6. ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
Оқу пәнін бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды. Бақылау жүйелі түрде, әр түрлі тексерулер бойынша жүргізіледі: сабаққа қатысу, бақылау жұмыстары, жеке және топтық кеңестер, дәріс конспектілерін тексеру, әр бір тақырып бойынша сұрау-коллоквиум, сөж, соөж тапсырмаларын тексеру, баяндама және рефераттарын тексеру.
И % = P1+P2 x 0,6 + Эx 0,4
2
Мұндағы,
P1-1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны,
P2-2ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны,
Э- емтихан бағасының пайыздық мазмұны,
Балмен қорытынды баға (ҚБ)
|
Балдардың сандық баламасы (С)
|
Әріптік жүйемен бағалау
(Ә)
|
Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)
|
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
|
90-94
|
3,76
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
65-69
|
2,0
|
С
|
Қанағаттанарлық
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
25-49
|
0,5
|
FХ
|
Қанағаттанарлықсыз
|
0-24
|
0
|
F
|
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасына қосымша:
Дәрістер кешені
№1 дәріс
Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Академиялық хат және оның ерекшелігі
2. Академиялық хат және ғылыми стиль
Мақсаты: Мәтіндердің түрлерін сипаттау. Академиялық бағытта жазылған мәтіннің ерекшеліктерін жіктеу. Академиялық хаттың ерекшелігін талдау.
Академиялық хат және оның ерекшелігі. Кез-келген оқырман қалауына орай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп 2 бөлуге болады:
Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.
Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру.
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |