Қауіпсіздік ережелерін сақтау
1. Күюді тоқтатыңыз. Егер сіз біреуге көмектесіп жатсаңыз, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді тексеріңіз. Яғни, өзіңіз қайнаған ыстық судың астында қалмайтындығыңызға және қышқыл ортаға түспейтіндігіңізге көз жеткізіңіз.
2. Қажет болса, дәрігерге жүгініңіз
Жедел жәрдемді шақыруды ұмытпаңыз, егер:
Жарақат электр тоғының әсерінен болса.
Химиялық күйік болса.
Үшінші дәрежелі күйік және одан да жоғары болса, яғни тері күлдіресе, олар бір үлкенге біріктірілгенде, күйік аймағындағы тері қоңыр немесе қара, құрғақ және сезімталдығын жоғалтқанда.
Дененің беткі қабатының 10% асатын кез-келген дәрежедегі күйіктер. Оның көлемін нақты анықтау үшін зардап шегушінің алақанының мөлшерін басшылыққа алыңыз. Бір алақан - дене аймағының шамамен 1% құрайды.
Бала немесе 70 жастан асқан қарт адам күйіп қалған жағдайда.
Егер күйік жеңіл, бірақ диаметрі бес сантиметрден асатын болса, жедел жәрдем шақырудың қажеті жоқ. Дегенмен ауруханаға барып, дәрігерге қаралған жөн.
3. Күйік жараға салқын басыңыз
Зардап шеккен аймақты салқын судың астына шамамен 15-20 минут қойыңыз. Су мұзды болмауы керек.
4. Күйік жараны құрғақ әрі таза дәкемен таңып, байлаңыз
Дәке зарарсыздандырылған болса жақсы. Оның мөлшері күйікті толығымен жабатындай болу қажет. Дәкені тым қатты тартып, байламаңыз.
5. Ауырсынуды басатын дәрі қабылдаңыз
Зардап шеккен адамға парацетамол, ибупрофен немесе нимесулидке негізделген кез-келген дәрі көмектеседі.
6. Сусын ішіңіз
Зардап шеккен адамға мүмкіндігінше көп сусын ішу керек, өйткені күйік, тіпті кішкентай болса да, айналымдағы қан көлемін азайтады. Жылы және тәтті сусын ішуіңіз керек, мысалы, шәй, компот.
Қаламсап
Сөзжұмбақ
Компьютер
|
Жалпы бағалау:
Кураторлық сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болды ма, ойланыңыз
1:
2:
Кураторлық сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?
1:
2:
Кураторлық сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?
1:
2:
|
Тексерілді:................................................. Күні: ...........................................................
Достарыңызбен бөлісу: |