Ата-аналармен қарым-қатынастың иновациялық формалары мен әдістері.
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінгі де болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шахар абат болады» дейді екен көне шығыстың даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың ойын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уакыт пен тер төгетін, зор еңбектің қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұктырса керек.
Ұлы Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, тартып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» десе, француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне симайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», деген екен.
Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін рухани ойлау дәрежесі биік, отан сүйгіш, еңбекқор, ізденімпаз, қабілетті адамды тәрбиелеу-мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімін табады.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рол атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл аткарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу -тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызмсетін анықталған.
Олар:
1-қызметі. Ата-аналарды оқу тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашкы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
балалар мен олардың ата аналарының шығармашылығының күні;
ашык сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;
шефтік көмек;
ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
2-қызметі. Ата-аналармен медагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:
тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған
мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
ата аналар университеттері;
қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;
Сыныптық ағарту жұмыстыры тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңтер беру түрінде өткізуге болады.
Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;
тренингтер;
Ата -аналарға армаам эдебиеі гергс шолу, кормесін ұйымдастыру және окырмандар конференциясын өткізу.
3-кызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.
Оның формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қағыс (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер):
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлектер кештері туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б.);
республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
оқырмандар конференциясы;
- отбасылық ойын байқаулары Заман алға жылжып, мемлекетіміз өркениетті ел қатарына қосылу кезеңінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен қатар, ата-аналар мен мұғалім арасындағы жұмыс та жаңа сипат алу керек. Бұл ретте басты рөл атқаратын сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің ата аналармен жұмысының мазмұмы негізгі 3 бөліктен тұрады.
4-кызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
5-қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдардың өзара әркет ету.
Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |