Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы


Ү. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР



бет4/6
Дата07.12.2023
өлшемі80.72 Kb.
#485760
1   2   3   4   5   6
Курс жұмысы ЕРЕЖЕ СМК

Ү. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Курстық жұмыста болу қажет:
- мақсатты бағдар:
- айқын құрылымы;
- ұсынып отырған материалдың логикалық дәйектігі;
- ғылыми зерттеудің тереңдігі мен қойылған сұрақтың толықтай жауабы; нанымды дәлел.
ҮІ. ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ
6.1. Әдебиетпен таныстыру. Әдебиетті зерттеу жұмыстың бастапқы кезеңі болып табылады: оқулықтар, монография, мерзімді отандық және шетел баспасы, нормативтік-анықтамалық және баспаға шықпайтын құжаттар (сақталған қолжазбалар, диссертациялар, архивты материалдар) Ғаламтор материалдары; курстық жұмыстың тақырыбына байланысты материлдардың барлығын қарастыру керек.
6.2. Зерттеу тәсілін таңдау. Әдеби деректерге және ғылыми зерттеу жүргізетін жағдайға сүйене отыра студент өзінің ғылыми көмекшісінің басшылығында, алдағы қойылған жұмыстың мақсатына жету үшін көзделген нақты материал болып табылатын зерттеудің тәсілін таңдайды. Зерттеудің тәсілін дұрыс таңдай білу, жасалатын жұмыстың табыстылығына байланысты.
6.3. Нақты материалды жинақтау. Зерттеу әдістерін таңдаған соң, білім алушы ғылыми жұмыстың әдіснамасын үйрену керек (дәлелдемелер жинау тәсілі, эксперименттік сынауды жүргізу, талдауды және есептеуді жүзеге асыру, шешілетін мәселенің модельдеуін қабылдау және т.б.) Тәсілдерді меңгеріп алған соң, студент нақты мәліметтерді жинақтайды (бастапқы материалдарды қабылдайды), жүйелі жазу жүргізеді (зертханалық журналға, өндірістік практика күнделігіне және т.б.) Жұмыс аяқталған соң, жиналған материалдар ғылыми жетекшісіне көрсетіліп, соның келісімі бойынша ақпарат жинау кезеңінің аяқталғаны жөнінде шешім қабылданады. Алынған бастапқы материал ғылыми және арнайы әдістерді пайдалана отырып өнделу керек. Сонымен қатар, алынған мәліметтерге статистикалық анализ жүргізу қажет. Сандар мен фактілер, аталған зерттеудегі мәселенің толықтай жағдайын көрсете алу керек. Жұмыста қабылданған шешімдерге және толықтай мәліметтердің дұрыстығына автордың өзі-білім алушы өз жауапкершілігіне алады.
6.4.Нәтижелерін талқылау студент өзінің ғылыми жұмысында қорытындылар туралы есеп жасаумен бірге ғылыми жетекшімен бірлесіп, мәселені талдап және жалпылап, заңдылығын және үрдістерін анықтап, жетіспеушілігі мен себептерін жоюға жолын тауып, ұсыныстар ойластырып, жақсартуға бағытталған практикалық зерттеудің нәтижесін қолданады.
6.5. Жұмысты жазу мен рәсімдеу. Жұмысты орындау уақыты үнемдеу үшін бірінші үзіндіні жазудың алдында жұмыстың рәсімдеу тәртібін меңгеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет