Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын дамыту арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру



бет2/4
Дата06.09.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476701
түріСабақ
1   2   3   4
1 сабақ Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы

Палеолит б.з.б 3млн-12мыңж.

Мезолит б.з.б 12мыңж-5мыңж

Неолит 5мыңж-3мыңж

1- тапсырма. Адам тіршілігін дәуірлермен сипаттап, кестені толтырыңыздар
Дискриптор:
- Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін сипаттайды;
-Палеолит дәуіріндегі тірішілік ету жүйесін анықтайды;
- Мезолит дәуіріндегі тірішілікт ету жүйесін анықтайды;
- Неолит дәуіріндегі тірішілік ету жүйесін анықтайды

Палеолит б.з.б 3млн-12мыңж.

Мезолит б.з.б 12мыңж-5мыңж

Неолит 5мыңж-3мыңж

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды.

 Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды.
Садақ және жебелерді, сондай-ақ қондырма тәсілін ойлап табу өндіргіш күштер дамуындағы өзіндік бір төңкеріс. Ол ежелгі адам өмірін маңызды өзгерістерге әкелді.

Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет