Сыныбы: 5 «А» Тәрбие сағатының тақырыбы



бет3/3
Дата08.02.2024
өлшемі26.49 Kb.
#491319
түріСабақ
1   2   3
«Туған жерім менің алтын бесігім" тәрбие сағаты

Жүргізуші: Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқу озаты Динараны шақырғым келеді.
Динара: Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Маңғыстау өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады.Аймақтың көне тарихының терең болмағы, оның топырағында, жел жеп, уақыт мүжіген тау-тасында арғы замандар жәдігерліктерінің жұқаналары жататыны, өзегі ақиқаттан өрбіген небір асыл аңыз-әфсаналар жұқаналарының осы өңірді атажұрт деп таныған, сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасынан өшпейтіні содан: Бейнеу жері тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы Өткел іспеттес.
Сонымен қатар, Бейнеу жері мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жұртшылықтың атамекені. Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамыз.
1.Туған жерге туың тік.
2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
3.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. 
4.Ит тойған жеріне
Ер туған жеріне.
5.Пәлен жерде пайда бар,
өз жеріңдей қайда бар?
6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
7.Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер, 
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.
8.Туған жер — тұғырың, 
Туған ел — Қыдырың.
9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 
10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Жүргізуші: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз. Ортаға «көк тудың желбірегені » әнімен сыныбымыз оқушыларын шақырамыз.


4.Қорытынды.
Тәрбие сағатымызды төмендегі Ж.Аймауытовтың сөздерімен қорытындыласақ:
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?
Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?
Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, кеңседе қағаз кемірген, күйіп – пісіп, көбеп боп, еңбегінің жемісін көрсем – ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?
Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?
Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет