Шымкент мұнай өнімдері



Дата24.02.2016
өлшемі198.96 Kb.
"Шымкент мұнай өнімдері"

акционерлік қоғамының

акцияларды шығару проспектісі

«ШМО» АҚ

"Өкілетті ұйымның жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеуі - проспектіде көрсетілген акцияларды сатып алу туралы инвесторларға кезкелген сипаттаманы беру емес. Жарияланған акциялардың шығуын мемлекеттік тіркеуін жасаған өкілетті ұйым осы құжаттағы мәліметтердің дұрыстығы ушін жауапты емес. Акцияларды шығару проспектісі тек Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетіні бойынша тексерілген. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары осы проспектідегі мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты және сондағы барлық мәліметтердің дұрыс және инвесторлардың қоғам және орналасқан акциялар бойынша алдамайтынын дәлелдейді.



Шымкент 2004ж.

1 бөлім.

Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер.
2. Акционерлік қоғамның аты




Толық атауы

Қысқартылған атауы

Мемлекеттік тілде

«Шымкент мұнай өнімдері» акционерлік қоғамы

«ШМО» АҚ

Орыс тілінде

Акционерное общество «Шымкент мунай онімдері»

АО «ШМО»

Акционерлік қоғамның бұрыңғы аттары:

Толық атауы: Оңтүстік Қазақстан облысының Оңтүстік Қазақстан мұнай өнімдерімен

қамтаматсыз ету «Шымкент мұнай өнімдері».

Қысқартылған атауы: жоқ.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы № 34649, 27 шілде 1995ж.

Толық атауы: «Шымкент мұнай онімдері» Ашық типіндегі акционерлік қоғамы.

Қысқартылған атауы: жоқ.

Заңды түлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №1685-1958 АО, 12 маусым 1996ж.

Толық атауы: «Шымкент мұнай өнімдері» ашық акционерлік қоғамы.

Қысқартылған атауы: жоқ.

Заңды түлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №1685-1958 АО, 25 шілде 2002ж.

«Шымкент мұнай өнімдері» АҚ акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде 05.07.2004.ж ерікті түрде қайта кұру туралы яғни "Түлкібас мұнай өнімдері"АҚ қосылуы және оның құқық мұрагері екендігі туралы шешім қабылданған.



3. Акционерлік қоғамың мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы мәлімет:

22.10.2003ж. № 1685-1958 - АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысынын Әділет басқармасы.



4. Салық төлеушісінің тіркеу нөмірі: 582100000482.

5. Қоғамның мекен – жайы телефон номері, факс және электрондық адресі:

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Леңгір тас жолы, 7-ші км.

Телефон: 53-31-85, 53-31-82; факс: 53-31-81;

E-mail: rb001@mail.ru», www.sat.kz;



6. Акционерлік қоғамның банкілік реквизиттері:

«Банк Туран Алем» ААҚ ОҚФ, БИК: 195801307; ИИК: 002467322; код: 307.



7. Акционерлік қоғамның қызмет түрлері:

  • мүнай өнімдерін қабылдау, сақтау жэне сату;

  • мүнай өнімдерімен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға несие-қаржылық,
    инвестициялық саясат жүргізу;

  • Қазақстан Республикасының ішінде және сыртына мұнай өнімдерін тасымалдау
    үшін заңды және жеке тұлғалармен келесім шарт және шарт шасау;

  • мұнай өнімдерімен көтерме, сауданы ілгері дамыту;

  • Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салмайтын барлық қызметтердің
    басқа да түрлері;

8. Акционерлік қоғамға берілген немесе сол шығарған құнды қағаздарға
халықаралық рейтингтік агенттіктері және/немесе Қазақстан Республикасының
рейтингтік агенттіктері берген рейтінгтері туралы мәліметтер:

Халықаралық және/немесе ата-мекеншілік рейтингтік агенттіктері акционерлік қоғамға немесе сол шығарған кұнды қағаздарға рейтинг иеленбеген.



9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдарының және өкілдіктерінің аталуы,
тіркеу күні, орналасқан жерлері мен пошта мекен жайлары

Қоғамда ешбір филиал мен өкілдік жоқ.



10. Акционерлік қоғамның қаржы есебін тексерген аудитордың аты-жөні:

"Шаруа-Аудит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (20.09.2000ж. нөмірі 0000150 аудиторлық әрекетпен айналысуға берілген мемлекеттік лицензия). Директор - Естаев Алибек Калыбаевич.



2 бөлім.

Қоғам үйымдары және құрылтайшылары (акционерлері)

11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі:


1) Тәуелсіз директоры көрсетілген директорлар кеңесінің төрағасының және директорлар кеңесінің мүшелерінің аты жөні, туылған жылы:
- Бармамбеков Бауржан Амангельдиевич, 1973 жылы туылған – Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы;

- Ким Денис Федорович, 1972 жылы туылған – Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;

- Ильяшев Альнур Кайратович, 1977 жылы туылған – Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; тәуелсіз директор.
2) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішінде және қазіргі уақытта атқарып жүрген қызметтері, оған қоса қосалқы жұмысы, хронологиялық тәртіпте:

Бармамбеков Бауржан Амангельдиевич - Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы:


  • 05.02.2007 жылдан бастап ЖШС «Оптима Девелопмент» директоры;


Ким Денис Федорович – қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі:
- 2002 жылдан 2008 жылға дейін ЖШС «Туран Барлау» Бас директоры;
Ильяшов Альнур Кайратович - Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

- 2003 жылдың желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін – заңгер, Жеке тұлға;

- 2006 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін – «Компания Мейсад» ЖШС-ның заңгері;
3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санынан, Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі пайызы:
Директорлар кеңесінің мүшелерінде Қоғамның акциялары жоқ;
4) акционерлік қоғамға тәуелді мекемелердің акцияларының жалпы санынан, Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі пайызы:
Директорлар кеңесінің мүшелерінде Қоғамға тәуелді мекемелердің акциялары жоқ;

5) соңғы екі жылда директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер және оның себебі:

1) 2006 жылдың 13 қарашасындағы Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жиналысында акционерлермен үш адамнан тұратын директорлар кеңесін құрамы, үш жыл мерзімге яғни 2009 жылдың 13 қарашасына дейін сайлау туралы шешім кабылдаған.

Қоғамның директорлар кеңесінің құрамы:


  • Дауталин Кадиржан Амангалиевич;

  • Космамбетов Ержан Тулебекович;

  • Дмитриев Станислав Сергеевич;

2) 2007 жылдың 25 маусымындағы акционерлердің жылдық жиналысында Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор - Дмитриев Станислав Сергеевич Қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан өз еркімен шығұ тыралы арызының негізінде өз өкілеттігін тоқтатты.

3) 2008 жылдың 8 мамыр айындағы акционерлердің кезектен тыс жиналысында, жиналысқа қатысып отырған акционерлердің көпшілік дауысымен қабылданған шешім бойынша Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі – Қосмамбетов Ержан Тулебекович Қоғамның директорлар кеңесінің құрамындағы өз өкілеттігін тоқтатты. Орнына Жусанбаев Галымжан Омарулы тагайындалды.

4) 22 қаңтар 2009 жылы Қоғам акционерлерінің кезектен тыс өткен жиналысында акционерлердің басым көпшілік даусымен Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері өз құзіреттерін тоқтатып, жаңа директорлар кеңесі 22 қаңтар 2010 жылға дейін мерзімге тағайындалды. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:

- Бармамбеков Бауржан Амангельдиевич;

- Ким Денис Федорович;

- Ильяшев Альнур Кайратович;


«12. Акционерлік қоғамның коллегиалды атқару органы»

1) Акционерлік қоғамның жекеше атқару органының функцияларын орындаудағы тұлғаның аты-жөні, туылған жылы, немесе акционерлік қоғамның коллегиалды атқару органының мүшелерінің аты-жөні, туылған жылы;

Бектаев Нуржан Ахметович, 1970 жылы туылған – Қоғамның Бас директоры;


2) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішінде және қазіргі уақытта атқарып жүрген қызметтері, оған қоса қосалқы жұмысы, хронологиялық тәртіпте:
Бектаев Нуржан Ахметович:

- 2007 жылдан 2008 жыл аралығында ЖШС «Нимэкс-Транс» Бас директоры


3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санынан, Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларына тиесілі пайызы:

Қоғамның Бас директорында акциялар жоқ;


13. Қоғамның лауазымды тұлғаларына төленге сыйақы мен жалақы.


Қызмет орны

Соңғы үш айдағы жалақысының жалпы сомасы

Соңғы жылдың жалақысының жалпы сомасы

Президент

221210

898090

Қаржы директоры

149358

517343

Басқа басшы қызметкерлерге сыйлық қарастырылмаған.
14. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрамы:

1) Құрылыстық бөліктемелері:




п/п

Бөлімнің аты-жөні

1

Әкімшілік – басқару қызметшілері

2

Қаржы – бухгалтерлік қызмет

3

Коммерциялық топ

4

Техникалық даму бойынша топ

5

Тарату блогы

6

Құрылыстық топ




  1. Акционерлік қоғам қызметкерлерінің, сонымен қатар оның филиалдары мен өкілдіктерінің жалпы саны: қоғам қызметкерлерінің саны - 96 адам, филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

  2. Акционерлік қоғамының акцияларына ие болатын (жарғылық капиталдағы үлесі) акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны: 18 адам;

орналастырылған акциялардың жалпы санындағы (жарғылық

капиталдағы үлесі) солардың жалпы үлесі (пайыз): 49,55 %;

  1. Акционерлік коғам бөлімшелерінің басшылары түралы мәлімет:




Қызмет орны

Аты-жөні

Туылған жылы

Президент

Боранбаев К.А

1966 ж.т.

Каржы директоры

Ажимуратова Ф.К.

1965 ж.т.

Коммерциялық директор

Жанатулы Е.

1967 ж.т.

Тарату блогы

Шалдамбаев Г.

1967 ж.т.

ЖТК Кешені

Цыганков А.

1959 ж.т.

Техникалық дамыту жөніндегі топ

Круцких Е.Н.

1962 ж.т.

5) Филиалдар мен өкілдіктер басшылары туралы мәлімет.

Филиалдары мен өкілдіктері жоқ.


15. Акционерлік қоғамының акционерлері.
10 және одан жоғары пайыз акциялары бар акционерлер жөнінде мәлімет:


  1. «ALSAI LLC» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенкова көшесі, 71 үй, 14 офис, Қоғамның орналастырылған акцияларының – 54,0548 пайзын иеленуде;

  2. «MIRADOR TRADE» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Муканов көшесі, 233/149 үй, 100 пәтер, Қоғамның орналастырылған акцияларының – 22 пайзын иеленуде;

  3. «VTN OIL» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 29-Д үй, Қоғамның орналастырылған акцияларының – 23,7597 пайзын иеленуде;

16. Акционерлік қоғамының ірі акционері ретінде саналатын ұйымдар туралы
мәлімет - сол ұйым орналастырған акциялардың 10 немесе жоғары пайызына ие
болған жағдайда (жарғылық капиталда):

Акционерлік қоғамның басқа ұйымдарда жалпы акцияларынан (жарғылық капиталда) 10 пайызға немесе жоғары көлемдегі орналыстырылған акциялары жоқ.



17. Акционерлік қоғам қатысатын өнеркәсіптік, банкілік жэне қаржы топтары,
холдингтер, концерндер, ұйымдастықтар, консорциумдар туралы.

Акционерлік коғамы ешбір өнеркэсіптік, банкілік және қаржы топтарға, ешбір холдингке, концернге, ұйымдастыққа, консорциумға қатыспайды.



18. Акционерлік қоғамның аффилиирленген басқа түлғалары туралы.

Акционерлік коғамының басқа аффилиирленген тұлғалары жоқ.



18-1. Коғамның аффилиирленген тұлғалармен жасасқан мәмілелері.

Қоғамньң аффилиирленген тұлғалары жоқ. Мәмілелер жасалмаған.



3 бөлім. Акционерлік қоғамның әрекеті туралы

19. Акционерлік қоғамның негізгі түрлері, қысқаша мәлімет, акционерлік

коғаммен бақталасатын ұйыммдар туралы: мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және сату;

мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға несие-қаржылық, инвестициялық саясат жүргізу; Қазақстан Республикасының ішінде және сыртына мұнай өнімдерін тасымалдау үшін заңды және жеке тұлғалармен келесім-шарт және шарт шасау;



п/п


Мекеменің аталуы

Орналасқан жері

1.

«Бейбарыс-ойл» ЖШС, №17451-1958-ЖШС 22.02.2002ж. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуіден өткен күні 24.02.2003ж. берген лицензия № 0001384

ОҚО, Ленгер қаласы, Турдалы көшесі, номерсіз.




ОАО «Шымкент-октан», №1545-1959-АҚ 01.12.1997ж. занды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі

Шымкент қаласы, Нефтескладская көшесі, 4.

20. Акционерлік қоғамының негізгі әрекеттері бойынша сауда (қызметтер мен
жұмыстар) табысына дұрыс және теріс әсер ететін факторлар туралы:

Кіріске оң әсер ететін факторлар:



  1. Басқа кәсіпорындарға мұнай өнімдерін қабылдау сақтау жіберу қызметтерін көрсету;

  2. Басқа кәсіпорындарға мұнай өнімдерін қабылдау сақтау жіберу қызметтерін көрсету
    өзіндік құнының төмен болуы;

  3. мұнай өнімдерін мұнай құбырлары арқылы тасымалдау;

  4. жіберілетін мұнай өнімдерінің сапасы;

5) жанармай құю станцияларындағы қызмет сапасы;
Кіріске теріс эсер ететін факторлар:

  1. мұнай өнімдерін жеткізушілерге тәуелділік;

  2. арнайы темір жолдың жоқтығы.

21. Соңғы 2 жыл ішіндегі жұмыстар мен қызметтердің көлемі:




2002ж.

2003ж.

Өткізілген дайын өнімдер

577 350

583 890

Сонғы екі жылдағы өткізілген өнім (жасалған жұмыс, қызмет) көлеміндегі өзгерту анализі көлемінің 1,1 % - тен аса өсуін көрсетті.
22. Акцинерлік қоғамның өз өнімдерін (жұмыстар мен қызметтерін) сатумен байналанысты әрекеті
Қоғамның негізгі жеткізушілері мен тұтынушылары жайындағы мәліметтер


Жеткізушілер

Жеткізудегі % - тік үлесі

Тұтынушылар

Жалпы түсімнің % -тік үлесі

Нефтепродукт ЛТД»

Жшс


50%

«Жас Арман» ЖШС

13%

Саутс ойл» ЖШС

9%

«Женис» ЖШС

12%

Жанармай торг» ЖШС

29%

-

-

Акционерлік қоғамның тұтынушылар мен жеткізушілерге тәуелділік дәрежесі мәнсіз.

23. Акционерлік қоғамның әрекетіне әсер ететін факторлар:

1) мерзімдік сипаты бар қызмет түрлерінің үлесі акционерлык қоғамның жалпы табысында:

акционерлык қоғамның қызметі мерзімдік емес;



2) акционерлік қоғамға көрсетілетін қызмет пен жүмыстың импорт үлесі және іске асырылатын өнімнің жалпы көлемінде акционерлік қоғаммен экспортқа шығарылатын жұмыс пен қызметтің үлесі:

Акционерлік қоғамға көрсетілетін қызмет пен жұмыстың үлесі және акционерлік

коғаммен экспортқа шығарылатын жұмыс пен қызметтің үлесі жоқ;

акционерлік қоғамның сот процесстеріне қатысуы жайлы мәліметі: казіргі кезде

акционерлік қоғам сот процесстеріне қатыспайды;



соңғы жылда салынған барлық әкімшілік шаралары жайында мәлімет:

акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына өкілетті мемлекеттік

органдармен (немесе) сотпен соңғы жылдың ішінде әкімшілік шаралар салынған жоқ.

