Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары



бет9/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Сынып жетекші материалдар

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуакытта күмән туғыз-байды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рол атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрлісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл аткарады. Сынын жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практика - оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.
Олар
1- қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
- балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күші;
- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
- мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;
- шефтік көмек,
- ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
2 – қызметі. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- ата-аналар университеттері;
- қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекториплері: дарынды балалар, қиын балалар педагогикалық кәсіпті тандаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады:
Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.

  • Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;

  • Тренингтер;

  • Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.

3 - кызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет