Силабусты профессор Ә. Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Байбөрі М. Б., Балабекова М. К., аға оқытушы Баймұханова Д. М., оқытушылар Мырзағұлова С. Е., Төлепбергенова М. Ж. дайындады



бет2/13
Дата07.11.2022
өлшемі349.5 Kb.
#464179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
силабус-ЖМ-2011-12

1. Жалпы мәліметтер:
1.1 ЖОО аталуы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
1.2 Патологиялық физиология кафедрасы
1.3 Пән «Патологиялық физиология -1», PF-1 БДО 2211
1.4 Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»
1.5 Оқу сағатының көлемі - 108 сағат
1.6 Курс және оқу семестрі - 2 курс; 4 семестр


1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:





Аты-жөні

Қызметі

Дәрежесі


Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы

Кафедра меңгерушісі

М.ғ.д.


Карынбаев Шабаз Сибугатуллович

Доцент

М.ғ.к.


Байбөрі Мұхаметхан Байбөріұлы

Доцент

М.ғ.к.


Рыспекова Наталья Николаевна

Доцент

М.ғ.к.


Жуйко Нелли Васильевна

Доцент

М.ғ.к.


Қасенов Бауыржан Жұмахажиевич

Доцент

М.ғ.к.


Мельдеханов Тұрсынбек тулеевич

Доцент

М.ғ.д.


Табанова Рымкеш Ахметжановна

оқытушы

М.ғ.к.


Балабекова Марина Қазыбаевна

Доцент

М.ғ.к.


Ахмедшина Дания Асхатовна

Аға оқытушы

М.ғ.к.


Баймұханова Дамиля Мутуалиевна

Аға оқытушы

М.ғ.к.


Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна

Аға оқытушы

М.ғ.к.


Төлепбергенова Майгүл Жұмановна

Аға оқытушы

М.ғ.к.


Жүкешева Майя Қанатовна

оқытушы

дәрежесіз


Аширбеков Гамаль Каримович

Аға оқытушы

М.ғ.д.


Жоламанов Мейрам Есович

Аға оқытушы

М.ғ.к.


Нурашева Эля Ермековна

оқытушы

дәрежесіз


Ким Татьяна Александровна

оқытушы

дәрежесіз


Иманбекова Жанар Абдрашитовна

оқытушы

дәрежесіз


Сатаева Асель Амановна

оқытушы

дәрежесіз


Муратова Айнур Нуржигитовна

оқытушы

дәрежесіз


Сарсен Гулназ Бейсенбеккызы

оқытушы

дәрежесіз


Момбиева Жанар Таубаевна

оқытушы

дәрежесіз



1.8 Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны
2 оқу ғимараты
Телефон: 8(7272)92-50-25 (166)
1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрде қамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

  1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

  2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

  3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

  4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

  5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

  6. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

  7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СОБӨЖ және СӨЖ міндетті түрде орындау.

  8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.



2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Патологиялық физиология кезкелген мамандық дәрігерін дайындауда іргелі пән болып табылады. Ол дерттік үрдістер мен ауруларда ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылыстарын түсіну үшін теориялық негізді құрайды. Патологиялық физиология интеграциялық және анализдік оқу пәні ретінде клиникалық ойлаудың әдістемелік негізін құруға бағытталған.


2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде аурулар мен дерттік үрдістердің пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары туралы ғылыми болжамдарды, тәжірибе жүргізудің негізгі дағдылары игеруді, клиникаға дейінгі зерттеулердің этикалық нормаларын бойынша білімдерін қолдана отырып жануарлармен жұмыс жасауды қалыптастыру.


2.3 Оқыту міндеттері:

  • жалпы нозология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білім қалыптастыру

  • организм реактивтілігін ескере отырып патологияларда ағзалар мен жүйелер қызметінің ауытқуларын дұрыс түсіну

  • дерттік үрдістердің патогенезінде қорғану мен зақымдану құбылыстарын ажырата білу

  • дерттік үрдістер мен ауруларды үлгілеу, сонымен бірге эксперименттік емдеу жолдарын біліп үйрену

  • клиникалық ойлау негіздерін, коммуникативті дағдыны дамыту

  • ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерін қалыптастыру



2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:

  • Патофизиология пәнінің құрылымы мен мазмұнын

  • Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін

  • аурулар мен дерттік үрдістер туындауында себеп пен жағдайдың маңызын. Организм реактивтілігі мен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызын.

  • Жалпы патогенездің негізгі түсініктерін

  • Жасушаның жалпы дертін. Зақымдануға организмнің жалпы серпілісін.

  • біртектес дерттік үрдістердің (қабыну, қызба, гипоксия, аллергия, өспелер, зат алмасу бұзылыстары, шеткері қанайналым) дасму тетіктері, олардың көріністері және организм үшін маңызын

  • аурулар мен дерттік үрдістердің этиологиясы мен патогенезінде эксперименттік үлгілеу мен емдеудің маңызын

  • ғылыми зерттеулер жүргізу этикасы туралы нормативті құжаттарды



Студент жасай алуы тиіс:

  • алынған мәліметтерді патофизиология-2 мен клиникалық пәндерді оқығанда қолдану

  • клиникалық – лабораториялық зерттеу нәтижелерін сараптау

  • әртүрлі аурулардың компоненті болып табылатын негізгі біртектес дерттік үрдістерді тани білу

  • жануарларда тәжірибе жасауды жоспарлап, тәжірибе нәтижелерін өңдеп, сараптау

  • кейбір дерттік үрдістерді (экзогенді және гемдік гипоксияны, артериялық және веналық гиперемияны, ишемия, эмболия, қабынуды) үлгілеу білуді

  • ауру алдын анықтау үшін жүктемелік сынауларды жүргізу

  • ғылыми, анықтамалық және оқулық әдебиеттермен, кітапханадағы каталогтармен, интернет сайттарымен өздігінен жұмыс жасау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет