Сабақ жоспары Мектеп: Әл-Фараби атындағы жоббм



Дата13.04.2023
өлшемі47.71 Kb.
#472184
түріСабақ
Айдағы жасырынбақ 2

Қысқа мерзімді сабақ жоспары






Мектеп: Әл-Фараби атындағы ЖОББМ

Пән: Қазақ әдебиеті




Күні : 20.04.2022

Мұғалім: Дуйсенгалиева З.А

Сынып: 8 Ә

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:



Бөлім:

«Қиял мен шындық»

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі
Тақырыбы мен идеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.Б/С1 шығарманың тақырыбы мен идеясы осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақ мақсаты:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

Құндылықтарды игерту:

Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Астрономия, физика

Бағалау критерийлері:

  • Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.

Тілдік мақсаттар:

Шұңқыр ернеуі, тіршілік иелері, қиыр ғарыш, аспан тастары

Осыған дейін меңгерілген білім

Ж.Сахиев өмірі мен шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Дереккөздер



Сабақтың басы

10 мин
10 минут




Сабақтың ортасы


10 мин

10 мин


Сабақтың соңы
5 мин

Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
Үй тапсырмасы. «Бір минут» әдісі арқылы тексеру.
Психологиялық ахуал орнату.
«Алма, шие, өрік, банан»
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

1-тапсырма « Оқу атысы» жаттығуы
Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы шығарманың не туралы болатынын, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты екенін болжап жазады.

2-тапсырма РАФТ стратегиясы
Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп фантастикалық әңгіме құрастырады.
Рөл – кез келген рөлге ену
Аудитория тыңдарман, оқырман, қауым
Форма – фантастикалық әңгіме
Тақырып – «Айдағы жасырынбақ»


3-тапсырма. Композициялық талдау.
Оқиғаның басталуы – Оқу жылының басталуы. Мұғалім сауалы, кейіпкер әңгімесі.
Оқиғаның дамуы – Айға орналасу. Айдағы құбылыстар, Тіршіліксіз өмір.
Оқиғаның шиеленісі – Айдағы жасырынбақ
Оқиғаның шарықтау шегі – Әке әңгімесі
Оқиғаның шешімі – Қоршаған ортаны қорғау


Үйге тапсырма. Еркін жазу. Оқушылар топқа бөлініп «Айға саяхат » деген тақырыпта ғылыми жаңалықтар дайындайды. Жаңалықтар негізінде өз көзқарасын айтады. Жұмысты шығарма мазмұнымен байланыстырады.
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта.. қуантқаны...

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

енді мен......аламын.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет