Конференция өткізу
Жанұя тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптар оқушыларының ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатысады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: "Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы", "Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың ролі". Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конферепцияларда ата-аналардың "Үйіне берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем", "Біздің отбасындағы ецбек тәрбиесі", "Отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек'" сияқты баяндамалары тындалады.
Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып, кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жүмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.
Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуте болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың текстісі, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б.
Ата-аналар лекторийлері. Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін лекциялар оқылады. Облыстық мұғалімдер білімің жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы. мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:
1. Қоғамдық және жанұялық тәрбие, олардың бірлігі.
2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялык өмірге дайындау.
Университеттер. Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиеиасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан лекциялар тыңдайды, семиналарға қатысады, рефераттар жазады. Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының" аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Уннверситетті бітіргендерге куәлік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |