Сынып: 5«а» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны



бет2/3
Дата19.02.2023
өлшемі20.37 Kb.
#469770
түріСабақ
1   2   3
Документ Microsoft Word (6)

ҚБ: «Қол шапалақтау»
«Жол белгілері» бейнеролик көрсетемін
Тапсырма: көрсетілген бейнероликтен сын есімдерді теріп жазыңдар.
«Ашық микрофон» әдісі
(Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мәтінге байланысты немесе сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.)
І Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге ақпарат беру мақсатында жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
1) ескерту белгілері;
2) басымдылық белгілері;
3) тыйым салу белгілері;
4) міндеттеу белгілері;
5) ақпараттық-көрсеткіш белгілері;
6) қызмет көрсету белгілері;
7) қосымша тақтайшалар.
ІІ Қиылыста, жол шетінде, бұрышта
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па?
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың.
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген жан өкінішке қалады.
«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді.
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үшбұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.
Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде қалдың ба?
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.

Дескриптор:


1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.1б.
2.Негізгі және қосымша ақпаратты таба алады.2б
3.Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады.2б
Қ.Б «Басбармақ»
Деңгейлік тапсырма
1-деңгей. Бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіріп жазыңдар.1б
2-деңгей. Мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттен көрсетіңдер.2б
3-деңгей. Сын есімді қатыстырып, өздерің жақсы білетін жол белгісін сипаттап,шағын мәтін жазыңдар.3б
Сабақтың соңы
Бағалау Топтық бағалау
Бағалау парақшасы арқылы балл қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет