Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік , әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сөз тіркесі енді. Бұл қазір бұқаралық ақпарат құралдарынан түспейтін болды.
«Коррупцияның» латын сөзінен шыққанын белгілі. Ол лауазым иелерінің, қоғам және саяси қайраткерлердің параға сатылғыштығы деген мағынада санамызда көптен қалыптасқан
Жемқорлыққа мыналар жата ма?
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)
«Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.
Анықтама
10 «а» сыныбында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тәрбие сағаты өткізілгендігі туралы
29/02/ 2016 жылы 10 «а» сыныбында «Жемқорлыққа жол жоқ !» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасы мен Сыбайлас-жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті не екенін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |