ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Ұйымдастырушы: Ерсай Ұ.С.
2021-2022 оқу жылы
Тәрбие сағатының мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Сұрақ-жауап,мақал-мәтел,пікірталас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Оқушы ережесі.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?»
IҮ. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)
V. Жалғасын тап… (мақалдардың жалғасын табу)
VI Қорытынды.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
\Оқушылар «Жақсылық» және «Парасат» тобы болып екіге бөлінеді.\
Мұғалім: А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет — әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» — деген.
Достарыңызбен бөлісу: |