3) кауіп-қатер факторлары:

Казақстан Республикасының заңдарының өзгеру қаупі;

Нарық көлемінің өзгеру қаупі;

Көрсетілетін қызметтердің бәсеке қабілетінің төмендеу қаупі;

Инфляциямен байланысты қауіп.

Комментарий: осы қауіп түрі Қоғамға қатысты мардымсыз болып табылады, өйткені жұмыстар мен қызметтер уакытылы 5 жұмыс кунінен кешіктірілмей контрактілерге сәйкес өтеледі. Қызмет көрсетудің орташа мерзімдері 5-10 жұмыс күні.



4 бөлім. Қаржы емес ұйымдардың қаржы жағдайы.

24. Инвестициялар

Басқа мекемелердің капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар жасалмаған.


25. Дебиторлық қарыздар


Ұйымдардың аты

Ұйымдардың орналасқан жері

Сөндіру уақыты, жыл

01.12.04ж. дебиторлық қарыздың сомасы (мың теңге)

Сөндіру сомасы (мың теңге)

«Женис» ЖШС

Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесі, 1/1

2005

11 110

1кв.-3 000 мың теңге

11кв.-3 000 мың теңге

111кв.-5 110 мың теңге

«Тюлькубас мунай онимдери» АҚ

ОҚО, Түлкібас ауданы, Ынтымақ ауылы, Нефтескладская көшесі, номірсіз

2004

5439

5439 мың теңге – желтоқсан


25-1. Акционерлік қоғамның активі және баланстық құны.

мың теңге

Активтің аталуы

Баланстың құны, мың теңге

Материалдыққа қатыспайтын активтер

829

Жер

10788

Ғыймарат мен құрылыстар

200800

Машина және құрал-жабдық

80797

Автокөлік құралы

7701

Басқа де негізгі қаражаттар

18879

26. Коғамның жарғылық капиталы: 50.901.300 (елу миллион тоғыз жүз бір мың үш жүз) тенге.

27. Қарыздар.

Қарыз беру

Қарыздардың

сомасы

Куәліктің №

Пайыз ақы

2004ж. сөңдіруі

«Банк Туран Алем» ЖАҚ филиалы

15 500

- 16%

2004ж. желтоқсан

«Банк Туран Алем» ЖАҚ желтоқсан

28. Негізгі әрекетті жүргізумен байланысты несие қарыздары (тауар жіберушілер алдындағы қарыз, алдын ала алынатын ақша).

Мекеменің аталуы

Қарыздың соммасы (мың тенге)

Мекеменің орналасқан жері

Сөндіру уақыты

- Нефтепродукт ЛТД» ЖШС

4 468

Шымкент қаласы, бульвар Кунаева 3-2

2004ж. желтоқсан

5 бөлім.

Қаржы уйымдардың қаржы жағдайы
АҚ қаржы ұйымдарына жатпайды.
6 бөлім.

Құнды қағаздарды шығару туралы

43. Тіркелген акциялардың шығуы туралы мәлімет

1) жалпы саны -509.013 дана;



жай атаулы акциялар - 464.770 дана; артықшылықты акциялар - 44.243 дана; номиналды бағасы - 100 тенге;

шығару нысаны - құжаттық;

мемлекеттік тіркеуді өткізген ұйым - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы;

мемлекеттік тіркеу нөмірі - АОЗЗО-1;

бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу күні - 26.09.1995ж.

2) алғашқы акцияларды шығарудың жайғастырудың басталу мезгілі - 26.09.1995ж.;

алғышкы акцияларды шығарудың жайғастыруы бітуінің мезгілі - 26.09.1996ж. 5

3) құнды қағаздар ұстаушылар алдында өз міндеттерін орындамау деректері туралы: құнды қағаздар ұстаушылар алдында өз міндеттерін орындамау деректері жоқ;

4) құнды кағаздарды орналастыруның және айналымға жіберуінің тоқтау оқиғалары, сонымен қатар құнды қағаздардың шығарылы мойындауының болмай қалуы: құнды қағаздарды орналастыруының және айналымға жіберуінің тоқтау оқиғалары, сонымен қатар акционерлік қоғамның құнды қағаздарының шығаруын мойындамайтын кездер байқалмаған;

5) облигациялар: акционерлік қоғаммен облигациялар шығарылмаған.

6) соңғы екі қаржы жылдарының әр жылының әр акция түрлерінің бір акцияға дивидент сомасы және дивиденттердің жалпы сомасы:

Акцияның түрі

Бір акцияға дивиденттік сомасы

2002ж. дивидендтердің жалпы сомасы

2003ж. дивидендтердің жалпы соммасы

Жай атаулы акция

жоқ

жоқ

жоқ

Айырықша акция

20 тенге

884 860 тенге

884 860 тенге

коғамның құнды қағаздары сатылған негізгі нарық, сауданы ұйымдастырған түлғаларық аты: қоғамның құнды қағаздары нарықта сатылмаған.

7 бөлім.

Жарияланған акцияларды шығару туралы 44. Акциялар туралы мәлімет:

1) акциялардың саны, түрі:


  • 3.802.000 дана, жай атаулы акция

  • 198.000 артықшылық акция

2) кұрылтайшылар арасында орналасқан акциялардың түрі мен саны: акциялардың

шығаруы құрылтайлық емес.



3) күрылтайшы төлейтін бір акцияның номиналды бағасы: акциялардың шығаруы

құрылтайлық емес.



4) айырықша акциялар бойынша дивидендтің кепіл етілетін көлемі: артықшылық

акциалар бойынша дивидендтің кепіл мөлшелері бір актықшылық акцияға 20 %

номиналды құнынан 20 тенге құрайды.

45. Коғамның өтімді құнды қағаздары: өтімді кұнды қағаздар қарастырылмаған.

45-1. Төлеу агентін бойынша мәлімет: төлеу агенті қарастырылмаған.

46. Акционерлік қоғамнын тіркеушісі туралы:

Қоғамның тіркеушісі – «Бағалы қағаздар тіркеу жүйесі» Акционерлік қоғамы

Орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Муратбаева көшесі, 75, байланыс телефондары: 53-57-90, 53-71-77;

Лицензия № 0406200345, 10.03.2005 жылы Қазақстан Республикасының каржы мекемелерін және қаржы нарығын қадағалау Агенттігімен берілген.

Бағалы қағаздар иелерінің тізімін жүргізу туралы келесім шарт 02 ақпан 2005 ж. №000-В-2409/31а-р.

8 бөлім.

Қосымша ережелер
47. Акцияларды шығаруға керекті шығындар соммасы:

Акцияларды шығару шығыстары (оның ішінде аудитор, сарапшылау және қаржы кеңесшілер сыйақысы) жоқ..



48. Ннвесторларға арналған ақпарат:

""Шымкент мұнай өнімдері" АҚ жарғысының көшірмесімен және акцияларды шығару проспектісімен потенциалды инвесторлар келесі мекен жайы бойынша таныса алады: Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Леңгір тас жолы, 7-ші км. Телефон: 53-31-85, 53-31-82; факс: 53-31-81; E-mail: rb001@mail.ru», www.sat.kz;



Бас директор Бектаев Н.А.


Қаржы директоры Бектаева Л.А.

М.О.
Каталог: attachments -> emi -> stocks
stocks -> «шымкентцемент» акционерлік қОҒамы «шымкентцемент» АҚ
stocks -> «Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» Акционерлік Қоғамының
stocks -> Акцияларын шығару проспекті «Костанайские минералы» АҚ
stocks -> Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы
stocks -> Алматы ашытқы зауыты” акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектiсi “адз” АҚ
stocks -> Акциялар шығарылымы проспектісі «голд продукт» акционерлік қоғамы
stocks -> Акциялардың шығарым проспектісі
stocks -> Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы” акционерлік қоғамы (“Қазақстан жолдары” АҚ) Акциялар шығарылымының Проспектісі
stocks -> «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының («ТрансОйл» ск ақ) акцияларды шығару проспектісі
stocks -> Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет