Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы


ҮІІ. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ



бет5/6
Дата07.12.2023
өлшемі80.72 Kb.
#485760
1   2   3   4   5   6
Курс жұмысы ЕРЕЖЕ СМК

ҮІІ. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ
7.1 Курстық жұмыс (жоба)келесі элементтерді қамту керек:

  • титул парағы

  • мазмұны

  • кіріспе

  • негізгі бөлімі

  • қорытынды немесе тұжырымдар

  • қосымша

7.2. Мамандандыру, шартты белгінің қысқартуы тізімі және т.б.:
Курстық жұмыстың көлемі мамандықтың өзгешелігіне сәйкес ПӘК шешімімен анықталады.
Курстық жұмыс бір ара қашықтық арқылы А4 форматының ақ қағазының парағының бір бетінде жазылады. Шрифт Times New Roman, 14 кегль. Курстық жұмыстың мәтіні, кеңістіктің келесі өлшемдерін сақтау арқылы басылады : сол жағы - 30 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, оң жағы - 15 мм және төменгі жағы - 20 мм.
Компютерлік мүмкіндіктерді және белгілі терминдерді, формулаларды, теоремаларды әртүрлі гарнитура шрифтерін қолдану арқылы пайдалануға рұқсат беріледі.
7.3. Титулді парақ. Титулді парақ курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады және қатал ережелер бойынша толтырылады. Парақтың ортасында басты әріптермен курстық жұмыстың атауы "тақырып" деген сөзсіз және тырнақшасыз жазылады. Атауы мүмкіндігінше қысқа және жұмыстың мамұнына сай болуы керек. Титулді парақтың оң жағында тақырыптан соң жеті жоларалық қашықтық арқылы білім алушының аты-жөні, тегі, оқитын тобы, мамандығы, біліктілігі, ғылыми жетекшісінің аты-жөні, тегі және оның лауазымы жазылады. Төменде қала мен орындалған жылы көрсетіледі (санмен, «жыл» деген сөзсіз). Титулді парақты толтыру үлгісі қосымшада көрсетілінген.
7.4. Мазмұн. Мазмұнның ішіне құрылым элементтерінің, тараулардың, тармақтардың атаулары және олар басталатын беттердің рет сандары жазылады. Мазмұнның тақырыптары мәтіндегі тақырыптарды нақты қайталау керек, оларды қысқартуға, өзгертуге болмайды. Тақырыптамалардың бірдей сатысының рубрикацияларын астында жазу керек. "МАЗМҰНЫ" деген сөзді беттің үстіне ортасынан бас әріппен жазады және нөмірлемейді.
7.5. Кіріспе.
Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді. Кіріспе курстық жұмыстың бірінші бөлігі болып табылады және шешілмек мәселенің қазіргі күйін баяндайды: оның өзектілігінің, практикалық елеуліліктің және жаңалықтың, зерттеудің мақсаттарын тұжырымдауына арнаулы сол себептен кіріспе жұмыстың өте жауапты бөлігі. Өзектілікке проблемалық жағдайдың мәнін көрсету қысқа нақты жазылады. Ғылыми мәселені тұжырымдап, шешілетін зерттеу мақсаттарға көшу керек, осы мақсатқа байланысты шешілетін міндеттерді сілтеу керек. Ол әдетте тізім ретінде жазылады (зерттеу, суреттеу, белгілеу, анықтау, шығару және т.б.). неғұрлым ұқыпты орындау қажет, өйткені кейін оларды шешу жолының сипаттамасы жұмыстың мазмұны болады. Одан басқа, мақсаттары тұжырымдаудан тараудың және жұмыстың тармақтарының тақырыптары туындайды. Зерттеудің нысаны мен пәнін тұжырымдау кіріспенің басты элементі болып табылады. Пән - ол нысанның шекарасындағы көрініс. Нысан және зерттеу пәнінің өзара ортақ және жеке ретінде ара қатынаста болады. Нысанда пән болып қызмет ететін бөлік шектеледі. "КІРІСПЕ" деген сөз беттің ортасына бас әріптермен тақырып ретінде жазылады. Кіріспенің көлемі шағын болуы тиіс, ол мамандықтың өзгешелігін реттейді және ғылыми жетекшімен анықталады.
7.6. Негізгі бөлім.
Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек. Негізгі бөлім, әдебиеттің шолуынан, зерттеу әдістемесінен, зерттеу нәтижелерінен және оның талқылауынан тұруы тиіс. Әдебиеттің шолуы, тақырып бойынша студенттің тиянақты таныстығын, оның мәліметті жүйеге келтіру ептілігін, оларды сын үстінде қарастыру, бастысын анықтау, бұрын басқа зерттеушілермен атқарылған жұмысты бағалау қабілетін анықтайды. Онда зерттелмек мәселенің жаны баяндалады, шешімін табу әр түрлі көзқарастар қарастырылады, оның сарапшылығы беріледі, студенттің өз көзқарастары баяндалады. Жұмыстың осы тарауының көлемі негізгі жұмыстың көлемінен үштен бір көлемінен аспауы керек. Зерттеу жұмыста пайдаланған әдіс және нақты әдістемелердің нұсқаулықтарын; зерттеу нысанының; пайдаланған тұжырымдардың; аспап-жабдықтың және компьютерлік бағдарламалардың; эксперименталді зерттеу өткізілген кәсіпорындардың; қолданған анкеталық мінездемелердің, тақырыптың методологиялық жетілуінің сипаттамасын баяндауы тиіс. Нәтижелерді кіріспеде тұжырымдаған мақсаттың орындалуы бойынша баяндауы тиіс. Олар теориялық шешімдердің, эксперименттердің, есептердің нәтижелерін баяндау керек, солардың ішінде графиктар, кестелер, суреттер және т.б. болады. Қол жеткізген нәтижелерді талқылау барысында білім алушы көрсетілінген заңдылықтарды, техникалық, табиғи, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени процестерге әсер ететін факторларды, олардың даму тенденцияларын байқауы тиіс. Жұмыс бойынша шынында келген материалдың арқасында кіріспеде тұжырымдалған мақсаттар шешіледі. Негізгі бөліктің барлық құрамдары бір-бірімен бірінші сөйлемінен соңғы сөйлеміне дейін логикалық қисын арқылы байланысуы тиіс. Негізгі бөлімнің мазмұны жұмыстың тақырыбына сәйкес болып, оны толық ашуы керек. Мәтіннің тілі мен стилін бақылауда ұстау керек.
7.7. Қорытынды.
Жұмыс қорытынды бөліммен аяқталады. Бұл кіріспеде тұжырымдаған, жұмыс барысында шыққан қорытындылардың дәйекті, логикалық пішінді және олардың ортақ мақсаттарға келтіру. Кейбір уақиғаларда келешекте басқа зерттеушілерге зерттеп жатқан мәселенің шешетін басқа жолдарын, нақты мақсаттарын, сілтеу керек мәселесі туындайды. Қорытынды практикалық зерттеу нәтижелері туралы ұсыныстарды қамтиды. Қорытынды бас әріптермен жол ортасынан жазылады және кемінде 1 бет болу керек.
7.8. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болуы және олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан-жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде библиографиялық мазмұндау ГОСТ 7.1.–2003 стандартына сәйкес рәсімделеді.
Жұмыстың мәтінінде әр пайдаланған әдебиетке сілтеме рет санымен шаршы жақшаларда [] көрсетіледі. Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, анықтамалар туралы мәліметтер болу керек:

  • автор туралы мәліметтер, кітаптың атауы, басылымның орны, баспа туралы мәліметтер, басылу жылы, беттер саны.

Автордың фамилиясы атау септігінде қолдану керек, кейін оның инициалдары қойылады. Егер кітап екі немесе үш автормен жазылса, олардың тегі және инициалдары кітапта кездесетін ретімен үтір арқылы жазылады. Егер кітап төрт автормен жазылған жағдайда біріншіден кіаптың атауы жазылады, кейін шәлгез арқылы авторлардың фамилиялары және инициалдары жазылады. Егер кітаптың авторлар саны төрттен асса, біріншіден кіаптың атауы жазылады, кейін шәлгез арқылы бірінші үш автордың инициалдары және фамилиялары, ал кейін басқа авторлардың орнына және т.б. деген деректер жазылады. Кітаптың атауы сөзбе-сөз болу керек. Басылымның орынының атауы толықтай атау септігінде болу керек. Баспа туралы мәліметтер толықтай болу керек, мысалы, Қайнар, Фолиант. Егер кітаптың мәтінінің шағын бөлігіне сілтеме келтірсе, онда алғы немесе соңғы беті көрсетіледі, мысалы, 521-523 б. Егер сілтеме барлық кітаптың мазмұнын келтірілсе, онда беттің толық саны көрсетіледі, мысалы, 653 б.
Жинақтар туралы мәліметтер мынадай болу керек:

  • автор туралы мәліметтер - мақала атауы - жинақ атауы - басылымның орыны - баспа туралы мәліметтер - басылу жылы - беттер саны. Автор туралы ақпарлардан және мақаланың атауынан кейін екі шәлгез сызықша арқылы жинақтың атауын келтіреді. Конференцияның және құрылтайдың материалдары туралы ақпарларды өзіне қосады:

  • конференцияның атауы (құрылтайдың және т.б.);

  • конференция туралы ақпарлар (мемлекеттік, халықаралық және басқалар);

  • шығарманың орны және т.б. Конференцияның атауы ол туралы ақпарлар қос нүктемен бөлінеді.

Мерзімдік басылымнан алынған мақала туралы ақпарлардың мазмұнына мыналар кіреді:

  • автор туралы ақпарат;

  • мақаланың басынан кейін екі шәлгез сызықша;

  • басылымның атауы;

  • жылы (күні);

  • номері(сериясы,шығарылуы);

  • беттері.

Қалып және құжаттар жинақтары туралы ақпарларды өзіне қосады:

  • шифр (ГОСТың номері);

  • құжаттың атауы;

  • қолдану мерзімі;

  • басылымның орны (басылым туралы ақпарат);

  • жылы;

  • беттер.

Патент туралы ақпарлар және шығарма туралы куәлік мазмұнына мыналар кіреді:

  • атауы;

  • авторлар туралы ақпарлар (өнертапқыштар);

  • шығарылымның күні;

  • басылым туралы ақпарлардың ішінде жарияланған патент құжаттары туралы мәліметтер;

  • беттер.

Патенттің немесе куәліктің номері автор туралы ақпарлардан екі шәлгез сызықшамен бөлінеді.
«ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөздері жаңа жолдан, бас әріппен жазылады және нөмірленбейді.
7.9. Қосымша мәліметтер.
Қосымша мәлеметтерге қосалқы және қосымша материалдар ұсынылады. Қосымша мәлеметтер жұмыстың ең соңғы беттерінде оның жалғасы ретінде жазылады. Әр қосымша мәліметтер жаңа беттен басталады. «ҚОСЫМШАЛАР» сөздің басты атауы ретінде жолдың ортасында, жоғарғы бетінде үлкен әріптермен жазылады. Қосымша мәліметтер араб цифрымен номерленеді. Әр қосымша мәліметте өз тақырыбы болуға тиіс, ол жолдың ортасында үлкен әріппен жазылады. Беттің номерлері жұмыстың ортақ беттерін жалғастыруы тиіс. Мәтін қосымша мәліметтермен сілтеме арқылы байланысады, олар «белгіленген» деген сөзбен қоса беріледі, ол дөңгелек жақшада номермен бірге жазылады. Мәтінде бар формулаларды, сурет сипаттамаларды, кестелерді номермен белгілеу қажет, оның алдында қосымша мәліметтің әрпі жазылады.
7.10.Кестелер.
Цифрлық материалды кесте ретінде рәсімдеу керек. Кестені жұмыста жазылған мәтіннен кейін орналастыру керек. Сілтеме кезінде «Кесте» деген сөзді номермен белгілеу керек. Кестені барлық жұмыс бойынша араб сандарымен белгілеу керек (қосымша мәліметтерге кірген кеспені санамаймыз). Номерді үстінгі сол бұрышында «Кесте» сөзінен кейін, бас атауының үстінде орналастыру керек және нүктені жазуға болмайды. Қосымша мәліметтердің кестесін бөлек араб сандарымен белгілейді және әр санның алдында қосымша мәліметтердің белгісі жазылады. Егер жұмыста бір кесте болса, ол «Кесте 1» деп аталады, немесе ол қосымша мәліметтер В-ның ішіне кірсе «Кесте В1» деп белгіленеді. Кестенің атауы оның мазмұнына сәйкес болуы тиіс. Атауын жолдың ортасында және кестенің үстінде орналастыру қажет, нүктені соңында қою керек емес. Кестенін тақырып кескіні және жолы кіші әріппен жазылады егер олар тақырыппен бір сөйлем ретінде қарастырылса, немесе бас әріппен, егер мағынасы жеке болса, кестенің ішіне кескінді «№ б/т» қосуға ұсынылмайды.
7.11. Cуретсипаттамалар.
Көрнекті материал курстық жұмыстың тындырымды бөлігі болып табылады. Оның саны, құрамы және мазмұны жұмыстың жетекшісімен қарастырылады. Негізі суретсипаттамаларда қолданылады: суреттер, сызбалар, нобайлар, диаграммалар. Мәтінде суретсипаттамаларды айтылған кезде немесе екінші бетте жазады. Жұмыста барлық суретсипаттамаларға сілтеме болуға тиіс. Фотосуреттер А4 форматтан кіші болса ақ қағазға желімделеді. Әр суретсипаттамалардың атауы болуы тиіс, ол суретсипаттамалардың үстінде жолдың ортасында орналастырады. Суретсипаттамаға анықтама қажет болса, олар жаңа жолдан басталады. Суретсипаттама «Сурет» деген сөзбен белгіленеді және оны анықтамадан кейін жолдың ортасына орналастырады. Суретсипаттаманы араб сандарымен нөмерлейді, барлық жобаның мазмұны бойынша. Суретсипаттаманың номерінен кейін нүкте қойылады. Егер жұмыста тек қана бір суретсипаттама болса, оның номері қойылмайды және «Сурет» деген сөзі жазылмайды. Суретсипаттаманы бір бетте орындау қажет. Егер суретсипаттама бір бетке сыймаса, оны келесі бетке орналастыруға болады, бірақ та суретсипаттаманың атауы бірінші бетте болып қалады, ал анықтама суретсипаттаманың әр бетінде жазылады және де «Сурет... бет» деп аталады. Жоғары және төмен орналасқан суретпен мәтіннің арасында екі «бос» жол болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет