Силлабусы пән туралы ақпарат


«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты



бет2/24
Дата05.02.2024
өлшемі94 Kb.
#490911
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Қазақстан тарихы- силлабус 2024 (2)

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты: студенттерді тарих ғылымы мен білімі саласында Қазақстан тарихнамасы бойынша проблемалық білімін, мәселелері мен жетістіктерін қоғамда, білім салаларында, ғылыми зерттеулерде пайдалана білуді үйрету, пәннің ғылыми әдістерін меңгеру.
«Қазақстан тарихы » курсының оқытудың мiндеттерi, студенттің дағдысы мен біліктілігі.
-Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын әлеуметтік-саяси кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.
-Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.
-Тарихи жеке түлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы реформалардың маңызын ашу.
-Негізгі тарихи мәселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесі және т.б.
- Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.


4. Курстың академиялық саясаты:

  • Сабаққа кешікпеу және міндетті түрде қатысу;

  • Әрбір семинар сабағына дұрыстап дайындалу және сабақта белсенділік көрсету;

  • Өзіндік жұмыстарды мерзімінде орындау және тапсыру.

Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет