Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы



бет15/48
Дата31.08.2023
өлшемі153.84 Kb.
#476344
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
умкд Академиялық хат

Академиялық материалдар. Барлық кітаптар мен мақалалар жақсы жазылған ба? Олар қаншалықты сенімді? Бұл сұрақтардың жауабын студенттің өзі ғана білуі тиіс. Студент оқыған материалдарының сенімділігіне шүбә келтірмес үшін мынандай жайттарды білгені жөн:

  • Студент мәтінді кімнің жазғанын білуі тиіс және оның авторы осы тақырып бойынша білетін адам болуы тиіс.

  • Материал ескі емес пе? Кейде ескі мәтіндерді оқуға тура келеді, дегенмен жаңа мәліметтер сенімдірек болады

  • Біржақты пікірді ұстанудан сақтану. Біржақты пікірлер негізінен БАҚ жиі кездеседі

  • Материалдардың негізгі дереккөзін табуға тырысу. Материалдар өзге авторлардың сілтемелерінен табылса, ол материалдардың дәлелді екеніне сенімді болу үшін осы материалдың дереккөзін тауып, қолдану қажет.

Академиялық тұрғыдан сенімсіз материалдарға мыналарды жатқызуға болады:

  • Газеттер (тіпті көлемді мақалалар жариялайтын «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш» т.б.)

  • Журналдар («Жалын», «Парасат» т.б.)

  • Компаниялар мен кәсіпорындардың вебсайттары

  • Қоғамдық мекемелер мен қайырымдылық қорларының сайттары

  • Студенттердің эсселері мен жазба жұмыстары

  • Укипедия.

3дәріс


Тақырып: Тақырып таңдау
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісі
2. Таңдалған тақырып талаптары


Мақсаты: Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты қарапайым негіздерді сипаттау. Тақырыптың құрылымын жазу барысында қарапайым шарттарды жіктеу. Кемшіліктерді болдырмай, тақырыпты сәтті таңдау үшін амалдарды қолдануға үйрету.

Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау, қарапайым сияқты көрінеді, дегенмен бұл біршама ойлануды талап етеді. Оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғандығы аңғарады.
Жазба жұмысы белгілі бір зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсаты мен міндетін айқындап алумен тікелей байланысты.
Негізінен зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты қарапайым негіздерден тұрады:

Тақырыпты таңдау барысында жазба жұмысы беріліп отырған пәнге байланысты дәріс тақырыптары мен пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыпшыларды мұқият қарап шығу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет