Есеп № 43
Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.
Қай қоян және неден өлгендігін көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз.
Токсинді қабынуы жоқ аймаққа енгізген қоян өліп қалады, себебі токсин бүкіл орг-ге таралып, улы әсер еткен, ал орг-ң иммунды компоненттері қабыну ошағына жұмылдырғандықтан токсинді заласыздандыра алмаған.
Қабыну ошағының айналасында дәнекер тіннен тұартын тосқауыл түзіледі, ол лимфа ж/е қ.т. бөгеу арқылы әртүрлі у, токсиндерді ошақта ұстап тұрады, ол орг-ке тарамайды, қоян өлмейді.
Организм үшін қабынудың маңызын көрсетіңіз.
Лейкоцитоз
Улы заттарды залалсыздандыратын ақуыздардың – жіті дамуына тән нәруыздар(С-реактивті белок, альфа-антитрипсин), жедел жауап фазасының ақуыздары синтезі артады, антидене мөлшері ұлғаяды
Иммунды жүйе әсерленеді, пролиферация ж/е регенерация процесстері жоғары дәрежеде болады
Тіндердің улы заттар әсерінен ыдырауы
Экссудат көп болса, тіннің қоектенуі бұзылып, гипоксия дамуы
Лейкоциттердің ыдыратушы ферменттерінің әсерінен көршк қалыпты тіннің зақымы
Склероздану – ағза қызметінің төмендеуі
Қабынуға анықтама беріңіз, қабынудың қрамбөлшектерін атаңыз
Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.
Компоненттері:
Альтерация
Экссудациямен жүретін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі
Пролиферация
Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің сатысын көрсетіп, патогенезін түсіндіріңіз,
Қысқа мерзімді қан тамырлар спазмы – қоздырғыштың әсерінен рефлекторлы болады.
Артериялық гиперемия – қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары кеңиді, оларда толаққандылық болады, жана қылтамырлар саны артады.
Веналық гиперемия – веналарда қан қоюланып, эритроциттер бір-бірімен жабысып, тромбоз болып, жылдамдық төмендеуден болады.
Стаз – қылтамырларда қозғалыс тербелмелі болып – систолада алға, диастолада артқа жылжып тұрады, сосын мүлдем тоқтап стаз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |