Айы, күні белгісіз, аталып өтілетін күндер:
2013 жыл
|
Әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына 125 жыл (1888-1934)
|
Халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтің туғанына 125 жыл (1888-1956 ж.)
|
Ақын Иса Биназаровтың туғанына 115 жыл (1898-1964)
|
Жазушы Әбусағит Мұсылманқұлұлы Жиреншиннің туғанына 100 жыл (1913-1975)
|
Ақын, сазгер Уәйіс Шондыбайұлының туғанына 140 жыл (1873-1923)
|
Семей қаласында биологиялық орталықтың құрылғанына 75 жыл (1938)
|
Ақан сері Қорамсаұлы, әнші, композитор, ақын, туғанына 170 жыл
(1843-1913)
|
Байкөкше Балғынбайұлы, суырып салма ақын, туғанына 200 жыл
(1813-1892)
|
Дайрабай Нұрғожаұлы, күйші, домбырашы, туғанына 190 жыл (1823-1893)
|
Құрманғазы Сығырбайұлы, күйші, композитор, ақын, туғанына 195 жыл (1818-1888)
|
Махамбет Өтемісұлын, ақын, жырау, күйші, батыр, туғанына 210 жыл (1803-1845)
|
Орынбек Беков, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, туғанына 115 жыл (1898-1937)
|
Отыншы Әлжанов, Алаш азаматы, туғанына 140 жыл (1873-1918)
|
Сара Тастанбекқызы, ақын, туғанына 160 жыл (1853-1907)
|
Шөже Қаржаубайұлы, ақын, туғанына 205 жыл (1808-1895)
|
Ықылас Дүкенұлы, күйші, қобызшы, туғанына 170 жыл (1843-1916)
|
Абыралы ауданының құрылғанына 85 жыл (1928)
|
Аспалы көпірдің ашылғанына 20 жыл (1993ж.)
|
М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің құрылғанына 110 жыл (1903)
|
Семей губерниясында ең алғаш медициналық көмектің ұйымдастырылғанына 90 жыл (1923)
|
Семей қаласының 250 жылдығына орай орнатылған монументке 35 жыл (1978)
|
Семей метрологиясына 90 жыл (1923)
|
Семей облыстық статистикалық комитеттің құрылғанына 135 жыл (1878)
|
2014 жыл
|
Ф.М.Достоевскийдің Семей қаласына жер аударылғанына 160 жыл (1854 ақпан- 2 шілде 1859 жж.) 160 лет (1854 г.)
|
Халық ақыны Төлеу Көбдіковтың туғанына 140 жыл (1874-1954 жж.)
|
Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 100 жыл (1914-1994 жж.)
|
85 лет (1929 г.) со дня основания Семипалатинского колледжа
транспорта
|
55 лет (1959 г.) со дня открытия областной детско-юношеской библиотеки
|
370 жыл Кіші жүздің биі Әйтеке Байбекұлының туғанына (1644-1700)
|
210 жыл Би, аға сұлтан Құнанбай Өскербайұлының туғанына (1804-1886)
|
65 жыл Семей ядролық полигонында алғаш атом жарылғанына (1949)
|
125 жыл Жазушы, драматург, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына (1889-1931)
|
2013-2014 жылғы
Қазақстан және шетел жазушыларының
мерейтой кітаптары
125 жыл (1888) − «Қамбар батыр»
125 жыл (1888) − Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр»
115 жыл (1898) − Абай Құнанбаев «Когда умру, не стану ль я землей?..»
115 жыл (1898) − Абай Құнанбаев «Ғаклия» - «Назидание»
110 жыл (1903) − Мұхаметжан Сералин «Гульхашима»
100 жыл (1913) − Спандияр Көбеев «Калым»
95 жыл (1918) − Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бедняк»
95 жыл (1918) − Сұлтанмахмұт Торайғыров «Заблудившаяся жизнь»
90 жыл (1923) − Бейімбет Майлин «Маржан»
85 жыл (1928) − Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
85 жыл (1928) − Мұхтар Әуезов «Көксерек»
80 жыл (1933) − Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу»
80 жыл (1933) − Сәкен Сейфуллин «Альбатрос»
80 жыл (1933) − Бейімбет Майлин «На току»
80 жыл (1933) − Сәкен Сейфуллин «Красный конь»
75 жыл (1938) − Сәбит Мұқанов «Ботагоз»
75 жыл (1938) − Сапарғали Бегалин «Тайна гор»
75 жыл (1938) − Сейітжан Омаров «Счастье»
75 жыл (1938) − Сәбит Мұқанов «Загадочное знамя»
70 жыл (1943) − Омар Шипин «Амангельды»
70 жыл (1943) − Жамбыл Жабаев «Обращение к акынам»
70 жыл (1943) − Әбу Сәрсенбаев «Вишневое дерево»
65 жыл (1948) − Сапарғали Бегалин «Приключение Коксегена»
65 жыл (1948) − Мұхтар Әуезов «Путь Абая» кітабы орыс тілінде шықты
65 жыл (1948) − Қасым Аманжолов «Буря» өлеңдер кітабы
65 жыл (1948) − Жұмағали Саин «Алтай»
65 жыл (1948) − Ғабиден Мұстафин «Миллионер»
65 жыл (1948) − Сәбит Мұқанов «Сыр-Дарья»
60 жыл (1953) − Дихан Әбілев «Сердце Алтая»
60 жыл (1953) − Ғабит Мүсірепов «Преображенский край»
55 жыл (1958) − Сейітжан Омаров «Золотая сайга»
55 жыл (1958) − Әнуар Әлімжанов «Белый друг, желтый друг, черный друг»
55 жыл (1958) − Зейін Шашкин «Семиречье в огне»
55 жыл (1958) − Дихан Әбілев «Знамя в горах»
55 жыл (1958) − Таир Жарықов «Буря в песках»
50 жыл (1963) − Ғабиден Мұстафин «Очевидец»
50 жыл (1963) − Бауыржан Момышұлы «Наш генерал»
50 жыл (1963) − Асқар Тоқмағамбетов «Отец и сын»
50 жыл (1963) − Хамза Есенжанов «Много лет спустя»
50 жыл (1963) − Сырбай Мәуленов «Мальчик Тигр»
50 жыл (1963) − Александр Затаевич «1000 песен казахского народа»
45 жыл (1968) − Сәкен Жүнісов «Одинокий дом в степи»
45 жыл (1968) − Мазғом Сүндетов «Лодка без весел»
45 жыл (1968) − Сейітжан Омаров жинағы «Золотая долина»
45 жыл (1968) − Дихан Әбілев «Мечта поэта»
35 жыл (1978) − Әлжаппар Әбишев «Улыбка Сауле»
30 жыл (1983) − Мұхтар Мағауин «Смута»
30 жыл (1983) − Әбдіжамал Нұрпейісов «Долг»
25 жыл (1988) − Иван Щеголихин «Должностные лица»
* * *
200 жыл (1813) − Эрнст Теодор Амадей Гофман «Дон Жуан»
180 жыл (1833) − Александр Пушкин «История Пугачева», «Песни западных сла вян», «Сказка о рыбаке и рыбке», «Сказка о мёртвой царевне», «Медный всадник», «Пиковая дама»
175 жыл (1838) − Ханс Кристиан Андерсен «Стойкий оловянный солдатик»
170 жыл (1843) − Ханс Кристиан Андерсен «Соловей», «Гадкий утенок»
155 жыл (1858) − Иван Тургенев «Ася»
150 жыл (1863) − Николай Чернышевский «Что делать?»
150 жыл (1863) − Николай Некрасов «Мороз, Красный нос»
150 жыл (1863) − Владимир Даль «Толковый словарь живого великорусского языка»
145 жыл (1868) − Фёдор Достоевский «Идиот»
145 жыл (1868) − Жюль Верн «Дети капитана Гранта»
135 жыл (1878) − Жюль Верн «Пятнадцатижылний капитан»
130 жыл (1883) − Роберт Стивенсон «Остров сокровищ»
130 жыл (1883) − Владимир Короленко «Сон Макара»
120 жыл (1893) − Артур Конан Дойль «Воспоминания о Шерлоке Холмсе»
115 жыл (1898) − Антон Чехов «Человек в футляре», «Крыжовник», «О любви», «Ионыч».
115 жыл (1898) − Герберт Уэллс «Война миров»
110 жыл (1903) − Лев Толстой «После бала»
95 жыл (1918) − Александр Блок «Двенадцать»
90 жыл (1923) − Корней Чуковский «Мойдодыр» и «Тараканище»
90 жыл (1923) − Александр Грин «Алые паруса» и «Сердце пустыни»
90 жыл (1923) − Алексей Толстой «Аэлита»
90 жыл (1923) − Самуил Маршак «Дом, который построил Джек», «Детки в клетке», «Сказка о глупом мышонке»
90 жыл (1923) − Феликс Зальтен «Бэмби»
85 жыл (1928) − Виталий Бианки «Лесная газета на каждый год»
85 жыл (1928) − Александр Грин «Бегущая по волнам»
85 жыл (1928) − Илья Ильф и Евгений Петров «Двенадцать стульев»
80 жыл (1933) − Вячеслав Шишков «Угрюм-река»
75 жыл (1938) − Лазарь Лагин «Старик Хоттабыч»
70 жыл (1943) − Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц»
70 жыл (1943) − Михаил Пришвин «Лесная капель»
70 жыл (1943) − Иван Бунин «Тёмные аллеи»
70 жыл (1943) − Юрий Тынянов «Пушкин»
60 жыл (1953) − Николай Носов «Приключения Незнайки и его друзей»
55 жыл (1958) − Николай Носов «Незнайка в Солнечном городе»
55 жыл (1958) − Шаңғыс Айтматов «Джамиля»
50 жыл (1963) − Александр Твардовский «Тёркин на том свете»
50 жыл (1963) − Астрид Анна Эмилия Линдгрен «Эмиль из Лённеберги»
45 жыл (1968) − Василий Шукшин «Там, вдали»
45 жыл (1968) − Александр Солженицын «В круге первом», «Раковый корпус»
45 жыл (1968) − Астрид Линдгрен «Снова появляется Карлсон, который живёт на крыше»
45 жыл (1968) − Агния Барто «Я расту»
40 жыл (1973) − Василий Шукшин «Характеры»
2014 жылғы Кітап мерейтойлары
1015 жыл (999) − «Алпамыс батыр»
125 жыл (1889) – Абайдың ғашықтық сезім жайлы өлеңдер топтамасына
105 жыл (1909) − А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабына
105 жыл (1909) – Абайдық алғашқы өлеңдер жинағына
100 жыл (1914) − С. Торайғыровтың «Камар-Сұлу» романына
95 жыл (1919) − С. Торайғыровтың «Кедей» поэмасына
90 жыл (1924) − С. Сейфуллиннің «Домбыра» өлеңдер жинағына
85 жыл (1929) − М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіне
85 жыл (1929) − Б. Майлиннің «Раушан Коммунист» повесіне
85 жыл (1929) − С. Мұқановтың «Адасқандар» романына
85 жыл (1929) − Ғ. Мұстафиннің «Ер Шойын мен басқалар» әңгімелер
жинағына
85 жыл (1929) − С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасына
80 жыл (1934) − И. Байзақовтың «Алтай құшағында» поэмасына
75 жыл (1939) − Ж. Жабаевтың «Сұраныш батыр» поэмасына
75 жыл (1939) − Ғ. Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш и Баян-сұлу» трагедиясына
75 жыл (1939) − Ж. Саинның «Досыма хат» поэмасына
65 жыл (1949) − М. Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» кітабына
65 жыл (1949) − Ж. Молдағалиевтың «Жеңіс жыры» кітабына
55 жыл (1959) − Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Ленин сыйлығы берілгеніне
50 жыл (1964) − Х. Ергалиевтің «Құрманғазы» поэмасына
50 жыл (1964) − Қ. Қайсеновтың «Партизанской тропой» кітабына
50 жыл (1964) − М. Зверевтің «Как животные предсказывают погоду» кітабына
50 жыл (1964) − Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясының екінші
бөліміне
45 жыл (1969) − А. Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» романына
40 жыл (1974) − А. Әлімжановтың «Жаушы» романына
40 жыл (1974) − Б. Момышұлының «Наша семья» романына
35 жыл (1979) − С. Жүнісовтың «Ақан сері» романына
25 жыл (1989) − С. Бақбергеновтың «Алтын адам туралы аңыз» аңыз-повесіне
* * *
450 жыл (1564) – алғашқы орыс баспа кітабына И. Федоровтың «Апостол»
405 жыл(1609) − У. Шекспирдің «Сонеты» кітабына
320 жыл (1694) − Ш. Перроның «Ослиная шкура» ертегісіне
295 жыл (1719) − Д. Дефоның «Робинзон Крузо» романына
205 жыл (1809) − И. Крыловтың «Басни» кітабына
200 жыл (1814) − Э. Т. Гофманның «Золотой горшок» ертегісіне
180 жыл (1834) − П. Ершовтың «Конёк-Горбунок» ертегісіне
180 жыл (1834) − А. Пушкиннің «Сказка о золотом петушке» ертегісіне және «Пиковая дама» повесіне
180 жыл (1834) − А. Мицкевичтің «Пан Тадеуш» поэмасына
170 жыл (1844) − Х. К. Андерсеннің «Снежная королева» ертегісіне
170 жыл (1844) − А. Дюманың «Три мушкетёра» романына
160 жыл (1854) − И. Тургеневтің «Муму» повесінің жарық көргеніне
155 жыл (1859) − А. Островскийдің «Гроза» драмасына
155 жыл (1859) − И. Тургеневтің «Дворянское гнездо» повесіне
155 жыл (1859) − И. А. Гончаровтың «Обломов» романына
145 жыл (1869) − Л. Толстойдың «Война и мир» романына
130 жыл (1884) − М. Твеннің «Приключения Гекльберри Финна» романына
125 жыл (1889) − М. Твеннің «Янки при дворе короля Артура» романына
120 жыл (1894) − Дж. Киплингтің «Книга джунглей» әңгімелер жинағына
120 жыл (1894) − Д. Мамин-Сибиряктың «Аленушкины сказки» ертегілер
жинағына
110 жыл (1904) − Дж. Лондонның «Морской волк» романына
110 жыл (1904) − Г. Уэллстің «Пища богов» романына
100 жыл (1914) − А. Ахматованың «Четки» өлеңдер жинағына
90 жыл (1924) − В. Бианкидің «Лесные домишки», «Чей нос лучше?», «Чьи это ноги?», «Кто чем поёт?» ертегілеріне
90 жыл (1924) − К. Чуковскийдің «Чудо-дерево» ертегісіне
90 жыл (1924) − Ю. Олешаның «Три толстяка» ертегісіне
85 жыл 1929) − К. Чуковскийдің «Айболит» ертегісіне
85 жыл (1929) − Э. Хемингуэйдің «Прощай, оружие!» романына
80 жыл (1934) − Н. Островскийдің «Как закалялась сталь» романына
80 жыл (1934) − П. Трэверстің «Мэри Поппинс» ертегі повесіне
75 жыл (1939) − П. Бажовтың «Малахитовая шкатулка» ертегілер жинағына
75 жыл (1939) − А. Волковтың «Волшебник Изумрудного города» ертегісіне
75 жыл (1939) − А. Гайдардың «Судьба барабанщика», «Чук и Гек» повестеріне
65 жыл (1949) − Н. Носовтың «Весёлая семейка» әңгімесіне
65 жыл (1949) − С. Ожеговтың «Словарь русского языка» кітабына
60 жыл (1954) − Н. Носовтың «Приключения Незнайки и его друзей» повесіне
60 жыл (1954) − Дж. Р. Р. Толкиеннің «Властелин колец» трилогиясына
55 жыл (1959) − К. Симоновтың «Живые и мёртвые» романына
50 жыл (1964) − К. Симоновтың «Солдатами не рождаются» романына
50 жыл (1964) − Ю. Дружковтың «Приключения Карандаша и Самоделкина» ертегісіне
24 шілде
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының
туғанына 155 жыл (1858-1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы шілденің 11-де дүниеге келген. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Шәкәрім Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған.
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. 1993 жылдан бері №5 мектеп-гимназия ғұлама, ойшыл, ақын Шәкәрім есімімен аталды.
Әдебиеттер:
(Кудайбердиулы Ш. Казах в зеркальном отражении:Стихи и поэмы/ перевод с казахского.-Семей,2008.-264 стр.
Кудайберды-улы Ш. Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династии ханов. Пер. Б.Каирбекова.-Алма-Ата: СП Дастан,1990.-120 с.
Құдайбердіұлы Ш. Үш анық.-Алматы:Қазақстан: "Ғақлия" ғыл.-әдеби орталығы,1991.-80 бет.
Шаһкәкім. Жол табалық ақылмен:Шығармаларының бір томдық жинағы.-Халықаралық Абай клубы,2006.-724 бет.- (Аманат журналының кітапханасы)
Шәкәрім. Аманат: Әнднр/Құраст. Т.Бекхожина.-Алматы:Өнер,1989.-128 бет.-(Замана бұлбұлдары).
Шәкәрім. Жолсыз жаза: Өлеңдер мен поэмалар /Құраст. М.Мағауин.-Алматы:Жалын,1988.-256 бет.
Шәкәрім. Қазақ айнасы: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы:Атамұра,2003.-296 бет.
Шәкәрім. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер/құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, А.Құдайбердиев.-Алматы:Жазушы,1988.-560 бет, суретті, портр.
|
Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./Құраст.Тоғысбаев Б., Сужикова А.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2008.-177 бет.
Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.633
Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.549-550
5 тамыз
Семей қаласының ірге тасы қаланғанына 295 жыл (1718 жыл)
Семей қаласының негізі 1718 жылы қаланған. Семей қаласы 1718 жылы Ямышев көлі жанынан салынған бекінісі бой көтерген уақыттан бастап, Семей қаласының дүниеге келген күні болып есептеледі. ХІХ ғасырда Семей қаласын зерттеуші ғалымдар Миллер, Н.Абрамовтар «Семь палат», «Жеті шатыр» атануына назар аударып, өздеріне дейін жазылған деректерді іздестірді. Оларды оқып, зерттей отырып, бұл өзі қалмақтардың тастан қаланған жеті құрылысы екенін, 1660-1670 жылдары жергілікті феодалдардың өзара шайқасы кезінде бұл құрылыстардың бүліншілікке ұшырағандарын айтып жазған жазған еңбектері бар. Тобыл қаласының архив мекмелерінен әкелінген Семей қаласы туралы құнды мәліметтер Абай мұражайында сақтаулы. «Тобольская губернская ведомости» газетінің 1861 жылғы 11-санында Н.Абрамовтың «Князь Матвей Петрович Гагарин» деген зерттеу еңбегінде Семей қорғанына «Семь палат», «Жеті шатыр» деген аттың берілуін, оны қалмақтар өз тілінде «Зордшинкинд» деп атағанын жазады. Олай аталуы туралы зерттеуші Миллер Тюменнің ескі архивтерінің ішінен 1616 жылы 25 қазанда патшаға жазылған Грамотада жеті шатыр туралы айтылады.
1783 жылдан Семей бекінісі уездік қала дәрежесіне көтеріледі. 1796-1822 жылдардың арасында Семей уезі Тобыл губерниясы, Омбы облыстарына бағынған кезеңдерді басынан өткізді.
1852 жылы түйенің, айдың, бес жұлдыздың белгісі салынған Семейдің гербі белгіленді.
1854 жылдан Семей жеке облыс болып құрылды. Осы жылы Семейде 1-гильлиялы –1 көпес, 2-гильдиялы –9 көпес, 3-гильдиялы –97 көпес болды.
Жан-жақты сауданың дамуына байланысты «Тамжня» мекемесі құрылды. Осыған орай 1755 жылы қалада полиция басқармасы ашылды.
1855 жылы қалада 2 жәрмеңке ашылды, олар 25 мамыр – 10 маусым аралығында және 15 желтоқсан-1 қаңтар аралығында өтіп тұрды.
Семей қаласы – орыс елінің қазақ даласымен, Орта Азиямен, Батыс Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени байланыс қатынастарының өзекті орталық қаласына айналды.
Сол кездегі қаланың негізгі өнеркәсібі – былғары тері илеу зауыттары, сабын қайнататын зауыттар, ұн-диірмен, сыра зауыты т.б. жеңіл өнеркәсіп түрлері болды.
Семей – сауда-саттықтың ірі орталығы болды. Бұл туралы Омбы қаласында көлемді архив томдары бар. Онда Семей саудагерлерінің әрқайсысына анықтамалар жазылған. Солардың ең бастылары: Плещщев, Арафьев, Мусиндер, Баймұратов, Каукенов т.б. туралы жазылған.
1760 жылы Семейде азиялық көпестермен және шекралық шептерге таяу көшіп-қонып жүрген қазақтармен сауда байланыстарын ұлғайту үшін айырбас, сауда сарайы салынды. (1778 жылы ол Ертістің оң жағалауына көшірілді). Семейде айырбас сарайының ашылуына тек орыс саудагерлері ғана ықпал еткен жоқ, айырбас сауданың дамуына Әбілмәмбет ханның баласы Орта жүздің сұлтаны Әбілфайз да ықыласты болды.
Семейдің сауда орталығы ретіндегі маңызы әсіресе 1804 жылдан бастап Батыс Қытаймен арадағы сауданың жандауына байланысты өсе түскенін көруге болады.
Профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың деректері бойынша 1891 жылы Шығыс Қазақстанда 14 жәрмеңке жұмыс істеген, олардың жалпы түсірген жалпы табысы 1736800 сомды құраған. Олардың ең ірісі Қоянды жәрмеңкесі болған.
Семей қаласында баспахана үйі де болды. «Яржам» атты баспаханадан ақын Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», Шәкәрім ақынның кітаптары жарық көрді.
1883 жылы «Сибирская газетінің» 47-санында «Семейден хабар» деген айдармен Семейде тұңғыш рет ашылған қоғамдық кітапхана мен музей туралы хабарлар беріп тұрды.
Сонымен қатар, Семейде қазақтың ұл-қыздарына арналған интернат ашылды. Міне, осындай Семей қаласының Октябрь революциясына дейін өсіп өркендеу жолындағы тарихын баяндайтын архив жазбалары еліміздің көптеген қалаларынан кездесіп отырды.
Ұлы Отан соғысы семейліктер үшін де ерекше сын болды. Семейде 1941 жылы бірнеше дивизиялар жасақталды. Семейліктер майданда Отан қорғау жолында ерлікпен шайқасты, сөйтіп 44 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қала кәсіпорындары өз жұмысын майдан мүддесіне сай құра білді. Эвакуациямен келген тектес кәсіпорындар жергілікті кәсіпорындармен бірікті. Семейге Осташков былғары заводы орналастырылды. Үш фабрика (Киев, Азов және Артем ) негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды. Клинцов жұқа шұға комбинаты мен П.Алексеев атындағы шұға фабрикасының жабдықтары Семей шұға комбинатына берілді.
Қала еңбекшілері Ұлы Отан соғысының алғашқы үш жылында ғана майданға 71 вагон азық-түлік , 150 мың дана жылы киім , 35 мың пар пима, 11 мың посылкалар жіберді. Осынау сын кезеңде сол кездегі М.И.Калинин атындағы ет-консерві комбинатының коллективі ерекше еңбек үлгісін танытты.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Семей қаласы көп өзгерді . Ертіс жағалауындағы көп қабатты үйлер, соңғы жобамен салынған аэропорт, темір жол, өзен вокзалы, театр үйі, кинотеатрлар, неке сарайы, «Рахат» тұрмыс қажетін өтеу үйі, орталық мейманхана т.б. құрылыстар сол кездегі Семей қаласының ажарын аша түсті.
2007 жылдың 16 маусымда Семей қаласына іс сапармен келген Президент Н.Назарбаевтың ұсынысымен “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихат пен қала әкімдігінің бірлескен шешімімен “Семипалатинск” атауының транскрипциясы “Семей” деп өзгертілді.
Бүгінгі Семей қаласы Республикамыздың ірі мәдениет орталығы. Қалада Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық мұражайы, Ф.Достоевскийдің әдеби мемориалдық музейі, Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры, Ф.Достоевский атындағы орыс драма театры, Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана тағы басқа да мәдени орындары бар.
Әдебиеттер:
Семипалатинск.-Алма-Ата:Наука,1984.-224 с.-(История городов Казахстана)
Исследователь Степного края: известные труды К.А.Коншина. Факсимильные издания/Сост.Касымова Г.Т., Полякова Н.А. и др.; ред. Колл. Аязбаев Е.М., Касымова Г.Т.-Семей,2009.-776 с., илл.
Неизвестные страницы истории семипалатинского прииртышья (20-30 гг. ХХв.)Сб. Документов. Ч.І./ Сост.Касымова Г.Т.,Силина Э.Н. и др.-Семипалатинск:семипалат. Гос ун-т им. Шакарима,2002-250 с.
Асылжан П. Елбасы қаланың «Семипалатинск» атауын «Семей» деп өзгертуді ұсынды // Семей таңы.-2007.-21 маусым.-1 б
Ахметұлы Т. Көпес Мусиндер көне Семей байларының алды болған // Семей таңы.-2001.-8 маусым.-9 б.
Зұлхаров Ғ. Тануға тұрарлық тұлға: (Қ.Үкібаев туралы) // Семей таңы.-2003.-14 ақпан.
Игембаев Б. Көне қалада түйе болған ба? // Ертіс өңірі.-2006.-27 қыркүйек.-14 б.
Қазбалинов Т. Ең алғашқы баспахана // Семей таңы.-2004.-3 қыркүйек.-14 б.
Қазбалинов Т. Тарихы бай шаһар // Семей таңы.-2006.-12 қазан.-3 б.
Қазбалинов Т. Семейді дамытушылар // Семей таңы.-2006.-10 тамыз.-6 б.
Мүфтиұлы М. Семейдің тұңғыш қазақ топографы // Ертіс өңірі.-2004.-2 желтоқсан.-2 б.
Достарыңызбен бөлісу: |