар, сондай-ақ қоғамды топтастыру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;



  1. өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму

үрдістерін жан-жақты және шынайы зерттеу, қорыту және талдау;

  1. өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды диагностикалау және болжауға

бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу.

15. Функциялары:

1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

2) Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және жүзеге асырылуын бақылайды;

4) Шығыс Қазақстан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

5) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

8) Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

9) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

10) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;



  1. жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

12) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

13) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

14) Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңестік органдарды құрады және қызметін қамтамасыз етеді;

15) Шығыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері :

1) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен олардың басшыларынан, азаматтардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпарат сұрау және алу;

2) ұйымдарды олардың келісімімен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы іс-қимылдарды кеңесуге және үйлестіруге тарту;

3) «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсынымдар енгізу;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзінің функцияларын орындауына қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

5) «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз функцияларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылық«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшыарқылы жүзеге асырылады.

18. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысы әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

19. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) заңнамаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, сондай-ақ басқармаға қарасты ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын және бас бухгалтерін) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) заңнамамен белгіленген тәртіппен «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

3) «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

4) «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда сенімхатсыз «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесініңбірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.



4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы

ұйымдардың тізбесі


  1. «Шығыс ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2. «Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3. Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет