Әдебиеттер:
-
Мырза Әли Қадыр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-406 б.
-
Әбілұлы М. Қадыр Мырза Әлидің "Күлтегін" жыры: [ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы] // Ұлағат.-2013.-№5.-45-50 б.
-
Бейісбай С. Сәттер өтіп барады - ау..: [бұлбұл ақын, дүлдүл ақын Қадыр Мырза-Әлімен театрда өткен соңғы сыр-сұхбаттан түйген ой] // Егемен Қазақстан.- 2013.- 20 тамыз.-5 б.
-
Ғилымханов М. Туған жер сағынышы: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] // Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.
-
Ержанова А. Ақынға арнау: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] //Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.
-
Есенғалиева М. "Жырымен жас ұрпақты тербеткен": [ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы] // Орал өңірі.-2014.-25 қаңтар.-5 б.
-
Зұлпақарова Ж. Қазақтың Қадыры: [өлең] // Самал.-2014.-12 ақпан.-1 б.
-
Кемелбаева А. Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтар әлемі: [жұмбақтар жанрының ғылыми негізі мен әдеби үндестігі хақында] // Әлем әдебиеті.-2013.- №1.-203-221 б.
-
Қадыр Мырза Әлидің айтқандарынан: [Қадыр Мырза Әлидің афоризмдері] // Ақиқат.- 2013.- №3.-96 б.
-
Құрманай З. Жыр тұлпары: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] //Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.
-
Мағзомова Г. Қадыр ақынға арнау: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] // Орал өңірі.-2013.-18 маусым.-8 б.
Шығармалары:
12. Мырза Әли Қ. Алаштың арманы: Жыр жинағы.-
Алматы, 2001.-256 б.
13. Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә.- Алматы, 2001.-496 б.
14. Мырза Әли Қ. Еңіреп өткен ерлер-ай..: Өлең-тарих,
өлең-портреттер.-Алматы, 2001.-112 6.
15. Мырза Әли Қ. Жазмыш.-Алматы, 2001.-464 б.
16. Мырза Әли Қ. Таңдамалы шығармаларының көп
томдығы:12т.Т.1.-Алматы,2002.-Т.1.-480 б.
17. Мырза Әли Қ. Алтын омырау: Өлеңдер.-Алматы,
2003.-160 б.
18. Мырза Әли Қ. Иірім.-Алматы, 2004.-360 б.
19. Мырза Әли Қ. Шырғалаң: Жаңа өлеңдер кітабы.-
Алматы, 2004.-336 б.
20. Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар
жинағы.-Алматы, 2005.-Т.1.-424 б.
21. Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар
жинағы.-Алматы,2005.-Т.2.-432 б.
22. Мырза Әли Қ. Таңдамалы жинақтар. Екі томдық
жинақ: Өлеңдер.-Алматы, 2006.
23. Мырза Әли Қ. Егізжолдар: Нақылмана.-Алматы,
2008.-320 б.
24. Мырза Әли Қ. Ой-өріс: Өлеңдер, нақыл сөздер.-
Орал, 2009.-320 б.
5 ақпан ОЙШЫБАЕВ БАҚТЫҒҰЛ
туғанына 75 жыл (1940-1997)
Жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаев 1940 жылдың 5 ақпанында Тайпақ ауданының Базартөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті сол кездегі аудан орталығы – Калмыковтан тәмамдап, аудандық газет жұмысына араласқан. Онда корректор бола жүріп, мақалалар жазған. Журналистиканы жанындай сүйген Бақтығұл Ойшыбаев осы мамандықты игеру мақсатында 1961 жылы Алматының ҚазГУ-іне оқуға түседі. Қиын да қызықты мамандыққа түсерде белгілі ақын Жұбан Молдағалиевтің көп көмегі тиген екен. Университет қабырғасында Зейнолла Қабдолов, Бейсенбай Кенжебаев, Тауман Амандосов, Темірбек Қожекеев сынды дара тұлғалардан дәріс алуы – қаламының қалыптасуына үлкен жол ашады. Сонда жүріп, өз туындыларын жазып, көзге түседі. Оқумен қатар «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп, жастар өмірінен керемет дүниелер жазады. Сөйтіп, талай қаламгердің тұсауын кескен «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас Алаш» газеті) өзінің қолтаңбасын қалдырады.
Журналистиканың теориясымен сусындаған Бақтығұл Ойшыбаев курстағы Максим Өтегенов екеуі облыстық «Орал өңірінде» тәжірибеден өтеді. 1966 жылы жоғары оқу орнын аяқтаған жас маман өзі істеген «Ленин жолына» келіп, редактордың орынбасары қызметін атқарады. Еңбекқор, бөтен нәрсемен шаруасы жоқ, ешкімге жалтақтамайтын, турашыл, адал мінезді Бақтығұл Ойшыбаев үш-төрт жыл өткеннен кейін осы басылымның бас редакторы болып тағайындалады.
Аудан өмірі, ауылшаруашылығы, малшы-шопандардың, замандастарының тыныс-тірлігі туралы алуан түрлі тақырыптарда аянбай қалам тербейді. Сол тұста «Балталы бастық» деген фельетонымен жұрттың жадында қалыпты.
Өз мамандығын құлай сүйген Бақтығұл Ойшыбаев 1972 жылы облыстық атқару комитетінің бұйыруымен Жымпиты ауданының «Қызыл ту» газетіне ұзақ жыл басшылық етіп, баспасөз үйін салдырады. Журналистиканың сан жанрында қалам тербей жүріп, жазушылық арнаны да әдемі, көркем әңгіме, повестерімен толтыра біледі. 1966 жылы «Жазушы» баспасынан «Шұғыла» деп аталатын алғашқы әңгімелер жинағы жарық көреді. Содан 1970 жылы «Алыстан көрінген от» атты повесі, 1980 жылы «Жалын» баспасынан «Қимас күндер» атты кітабы дүниеге келеді. Жазушылықтың тізгінін ұстаған Бақтығұл Ойшыбаев 1983 жылы Қазақстан Жазушылар одағына қабылданады.
Дүниеден ерте озған асыл ағаның ұл-қыздары шығармаларын жинастырып, 2010 жылы Алматының «Арыс» баспасынан 500 данамен «Өмір белестері» деген жинағын шығартып, қалың оқырманға ұсынды. Бұл, сөз жоқ, жазушының халқымен мәңгі бірге жасай беретінін дәлелдейді.
Әдебиеттер:
-
Ойшыбаев Бақтығұл: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-417 б.
-
Боранқұл А. Журналистиканың тарланы: [журналист Бақтығұл Ойшыбаев туралы] //Айна.-2010.-24 маусым.-7 б.
-
Боранқұл А.Алғыр журналист, талантты жазушы//Орал өңірі.-2007.-23 маусым.-3 б.
-
Кенжеғалиев М. Қысқа ғұмырдың қимас күндері: [ақын Бақтығұл Ойшыбаев туралы]//Орал өңірі.-2010.-22 сәуір.-10 б.
-
Қуатов Б. Қарымды қаламгердің құрметіне: [журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаев жайында] // Информбиржа.-2010.-27 мамыр.-31 б.
-
Нарымбайұлы А. Сырымдағы сағынышқа толы кеш: [журналист, жазушы Бақтығұл Ойшыбаевты еске алу кеші өтті] // Жайық үні.- 2010.-20 мамыр.-6 б.
-
Нарымбайұлы А. Турашыл мінезінен таймаған тұлға: [журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаев туралы] // Жайық үні.-2010.-6 мамыр.-10 б.
-
Рашид Ғ. Ойшыбаевқа арналған ойлы кеш: [жазушы-журналист Бақтығұл Ойшыбаев] // Орал өңірі.-2010.-18 мамыр.-4 б.
-
Шыңғали Э. Өмір белестері: [жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаев жайында] // Айна.-2010.-13 мамыр.-10-11 б.
20 ақпан МУСИН ЧАПАЙ
туғанына 80 жыл (1935-2009)
Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мусин Чапай Ғабдығалиұлы 1935 жылы 20 ақпан күні Сырым ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазМУ-ді бітірген . 1956 -1959 жылдары Жамбыл облыстық Фурманов селосындағы орта мектептің мұғалімі, 1959-1963 жылдары Жамбыл облысында комсомол жұмысыңда, 1963-1966 жылдары Жамбыл гидромелиорат. құрылыс институтының аға оқытушысы, 1969-1975 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, 1975-1982 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының доценті, 1982-86 жылдары Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының, 1986 жылдан Қазақ ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі.
Әдебиеттер:
-
Мусин Чапай: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-395 б.
-
МадановХ., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы: оқу құралы.-Алматы, 1994.-272 б.
-
Мусин Ч. Қазақстан тарихы: оқулық.-Алматы, 2003.-463 б.
7 наурыз КУШАЕВ ҒАЯЗ
туғанына 90 жыл (1925-1992)
Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі Кушаев Ғаяз Абдувалиевич 1925 жылдың 7 наурызында Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1953 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген.
1945-1965 жылдары Қазақстан ҒА-ның Тарих институтында ғылыми қызметкер, 1967-1992 жылдары Орал педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болған. Оның ғылыми жұмыстары Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінің ежелгі тарихын археологиялық тұрғыдан зерттеуге арналған. «Іле» және «Тува-моңғол» атты ғылыми-археологиялық экспедициясына қатысқан, Батыс Қазақстан өңірінің ежелгі мәдениетін зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Көне ескерткіштер жөнінде мол материал жинақтап, қорыту нәтижесінде тұңғыш рет Орал облысының археологиялық картасын жасады.
Ғаяз Абдувалиевич «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
Әдебиеттер:
-
Кушаев Ғаяз Абдувалиевич: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-326-327 б.
13 наурыз ОСПАНОВ ҚАБАШ
туғанына 100 жыл (1915-1970)
Мемлекет қайраткері Оспанов Қабаш 1915 жылы 13 наурызда Бөкей ордасы ауданының Азғыр ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, 1936 жылы Астархан ВТУЗ-ының технология факультетін бітірген. 1936-1945 жылдары Бөрлі ауданындағы орта мектепте, аудандық атқару комитетінде, сондай-ақ Орал облыстық партия комитетінде жұмыс істеген. Кейін Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының партия-кеңес органдарында, 1958-1970 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде, Ақмола өлкелік астық дайындау басқармасында, Қазақ КСР Дайындау министрлігінде және ауыл құрылысы министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. Бірнеше орден, медальмен марапатталған.
Алматы қаласындағы Қабаш Оспанов тұрған үйге (Фурманов және Жамбыл көшелерінің қиылысында) ескерткіш тақта орнатылған.
Әдебиеттер:
-
Оспанов Қабаш: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-439- 440 б.
14 наурыз ЖАНТИКИН МИФТАХ
туғанына 90 жыл (1925-1992)
Журналист, аудармашы Жантикин Мифтах 1925 жылы 14 наурызда Бөкей ордасы ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Жиекқұмдағы 7 жылдық мектепті бітірген. 1941 жылы майданға аттанған ағасы Масин Темір Жантекеұлының орнын басып, отбасына көмектесу үшін Орда ауданындағы «Осоавиахим» кеңесіне жұмысқа орналасты.
1943 жылы өз тілегі бойынша әскер қатарына алынып, Уфа жаяу әскер училищесінде оқыды. 4-оқу бригадасының 138-мергендер полкінің құрамында соғысқа кірісіп, Украина, Молдова, Польша жерлерін азат етуге қатысты. 1946 жылы ақпанда денсаулығына байланысты әскери қызметтен босап, туған жері Ордаға оралып, аудандық «Жаңа жол» газетінің жауапты хатшысы, кейін редакторы болады.
1948-1950 жылдары республикалық жоғарғы партия мектебінде оқиды. 1950-1952 жылдары Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1952 жылы Қазақстан КП ОК-тінде, Алматы облыстық газетінің «Үгітші блокноты» журналының редакцияларында, сондай-ақ 1958-1981 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, Қазақ радиосында лауазымды қызметтер атқарды. Республикалық дәрежедегі дербес зейнет демалысына шыққанға дейін Қазақ КСР үкіметі қаулылары жинағының бас редакторы болған.
Мифтах Жантикин «Жауынгерлік даңқ шежіресі» кітабында өзінің майдан жолы, қарулас достары, ержүрек қазақ жауынгерлері туралы әңгімелейді. Ол 3-дәрежелі Даңқ және Отан соғысы ордендерімен, бірнеше жауынгерлік медальмен марапатталған. Сонымен қатар П. Мальковтің «Москва Кремлі комендантының жазбаларын», Ф. Селивановтың «Панфиловшыларын» және т.б. шығармаларды қазақшаға аударған.
Әдебиеттер:
-
Жантикин Мифтах: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-267-268 б.
3 сәуір ЖҰМАҒАЛИЕВ АБДОЛЛА
туғанына 100 жыл (1915-1942)
Ақын Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жусалы ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институттың әдебиет факультетіне түскен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы қазақ педагогикалық институтында жалғастырған. ҚазПИ-дің әдебиет факультетінде оқып жүріп, әрі Алматының белгілі ақындарымен танысып, ол әдебиет дүниесімен араласты. Сол жылдары Абдолла өзін біржола өлең жолына бағыттады. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Ақынның өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. 1937-1938 жылдары әдеби журналдарда, «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде Абдолланың бірқатар өлеңдері басылды. 1939 жылы Абдолла Қызылордада мұғалім болып істеді, сондағы облыстық газетке бірнеше өлеңдерін шығарды. 1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939-1941 жылдары Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор қызметтерін атқарған. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмаларын шығарды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанады. Жалын жүрек ақын жаулармен арпалысып, Отан үшін, ұрпақ болашағы үшін ерлікпен мерт болады. Абдолла ерлігі жайлы Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды. Абдолла Жұмағалиев Лермонтовтың, Низамидің, Тоқтағұлдың, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Әдебиеттер:
-
Жұмағалиев Абдолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-289-290 б.
-
Жұмағалиев А. Өлмес өмір дастаны: өлеңдер мен поэмалар.-Алматы, 1985.-328 б.
-
Абдолла аманаты: [Ақын А.Жұмағалиев шығармашылығы] // Қазақ әдебиеті.- 2005.-1 сәуір.
-
Ақтаев С. Жақсылардың көзі еді // Ана тілі.- 2011.- 17-23 ақпан.-10 б.
-
Бердіғалиева М. Мәңгілік алау: [ақын әрі батыр туралы] // Орал өңірі.-2010.-29 мамыр.-5 б.
-
Жұмағалиев А. Өз жырыммен қағар кеп есігімді..: [өлең] // Орал өңірі.- 2008.-13 қараша.-10 б.
-
Көбенсай А. Ақындық пен батырлықтың өнегесі: [ақын А.Жұмағалиев туралы] // Қазақ әдебиеті.-2010.-24 қыркүйек.-5 б.
-
Қалиев Б. Ерлігі елге аңыз, ұрпаққа үлгі: [ақын Абдолла Жұмағалиев туралы] // Орал өңірі.-1980.-11 маусым.
-
Қос ақынға құрмет: [ақын Қ. Аманжолов пен А. Жұмағалиевқа ескерткіш тақта орнатылды] // Қазақ елі.-2012.-27 қаңтар.-5 б.
-
Құсайынқызы Д. Батыр жайлы толғау: [ақын А. Жұмағалиевке] // Айна.-2010.-22 сәуір.-9 б.
-
Нәріков А. Абдолланың ақындығы: [туғанына 75 жыл толуына] // Орал өңірі.- 1990.-30 маусым.
-
Нәріков А. Өртті жеңген өлеңдер: [ақын туғанына – 95 жыл] // Жайық үні.-2010.-9 желтоқсан.-8 б.
-
Сариева Ұ. Жалындап өткен жиырма бес..: [ақын А. Жұмағалиев туралы]// Жеңімпаздар-Победители.-Орал.
-
Сариева Ұ. Алыс жолға аттанды ақын..: [А. Жұмағалиев] // Орал өңірі.-2008.-13 қараша.-10 б.
-
Сәрсенбаев Ә. "Өлмес өмір дастаны": [А. Жұмағалиевтің 70 жасқа толуына орай] //Орал өңірі.- 1985.-4 тамыз.
-
Сейітов С. Жалын жастық жалауын желбіреткен: [А. Жұмағалиевтың туғанына 75 жыл] // Қазақ әдебиеті.-1990.-21 желтоқсан.-14 б.
-
Танабаева С. Аңызға айналған Абдолла: [А. Жұмағалиевтың 95 жыл толуына орай әдеби кеш] // Жайық үні.-2010.-13 мамыр.-10 б.
-
Танабаева С. Ерліктің үлгісін көрсеткен ақын: [А.Жұмағалиев - 95 жаста] //Айна.-2010.-23 қыркүйек.-7 б.
-
Шарабасов С. Өшпес өмір, сұлу жыр: [А.Жұмағалиевтің туғанына 70 жыл толуына] //Орал өңірі.-1985.-26 ақпан.
20 маусым НӘРІКОВ АЙТҚАЛИ
туғанына 75 жыл (1940)
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков 1940 жылы 20 маусымда Тасқала ауданының Ширяв ауылында дүниеге келген.
1960 жылдары лирикалық жырларымен әдебиет сүйер қауымға таныла бастаған ақынның поэзиядағы тұсауын қазақтың аса көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі кескен болатын.
Айтқали Нәріков орта мектепті бітіргеннен кейін біраз жылдай шалғайдағы шағын ауылда кітапхана меңгерушісі болып істеген. 1961 жылы пединституттың тарих-филология факультетіне түсіп, үш ай ғана оқығаннан кейін әскер қатарына шақырылады. 1968 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1968-1988 жылдары Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық газет редакцияларында қызмет істеген. 1988-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша уәкілі қызметін атқарды.
Айтқали Нәріковтің топтама өлеңдері 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деп аталған ұжымдық жинақта жарық көрген.
1992 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы «Аққұс» қауымдастығы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі басқармасының төрағасы, облыстық теледидарда жұмыс істейді.
«Көк майса» (1970), «Еркін есейіп келеді» (1975), «Тыныштықты тілеймін» (1980), «Еңбек зейнеті» (1985), «Самал» (1990), «Сағыныш» (2001), «Қырық жыл – қырық жыр» (2004), «Жайықтың жарық жұлдыздары» (2005), «Ойшылдың өскен ортасы» (2005), «Жанғали ақын» (2006), «Жылдар жаңғырығы» (2009), «Мен – майдангер ұлымын» (2010), «Елу жыл – елу жыр» (2010) атты кітаптары жарық көрді.
Айтқали Нәріков – лирик ақын. Жырларында сезімді бірінші кезекке қояды. Өлең жолдары әуелі сезімді шарпуы керек. Сонда ғана санаға сәуле түсіріп, ойыңды жаулап алады. Аз сөзді ақынның қысқа өлеңдері ауыр салмақты көтеріп тұрады. Ұлылардың бірі «мыңдаған сөздерді ойлап таба тұра, солардың ішінен біреуін екшеп қолдану қаншалықты қиын» деген екен. Сол айтқандай, Айтқали ақын керекті сөзді дәл тауып, бір тармаққа екінші тармақ әр беріп тұруына үлкен мән береді.
«...Сөз өнеріне салғырттықпен қарамай, өлеңдерін ойында ұзақ қорытып, «піскенде» ғана қағазға түсіреді. Оның қазір қазақ поязиясында өзіне лайықты орны бар» - деп жазды Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ақын Айтқали Нәріковтің 2009 жылы жарық көрген «Жылдар жаңғырығы» кітабындағы алғы сөзінде.
Республикалық жастар поэзия фестивалінің (1972ж.) дипломанты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары тарапынан марапатталған. Тасқала ауданының Құрметті азаматы.
Әдебиеттер:
-
Нәріков Айтқали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-408 б.
-
Ахметова М. Айтқали ақын-70 жаста: [белгілі ақын-жазушы А. Нәріков -70 жаста] //Айна.- 2010.-16 қыркүйек.-12 б.
-
Баденұлы Е. Облыс әкімі ақынға құрмет көрсетті: [облыс әкім ақын А. Нәріковті қабылдады] // Орал өңірі.-2012.-21 маусым.-2 б.
-
Бектұрғанов А. Апат пен ажал: [Нәріковтер әулеті]//Орал өңірі.-2008.-23 тамыз.-6 б.
-
Жыр кеші "Қос қанат": Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын және журналист А. Нәріковтың шығармашылық қызметіне 40 жыл // Жайық арулары.- 2004.-2 желтоқсан.
-
Қасымова А. Ақын шығармашылығына 45 жыл: [ақын А. Нәріковтің шығармашылық кеші] // Жайық үні.-2008.-25 қазан.-2 б.
-
Құсайын Т. Ауылдан алыстамаған ақын: [ақын А. Нәріков туралы] // Егемен Қазақстан.-2010.-22 қазан.-8 б.
-
Сабыр М. Жайықтың қоңыр үнді қоңырауы: немесе ақын Айтқали Нәріковтің шығармашылығы хақында // Информбиржа.-2007.-22 қараша.-15 б.
-
Сариев С. Қауып айтпай, тауып айтатын қаламгер: [ақын А. Нәріков – 70 жаста] // Айна.-2010.-10 маусым.-7 б.
-
Шарабасов С. Желмая жылдар жемісі: [ақын А.Нәріков] // Орал өңірі.-2010.-17 маусым.-8б.
Шығармалары:
-
Нәріков А. Елу жыл – елу жыр.-Орал, 2010.-64 б.
-
Нәріков А. Жанғали ақын.-Орал, 2006.-100 б.
-
Нәріков А. Жылдар жаңғырығы: өлеңдер.-Орал, 2009.-220 б.
-
Нәріков А. Мен – майдангер ұлымын: өлеңдер, очерктер, мақалалар.-Орал, 2010.-334 б.
-
Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы: очерк.-Орал, 2005.-80 б.
-
Нәріков А. Сағыныш: өлеңдер.-Алматы, 2002.-216 б.
-
Нәріков А. Адамның кейбір..: өлең // Орал өңірі.-2006.-27 мамыр.-3 б.
-
Нәріков А. "Әр жылдар жырлары" // Жайық үні.-2007.-13 желтоқсан.-10 б.
-
Нәріков А. Жылжиды жылдар... // Қазақ әдебиеті.-2008.-5 қыркүйек.-13 б.
-
Нәріков А. Көңіл күнделіктерінен: [өлеңдер] // Орал өңірі.-2009.-13 тамыз.-8 б.
-
Нәріков А. Көңіл күнделігі: өлеңдер // Орал өңірі.-2008.-4 желтоқсан.-12 б.
-
Нәріков А. Күзгі көңіл: өлең өлкесінде // Орал өңірі.-2006.-11 қараша.-4 б.
-
Нәріков А. Момындардың ақысын жеп семіргендер: өлең // Жас Алаш.- 2008.-9 қазан.-3 б.
-
Нәріков А. Моңғолдың құпия шежіресі: Темүжін қалай Шыңғыс хан болды? // Жайық дәрігері.-2004.-1 шілде.
-
Нәріков А. Наурыз келді: өлендер // Орал өңірі.-2004.-20 наурыз.
-
Нәріков А. "Ойлап тұрсаң, бұл дүние шолақ екен...": Қазақтың халық әндері // Орал өңірі.- 2006.-3 тамыз.-11 б.
-
Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы // Орал өңірі.-2005.-13 тамыз.
-
Нәріков А. Өмір шіркін..: [өлеңдер] // Жұлдыз.-2010.-№6.-90-92 б.
-
Нәріков А. Сарғайған дәптер сыр шертсе..: [өлеңдер] // Орал өңірі.-2007.-1 қараша.-12 б.
13 қыркүйек МАХЫМОВ ТЕМІРБОЛАТ
туғанына 75 жыл (1940-2009)
Өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық
қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі – Темірболат Махымов 1940 жылы 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Жиенқұм ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Орда орта мектебін, 1962 жылы Орал педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген. 1962-1978 жылдар аралықтарында Жәнібек, Орда аудандары мектептерінде, аудандық комсомол комитеттерінде қызмет істеген. 1978 жылдан Бөкей ордасы тарихи мұражайының директоры болды. Халықаралық мұражай кеңесінің (ИКОМ) мүшесі болып, Алматыда, Өскеменде, Түркістанда өткен отырыстарына қатысты. Қазақстандағы Халықаралық мұражай кеңесінің вице-президенті болды.
Темірболат Махымов әлемдік ядролық қарулануға қарсы күрес жүргізу ісіне араласып, 1990 жылы әлемдік ядролық қаруға қарсы Бүкіләлемдік конгресске қатысты, сондай-ақ 1992 жылы «Семей-Невада» қозғалысына арналған республикалық теледидардан берілген тікелей эфирден халыққа үндеу тастағандардың бірі. Сонымен қатар 1992 жылы Атырауда өткен ядролық қарулануға қарсы ұйымдастырылған Каспий аймақтық конференциясына қатысты.
1998-2000 жылдары Орда ауылдық округінде әкім болған. Туған жер тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштерді, кесенелерді қорғау туралы, Бөкей ордасы тарихы туралы Ұлы Отан соғысы жылдарында Шығыстың қос шынарының бірі атанған Мәншүк Мәметованың өміріне байланысты, т.б. көптеген танымдық мақалалардың авторы. 2000 жылы Бөкей ордадағы Жәңгір мектебінің тарихы туралы «Жәңгір мектебі білім бастауы» атты кітабы жарық көрді.
Темірболат Махымов Батыс Қазақстан өңіріндегі мұражай ісінің дамуы мен қалыптасуына және қоғамдық қызметтерге белсене араласып, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру ісіндегі еңбектері жоғары бағаланып, 1990 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы Батыс Қазақстанда өткен аймақтық мұражай фестивалін өткізудегі қызметі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Темірболат Махымов екі рет аудандық кеңеске, жергілікті кеңеске депутат болған халық қалаулысы.
Әдебиеттер:
-
Махымов Темірболат: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы, 2010.-384 б.
-
Махымов Темірболат: өмірдерек // Батыс Қазақстан өлкетанушылары: библиографиялық көрскеткіш. І шығарылым.-Орал, 2004.-44-45 б.
-
Мақымов Т., Құспанов Ө. Жәңгір мектебі – білім бастауы: Бөкей Ордасындағы мектептердің даму тарихынан.-Орал, 2000.-114 б.
-
Махимов Т. Жәңгірден қалған жәдігерлер қайда?: Орда тарихи мұражайы жөнінде // Орал өңірі.-2001.-30 қаңтар.
-
Махимов Т. Мұражай тарихынан бір үзік сыр: Бөкей ордасы тарихи мұражайының кіші ғылыми қызметкері // Орал өңірі.-2000.-31 мамыр.
Достарыңызбен бөлісу: |