Ағылшын тілінде:
Негізгі:
V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Pathologic basis of disease, 7th edition, 2007 – 1525р
Қосымша:
1. Harsh Mohan-Textbook of pathology - 2004
2.10 Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері
Көрсетілімдер, шолулық және мәселелік дәрістерді оқу.
Тәжірибелік сабақтарды жүргізу: тәжірибелік жұмыстарды орындау (лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау, патофизиологиялық әдістерді меңгеру, аспаптармен жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, «соқыр» кестелерді толтыру, патогенездің схемасын құрастыру, сөзжұмбақтар шешу), кіші топтарда жұмыс жасау, блиц-ойындар, оқулық бейнебаяндар көру.
СӨЖ түрлері: әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқып, кейін сынамадан өту және өзін өзі бағалау, көрсетілімдер эссе, дайындау, «соқыр» кесте толтыру, патогенездің схемасын құрастыру.
2.11 Білім критерийлері және оны бағалау
Ағымдағы бақылауды бағалау
Тәжірибелік сабақтар – ең жоғарғы балл – 100 балл, 100%-ға сәйкес келеді. Бұл бақылаудын барлық түрінің орташа арифметикалық балл болып есептеледі.
Бағаланатын құзыреттілік
|
Деңгейлер
|
4
|
3
|
2
|
1
|
Білім
Ең жоғарғы балл – 100 балл
|
(90-100б)
Студент тақырып материалдарын терең білетін, патогенездік сызбанұсқаны қатесіз құрастырған. Материалды жеткізуі қойылған сұраққа сай, дұрыс таңдалған мысалдарды келтіріп, нақты түрде жауап берген. Материалды жеткізіп, айқын айта алған, топта жұмыс істей алатындығын көрсеткен, көшбасшының рөлін атқара алатын, өз көзқарасын талқылай білетін, оқытушы мен жолдастарына сыйластықпен қарайтын
|
(75-89б)
Студент тақырып материалдарын білетін, бірақ патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және жауаптарында мәнсіз қателіктер жіберген. Логикалық ойлауы дұрыс, негізделген қорытындылар жасаған. топта жұмыс істей алатындығын көрсеткен, оқытушы мен жолдастарына сыйластықпен қарайтын
|
(50-74б)
Студент тақырып материалдарын толық білмеген, сұрақты түсінбеген, бағдарлама бойынша келешектегі материалды меңгеруге жеткілікті білімін көрсеткен. Тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда, патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзеткен. Материалды айқын жеткізе алмаған
|
(0-49б)
Сабаққа қатысқан, бірақ материалды түсінбеген, патогенездік сызбанұсқаны құрастырғанда, тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзете ,алмаған. Коммуникативті дағдыларды білмейтін
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |