2-кезең: «Полиглот». Мақал-мәтелдердегі сөздерді жекелей 3 тілге (қазақ, орыс, ағылшын) аудару қажет. Қай топ ең көп сөзді аудара алса, сол топ бұл кезеңде жеңіске жетеді.
3-кезең: «Мақалдаймыз». Әр сыныптан бір оқушы шығады. Оқушыларға мақалдың бастапқы бөлігі айтылады, жалғасын табу қажет. Жылдам әрі дұрыс айтқан оқушының тобы бұл кезеңде жеңіске жетеді.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады
Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың
Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа
Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді.
Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас
Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер
Қоянды қамыс өлтіреді, Жігітті намыс өлтіреді
Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды
4 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)
Достарыңызбен бөлісу: |