Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Баланың сыныптан тыс кітап оқуын ұйымдастырудағы ата-ана ролі



бет21/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сынып жетекші материалдар

Баланың сыныптан тыс кітап оқуын ұйымдастырудағы ата-ана ролі.
«Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, кітаптың білімдік, тәрбиелік мәнін, мақсатын сөзбен айтып жеткізу қиын. Кітаптың адам өмірінде атқаратын қызметі ұшаң теңіз. Балалық шақта кітап адамға катты әсер етеді.
« Талап қыл, артық білуге, артық ғылым кітапта Ерінбей оқып білуге» -деп Абай Құнанбаев артық білгің келсе кітаптан ізде, ерінбей кітап оқы деген кеңес береді.
Көркем тілмен түсінікті жазылған кітаптар, балаларды өздері көрмеген алыс жерлерге жетелеп алып барады.
Ондагы адамдар өмірімен таныстырады. Балалар кітап ішіндегі кейіпкерлермен бірге жүріп, асқан ерліктер жасайды, солармен бірге қуанады, солармен бірге қайғырады.
Кітап балалардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлау қабілетінің артуына, тілінің дамуына көмектеседі.
Міне, сондықтан отбасындағы бала тәрбиесінс қойылатын талаптың бірі-үйде баланың кітап оқуына көңіл бөлу. Әр отбасы баланың кітапка деген ынтасы ертеден баулып, кітапты сүюге тәрбиелеп отыруы қажет. Ол үшін баланың мектепке баруын күтпей, оның кітапка деген ынтасын мектепке дейінгі кезеңнен бастап-ақ тәрбиелеген жөн.
Кітап оқудың тәртібі.
Ата-аналар баласының білгісі келгенінің бәрін мектептен біледі деп есептеп, бәрін мектеп міндетіне артып қоюы дұрыс емес. Кітапты оқыған бала білімді, мәдениетті болады. Шығарма, мазмұндаманы қиналмай жаза біледі. Кітап оқуға дағдыланбаған баланың сабақ үлгерімі де нашар болады. Ата-ана баласының үйде кітап оқуын қадағалауға міндетті. Кітап оқу, оқушылардың өз кейіпкерлеріне еліктеу сезімін оятады. Оқылған қызықты кітаптардың әсерімен сабақты жаксы оқи бастайды.
Баланы қалай кітапқа қызықтыруға болады?
Ата-ана бір қызық әңгімені айтып келе жатып кенеттен тоқтап, ар жағын айтпай қояды. Бала әңгіменің соңы немен бітетіндігін білуге ынтығады. Сол кезде ата-анасы мына кітапты оқы, сонда білесің деп, кейін әңгіме аяғы немен аяқталғанын сұрап, баласымен әңгімелескені дұрыс.
Ал кітапты оқуға ынталанбаған балаларға «Балдырған» журналының тіркендісін беріп, жұмбақ жасыртып, оның шешуін өзі айтса, мақал-мәтелдер жаттауды тапсыруға болады. Оқыған кітаптары жайлы әңгімелесіп отыру да, баланың кітап оқуына үлкен әсер етеді. Баланың мектептен тыс уақытта кітап оқуын белгілі жүйеге келтіріп, бақылап отыру оның дүние тануына, мектептегі алған білімін кеңейтуіне, мәдениетті саналы болуына көмектеседі. Олай болса, кітап әрбір үйде міндетті түрде болып, бала тәрбиелеуге көмекші болуы керек.
Қазір мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көркем суреттері бар ұсақ әңгіме, ертегі, такпақ кітапшалар көп. Сол кітапшаларды сатып әперіп, ондағы көркем суреттермен таныстырып, қысқа тақырыптарды жаттату керек. Сурет бойынша сөйлетіп, дауыстап беру керек. Бала мектепке келіп, оқушы болған соң, оның өміріне көп өзгеріс ене бастайды.
Міне, бұл кезде мектептен тыс оқуын мұғалім баскарады. Ол белгілі бір жоспар бойынша жүргізіліп отырады. Бірақ мұғалімге, ата-аналарға қарағанда, оқушылар бос уақыттарында қанша, немесе қалай оқитындарын бақылау әлдеқайда қиынырақ. Егер сыныптан тыс оқу тек мектеп күшімен ғана жүргізілсе, бұл жұмыс сынар жақтылыққа ұшырауы сөзсіз.
Бастауыш сынып оқушылары қолына түскен кітаптарды ешбір талғаусыз оқи беруі мүмкін. Ол өзінің жас шамасына сай болмағандықтан түсінбейді. Егер ата-анасы балаға күші жетпейтіндей түсініксіз кітапты оқы деп ұсынса, ол бала біраз оқып, түсінбеген соң кітапты жауып тастайды. Енді оның басқа кітап оқуға көңілі соқпайды. Сондықтан, ата-аналар сыныптан тыс оқитын кітаптар тізімін мұғаліммен алуға болады. Балаға кітап оқуда ата-ана тарапынан жүргізілетін жұмыстардың түрлері төмендегідей болуға тиісті.
1. Ата-аналар баланың мектеп кітапханасынан кітап алып оқып, мерзімінде ауыстырып отыруын бақылау керек.
2. Балаға кітапты дауыстап, сөздерін атесіз оқыту, түсінгенін сұрап отыру жөн.
3. Ата-ана баласының кітап оқуына қажетті жағдай жасап, үйде оқитын кітаптарын жинақтайтын шкаф, немесе кітап сөресі болуын ескергені дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет