Есеп № 29
Анилинді бояғыштар өндірісінің жұмысшысы дәрігерге анилинмен уланудың клиникалық көріністерімен әкелінді. Науқас басының ауыруына, құлағындағы шуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Тері мен шырышты қабаттарының жер түстес болуы назар аударады.
науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Бас ауруы, құлағындағы шу, әлсіздік, ұйқышылдық, галлюцинация, тері мен шырышты қабаттың жер түстес болуы. Гемоглобин әртүрлі тотықытрғыштардың әсерінен метгемоглобинге айналады – Нв-ң патологиялық туындысы, О2-мен берік бай-п, оны тіндерге жібермейді. Тіндерде оттегінің азайғанынан АТФ азайып әлсіреу болады. Гипоксияға ми тіні сезімтал келеді, сондықтан әртүрлі бұзылыстармен көрінеді.
Науқаста қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?
Қанда метгемоглобинді анықтауға болады, ол үш валентті темір ионынан тұрады. Гемдік гипоксия дамыған.
науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?
Артерияда рО2 – төмендеген, қанның оттегіге сиымдылығы – төмендеген, артерио-веналық айырым – бірдей.
патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
Алдындағы есепте.
Есеп 30.
Жедел жәрдеммен ауруханаға орта жастағы ер адам ес-түссіз жеткізілді. Тері мен шырышты қабаттардың түсі қалыпты. Қан талданымында төмендегі мәліметтер анықталды:
■ гемоглобин - 150 г/л;
■ эритроциттер - 4,6х1012/л;
■ қанның оттегіге сыйымдылығы - 20,4 көлемдік %;
■ артериалық қандағы оксигемоглобин - 96%;
■ веналық қандағы оксигемоглобин - 80%.
Туысқандарының айтуы бойынша, науқас көшеден сатып алынған бір бөтелке шарап ішкен.
оттегілік көрсеткіштерді сараптаңыз.
Веналық қанда оксигемоглобиннің мөлшері артқан. Қалғандары – қалыпты.
науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?
Науқаста тіндік гипоксия байқалады.
Гипоксия патогенезінің негізгі тізбегін анықтаңыз.
І шімдік тыныстық ферменттердің инактивациясы(дегидрогеназа) Кребс циклінің тежелуі БТ тежелуі жасушаның оттегіні пайдалануының бұзылуы веналық қанда окси-Нв-ң артуы тіндік гипоксия
Бұл гипоксия дамуының мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.
Цианидтермен уланғанда, ішімдіктердің, наркоздық заттардың әсерінен цитохромоксидаза, дегидогеназа, оксидоредуктаза ферменттерінің инактивациясы, витаминдердің жеткіліксіздігі(В тобының).
Достарыңызбен бөлісу: |