Силлабус (syllabus) – студенттерді оќыту баєдарламасы


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет2/12
Дата27.03.2023
өлшемі427 Kb.
#471216
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
sillabus-istoriya-kazaxstana-axmetov-zh

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері.


Қазақстан тарихы:

  • Қазақстан Республикасы териториясында өмір сүрген, кәзір де өмір сүріп жатқан қазақ жері басқа да халықтардың өмірді бастан өткізу ескерткіші.

  • Қазақстан жерінде ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып тұтас қарастыратын ғылым.

  • Бүкіл адамзат тарихының бір бөлігі ретінде, дүниежүзілік тарихпен, көшпенділер өркениетімен, түркі халықтары тарихымен, Орталық Азия елдері тарихымен ұштасып жатады, сондықтанда Қазақстан тарихына кәзіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, осы елдер тарихымен бірлікте қарастырудың қажеттілігі туып отыр.

  • Тарих ғылымының басты ерекшелігінің бірі қоғамның, мемлекеттің дамуының қатан бұрылыстарын, нақты бір тұлғаның нақтылы іс әрекеті арқылы танып білуге болатындығы.

Қандай мамандықты қалағанына қарамастан әр бір адамның өз елінің өткен тарихын білу, халқының өзіндік тарихын, өткен жолын білу, талдай алуы зиялылықтың бір көрінісі болып табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты:



  • Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы, оның этногенегі, қазақ халқының мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективті тарихи білім беру.

  • Студенттердің бойына өз елінің тұтас бір тарихы танымын қалыптастыру. Тарих – бұл ұлттық рухты, халықтық сананы еске сақтау. Өткенді білу арқылы, өз елінің тарихи тамырына құрметпен қарау, бүгінгісін тану, келешекке дұрыс бағдар алуға көмектеседі.

  • Білім алушы жастардың тарихи сапасын қалыптастыру арқылы саяси санасын ашып, өз елінің белсенді, отанына жаныашыр азаматын қалыптастыруға ат салыстыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:



  • Халықтың тарихи жадын қалпына келтіру

  • Ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру

  • Азаматтанушылық пен патротизмді тәрбиелеу

  • Тарихи заңдылықтарды танып білу арқылы, Қазақстан жерінде болып жатқан оқиғаларды талдай алуы.

  • Студенттердің азаматтылығын, тұлғалылығын, саяси мәдениеттілігін, сөйлеу өнері мен ойлау қабілеттілігін қалыптастыру.

  • Дүниетанымдық көзқарасынмен жалпы даму дәрежесіне көтеру.

Бакалаврдың курстан білетіні:



  • Қазақстан тарихының қарастыратын мәселелерін, оқытудың мақсаты мен міндетін;

  • Тарихи танымдық сананың ерекшеліктерін және оның тарихи таным үдерісіне әсерін;

  • Тарихтың тәрбиелік мәнін (отаншылдық, өткенді саралау, қателіктерді қайталамау, болашаққа болжам жасау) түсіну;

  • Отарлық кезеңменен тәуелсіздік кезеңін салыстыру арқылы айырмашылығын білу;

  • Тарихи дамудағы өз орнын іздеу.

Бакалаврдың істей алатыны:



  • Тарихи оқиғаларға өзінің объективті тұрғыдағы көзқарасын қалыптастыру;

  • Әрбір тарихи кезеңнің өзіндік даму ерекшеліктерін сол кездегі көшбастаушыларды білу, олардың тағдырын, әсіресе тәуелсіздік үшін күрескендерге әділ баға беріп, ел арасына тарату;

  • Тарихи оқиғалар мен басталу себептері мен аяқталуының салдарын, заңдылықтарын талдай алу;

  • Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, өзара байланыстарын талдай алу;

  • Тарихтан қазақтардың отарлы кезеңдегі жағдайы мен тәуелсіздік кезеңіндегі ішкі-сыртқы мәселелерді шешудегі еркіндігін көрсете алу;

  • Әлемдік тарихи тарихи оқиғалардағы Қазақстан Респуликасының ұсыныстары мен істеген істеріне объективті талдау жасай алауы.

Сабақ жоспары мен үрдерісінің кестесінен көшірме:



Пәннің атауы

Кредит саны

Сабақ түрлеріне бөлінген сағат сандары

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Емтихан

Қазақстан тарихы

3

30

15

30

60

+






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет