Сымбат Айдархан


Д. Қорытынды кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша кез келген сұрақты команданың кез келген мүшесінен сұрайды. 4.Метод Jigsaw-2 «Пила-2»



бет2/4
Дата08.05.2024
өлшемі146.74 Kb.
#500739
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақта қолданылатын әдіс

Д. Қорытынды кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша кез келген сұрақты команданың кез келген мүшесінен сұрайды.
4.Метод Jigsaw-2 «Пила-2»
Бұл әдіс 4-5 адамнан құрылған топпен оқушылардың жұмысын көздейді.
Өткізу кезеңдері
А. Кіші топтың әрбір мүшесі ортақ жұмыстың жеке бір бөлігін алу орнына бүкіл шағын топ  сол бір жұмыспен ғана жұмыс істейді. Бірақ бұл ретте топтың әрбір мүшесі тапсырма алады, ол айрықша мұқият әзірленеді және  оған сарапшы болады. 
Б. Әр түрлі топрдың сарапшыларының кездесулері өткізіледі.
С. Сабақтың соңында барлық оқушылар бағаланатын жеке бақылау кесіндісінен өткеді. Оқушылардың нәтижелері  жинақталады. Ең жоғары
балдарға қол жеткізген шағын топ марапатталады.
5. Пікірталас
Мақсат: сыныптағы проблеманы талқылауды ұйымдастыру.
Өткізу кезеңдері:
А. Пікірталастың проблемасы мұғаліммен тұжырымдалады.
Б. Оқушылар 6-8 адмнан шағын топтарға бөлінеді, олар шеңбер бойынша сыныпта орналастырылады.
В. Әр бір шағын топтың мүшелері өкілін немесе төрағасын сайлайды, ола пікірталас барысында олардың позициясын жақтайды.
Г. 15-20 минут барысында шағын топта проблемалар талқыланады және жалпы көзқарас өңделеді.
Д. Топтардың өкілдері шеңбердің ортасына жиналады және топтың ойын айтуға олардың позицияларын жақтауға мүмкіндік алады. Басқа оқушылар шағын топтың өкілдерінің жалпы позицияны қаншалықты айшықтай алатындығын талқылау мен тақырыптың барысын қадағалайды. Олар жеке ойларын айта алмайды тек қана талқылау барысында өз пікірлерін білдіретін жазбаларын ғана жолдай алады.
Е. Топтардың өкілдері басқа мүшелермен ақылдасу үшін үзіліс ала алады.
Ж. Панельді талқылау берілген уақыт аяқталғанда немесе шешім қабылданғаннан кейін аяқталады.
З. Пікірталас аяқталғаннан кейін топтардың өкілдері талқылаудың барысы туралы сыни талқылау жүргізеді, ал шешім барлық студенттермен қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет