Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 0 ж бет



бет2/5
Дата10.01.2023
өлшемі87.5 Kb.
#468280
түріСабақ
1   2   3   4   5
дәріс.әдіст.нұсқаулық

көрнекілі (визуалды) дәрісбаян - оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;

  • бинарлы дәрісбаян (диалогты дәрісбаян) - оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;

  • шатастыру дәрісбаяны (лекция провокация) - мұндай дәрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат - оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;

    • Кеңес дәрісбаяндар «сұрақ - жауап» не «сұрақ – жауап -сөз - жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;

    • Екеу дәрісбаяны (лекции вдвоем) - бір пән не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.

    - Проблемалық лекция : жаңа лекция белгісіз «ашуды» қажет ететін түрде ендіріледі.Проблемалық ситуацияны студенттің проблеманы шешуге ізденіп жасалуы. Мәселені шешу мен оның нәтижесі студенттің, оқытушымен ынтымақтастықта жаңа қажетті білімді иеленеді. Студенттік танымдық процесі ізденістік, іс-әрекеттің жүйелілігіне әкеледі. Проблемалық лекция - оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мәселе - міндеттер, жағдай ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі - ғылыми ізденіс, диалог, талдау әрқилы көзқарастарды салыстыру және т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты. Проблемалық лекция студенттің теориялық ойлаушылық лекция дамуын пән мазмұнына деген танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпорациялық қамтамасыз етеді.

    • Ақпараттық лекция - дайын мәлімет жүзеге беріледі және түсіндіріледі. ақпараттық дәрісбаян – түсіндірме – көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;

    • Визуальды лекция - көрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі нәтижесі ретінде пайдаланылады. Көрнекілік тиімді сақтаулы және танымдық құбылысты терең білуге мүмкін береді. Көрнекіліктің снатуальды, бейнелі, символикалық түрлері пайдаланылады.

    • Пресс конференция лекция - студенттердің тақырып мазмұнына сай жазбаша берілген сұрақтарына жауап беру. Лекция конференцияғылыми - практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтыраны әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды.

    Сұрақтар мен оған берілетін жауап, берілген жауап, берілген сұрақтар түрін топтастырып алып, лекцияны оның мазмұнына қарай біріктіріп барып бастайды.Сабақ соңында студенттерді қызықтырған сұрақтармен олардың біліміне қатысты оқытушы талдама жасайды.
    Кредиттік оқу жүйесіндегі дәріс сабағына қойылатын талап:
    1. Дәріс сабағының жүргізу уақыты сандық қатынасының кем болуына байланысты дәріс құрылымын тиімді пайдалану.
    2. Оқытушының теориялық материалды қысқа уақыт шеңберінде
    орналастыру қажеттілігіне орай танымдық - ойлағыштық іс- әрекетінің
    белсенділігін көтеру.
    3. Силлабуста алдын ала тақырып, онда қаралатын тақырып онда қаралатын мәселелер шеңбері белгіленуіне тақырыпқа қатысты негізгі түсініктер мен терминдер жөнінде алдын ала әзірлікпен келу.
    4. Кредиттік жүйенің негізгі мақсаты өз білімін жетілдіру мен білімді шығармашылықты меңгеруге негізделуі интерактивті әдіске сүйену
    3. Тақырыптағы күрделі, түсініксіз мәселелер жөнінде лектордың бір мәселені кешенді баяндау үшін алдын ала студенттердің сұрақтар тізбегін әзірлеуі.
    4. Проблемалық сұрақтарды алдын ала даярлау және пікірталас
    ситуациялық тапсырманы қарастыру мен шешу әдістерді пайдалану.
    Дәріс диалог түрінде емес, монологтік формада құрылуы дәріс сабағына берілген әдістемелік нұсқау берілуіне қатысты жоғары белсенділікті қажет етеді.
    Дәріс кездегі бағыттар:
    Оқытушы бағыты:студентке жауаппен емес, сұрақпен қарау. Студент бағыты: дүниені тануда, пәнді зерттеуде таным субьектісі интерактивті әдіс студенттерден нені қажет етеді.

    1. Белсенділік

    2. Даралық

    3. Топпен бірлікте жүмыс істеу

    4. Өзіндік пікірі

    5. Талдама жасау мен қиын - қыстауда шешім тапқыштық

    6. Интерактивті әдістің студент қабілетін дамыту мен нәтиже алудағы
    бағытында қалыптастыратындығы;

    • өзгелер пікірін тыңдау мен оны сыйлай білуін

    • өзіндік пікір мен оны батыл айта білу біліктілігін

    • оқу материалын шығармашылық тұрғыдан қарастыруын

    • алынған материалды талдауын

    • жұмысты өз бетінше және өнімді жасау дағдысын

    • өзінің даралық біліктігін көрсете білу.

    - Түрлі ситуацияларда шешім тапқыштық пен өзінің өмірлік тәжірибесін
    байыту.
    Дәріс құрылымы
    Интенсифтендіру жолы
    1. 5-7 минут Экспресс-сұрақтар алдын ала даярланып қиын сұрақтар тақырыптағы қиын сүрақтар мен терминдерді анықтау мен түсіндіру.
    2. 15-20 минут Мини-лекция белгіленген тақырыптағы проблемалық сұрақтар шеңберінде жүргізу
    3 20 минут түрлі әдістер көмегімен материалды тереңдету мен бекіту. Шағын топпен жұмыс істеу тақырыпқа негізгі тақырыпқа сай негізгі қосымша пайдаланған әдебиеттер талқылау т.б.
    4. Қалған уақытта-меңгерген білім мен нақты дағды мен біліктілікті түрлі тәсілдер арқылы бақылау жасау (тапсырманы шешу қысқа тест, кішігірім бақылау жұмыс, рөлдік ойындар т.б)




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет