Сыныбы: сағат саны: Жылдық 108 сағат; апталық сағатТоқсандық жиынтық бағалау
Ескерту! Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанда екі рет өткізіледі. Әр бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекеттерінің (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) екі түрі тексеріледі. Сонымен бірге айтылым дағдысын бірінші бөлім бойынша жиынтық бағалау уақытында өткізу ұсынылады. Айтылым дағдысын бағалауды жиынтық бағалау өткізу жоспарланған апта ішінде сабақ үстінде өткізуге болады. Әр білім алушының жауабы шамамен 1-ден 5 минутқа дейінгі уақыт аралығын қамтуы мүмкін.Бөлім бойынша соңғы жиынтық бағалауды тоқсан соңына дейін 1аптадан кем емес кезеңде өткізу жоспарланады.Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын мұғалім берілген тапсырмалар мен оны орындауға кететін орташа уақытты,жұмысты орындауды есепке ала отырып анықтайды. Сонымен бірге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 минут уақыт аралығын қамтитындай етіп жоспарлау ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты, сабақтың белгілі бір кезеңін ғана алатындай, шағын көлемді бағалау жұмыстарын көрсету мақсатында енгізілген. Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыстың мазмұнына меңгерген бөлім бойынша білім мен дағдылар деңгейіне жеткенін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту ұсынылады. жүктеу/скачать 40.35 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |